Бірге ішуге болмайтын адам түрлері

Тым жақсы отырыстың сәнін бұзып, демалысыңның мазасын кетіретін көңіл-күй лаңкестері, отырыс вандаллары туралы сөз қозғамақпын бүгін. Әлбетте олар айналаңызда бар. Оларды жақсы таны, отырыстарға шақырма.

ДӘСТҮРШІЛЕР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Коламен ішуге болмайды ғой, жалпы ештеңе қоспа араққа!

Бұлар келе сала барлық нәрсеге тиісе бастайды. Тіскебасарлардың қате қолданысынан бастап, нені немен ішу керегін, нені ішпеу керегін айтып берекеңді кетіреді.

ҚОЯНДАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Қойэ, тұрайық, кеш болып қалды...

Бар ойлары тез-тез ішу, тез-тез кету. Өзі асығып тұрғасын не өзі дұрыстап ішпейді, өзгеге де ішкізбейді. Бұлармен ішіп, тез масайып қалғанша отырысқа шақырмаған жөн.

АШҚАРАҚТАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Ооооо, қарындас бір шанышқы беріп жіберіңізші және нан

Тіскебасар жаулары. Бір отырысқа жететін тіскебасарыңа ортақтасып, 2 минутта көзін құртады. Өзі арақ ішпейді.

ҚЫЗДАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері

БҰҚАЛАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Жәй қарадың ба, брат? Пездессің ба не?

Алко көтере алмайтын типтер. Шамалы ішіп алып, бұқаланатын бұлар тек сен отырған үстелдің ғана мазасын кетірсе жақсы ғой. Көрші үстелдегі бейбіт тұрғындарға да секіре бастайды. Жоқ жерден мұның кесірінен өзіңе де таяқтың бір ұшы тиіп кетуі мүмкін. Таяқ жейтін жағдайға жетіп жатса араласпа, өз таяғын өзі жесін. Келесіде келмейтін болады.

ЖЫБЫРЛАҚТАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Қайдасыңдар, е? Қазір барамыз...

Астарынан су шыққандай, жыбырлап бір орында отыра алмайтындар. Бес минут отыра алмай бір мекеннен бір мекенге миграция жасауға бейім жандар. Караокеге барайық, Пәленшелер түгенше жерде отыр екен деп зайыпты алатындарды «Сен бара бер, шамалыдан кейін арттарыңнан барамыз» деп құтыла салу керек.

ЖЕЛІШІЛЕР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Вайфай бар ма мына жерде?...

Келе сала қолдарынан смартфондарын тастамайтын малдар. Тамақтың ғана суретін емес, бірге отырғандардың бәрінің фотосын желіге салып жіберуі мүмкін мисыздар. Әңгімеге араласпай, бастарын телефондарынан көтермейтін бұлардың телефондарын бір жерлеріне тығып жібергісі келетін жалғыз мен емес шығармын?

Ескерту: Алкогольды көп қолдану — сіздің денсаулығыңызға зиян. Мақаланың мақсаты — алкогольды насихаттау емес.
Бөлісу:

52 пікір

Aya
— Коламен ішуге болмайды ғой, жалпы ештеңе қоспа араққа!
мынау Сигма ағай ғоййййййй)))
Келе сала қолдарынан смартфондарын тастамайтын малдар. Тамақтың ғана суретін емес, бірге отырғандардың бәрінің фотосын желіге салып жіберуі мүмкін мисыздар. Әңгімеге араласпай, бастарын телефондарынан көтермейтін бұлардың телефондарын бір жерлеріне тығып жібергісі келетін жалғыз мен емес шығармын?
айызым қанып қалды нақ
Marco
Жұрттан артық ішсе де ақшасын төлемей кететіндер қалып қойыпты
AKY
sammita
соңғы санат таныс емес пе қарындас
AKY
Ондай дерт көбінде бар на то пошло)))))))
sammita
көбінде не бәрінде же
AKY
ал ішпей-ақ қой онда менімен, о несс әлдеқандай боп
Aya
AKY
Міне шығыватыр өзі де телефонға үңілгіштер )))))))))))))))
Aya
жә жай үңілгенім болмаса, фото, видео салып көрген адам емес екем))
AKY
жә, не болд «жә» деп, тап-тастай қылып))
Aya
тастай боп тиді ма?)
AKY
Дұрыстап іше алмай, ауырып сосын не құса алмай әжетхана мен екі араны жол қылатындар қалыс қап кетіпті дейм
Aya
 аа, иә сондайлар да болады деп естігем
VKM
Жұрттан артық ішсе де ақшасын төлемей кететіндер қалып қойыпты


қызыл арақты әдемі бокалға құйғызып,ішпей кететіндер де қалып қалыпты)
Marco
Расымен, пезнес болып виски ішетіндер бар. Удай қымбат, кейін ақшасы төлегенде, аздап ұялып, осы мен көбірек төлейінші деуі керек қой.
Anar70
ұйықтап қалатындар ше?
sammita
сәйкесінше ішуге болатын адамдар аясы азайды
Nurgisa
Аясы барған сайын тарылып жатыр, шынымен.
qonyrbai
Мақаланың мақсаты — алкогольды насихаттау емес.
aza
Ашқарақтар мен желіішілер деген санатқа мен жатамын.
Daniar-Alan
Ашқарақтар мен желіішілер деген санатқа мен жатамын.
KONILDI
Рафаелломен және сол сиякты жандармен (артына тыгып жібергісі келіп туратын) ішпеуге кенес беремін
MamaAya
Қызық екен мына пост!
Мен  Ашқарақ екенмін) Оған да шүкір, әйтпесе
— Жәй қарадың ба, брат? Пездессің ба не?
деп кетер ем…
Dzhonsaken
"Өзім отвечаю, бәрін өзім көтерем"-деп, мәгәзінге кіріп-шығып:
— Білә, қарызға бермей қойды!- дейтін бұтақбастар туралы жазылмапты да шешесс…
MamaAya
 Сәкееен, тамақты ісіретін топтар деп атала ма олар?
Marco
Ой, лібә  мұндайларға кезігіп көрмеппін
sammita
ауылда үй жағалап, іргетасқа сүйеніп отырып ішетіндер туралы әңгіме бір бөлек қо
zholantai
дәстүршілдігім бар,
Gastarbaiter
Жыбырлақ, қыздар мен желішілерден басқа амплуаларда бірнеше рет болып көріппін. Бірақ, көңіл күйімнің тұрақсыздығына байланысты ешқайсысына бауыр баспадым.
NegoiMengoi
Ішетін ешкі де қалмайды ғой мына тізімге салсаң
asaubota
бір рет дәстүршіл орыспен әрәқ іштім. түріктің ресторанына бардық, екеумізде де ақша бар. ет алдық, түрлі салат, шөп-шалам алдық. сонда үйретіп ед қалай ішу керегін. дым мас болмай шықтым. орыстардың арақ кайфын со кезде түсіндім
Gastarbaiter
«Гендік деңгейдегі имунитет» туралы сыпсың сөз қып-қызыл «Тайд», кешірерсіз, көкпеңбек «Миф» боп шыққаны ма, уа Одмин?
asaubota
түсініктірек жазсаң?
Gastarbaiter
орыспен әрәқ іштім.
үйретіп ед қалай ішу керегін.
орыстардың арақ кайфын со кезде түсіндім
Туа бітті емес, үйренуге болатын дағды боп тұр ғой бұл сонда?
asaubota
гендік нәрсе бар әлбет. қазақтар орыстар сияқты әрәқ іше алмайды, орытсар қазақтар сияқты ет жей алмайды немесе парсылар сияқты шеге алмайды. бірақ әдебін білсең үйренуге болады
Gastarbaiter
Ақтөбедегі Мединститутта жасырын "құламай әрәқ ішу" факультеті бар деп естідім.
bizbike
жалпы азиаттарға арақ жақпайды ғой
e_zhalgas
Поқ қой. Өзіммен өзім де іше беремін. Қыздармен де, желішілермен де. Ұнамайтыны, сол — жыбырлақтар.
VKM
Алқаш
e_zhalgas
Самолетсіз бе? Ой, кешірерсіз, сәлеметсіз бе? )))))))
VKM
привет, самолетпін)
bazuka
Медиктермен ішу керек, бұлардың ичхайсына жатпайД
asaubota
бүгіннен бастап бір бұқадан құтылдым
omarbirat
Таяқ жейтін жағдайға жетіп жатса араласпа, өз таяғын өзі жесін. Келесіде келмейтін болады.
Келмесе жақсы ғой. Мұндайлар әдетте таяқ басына тиіп жатса да әдетін қайталай бергіш болады.
omarbirat
Тіскебасарды жеп тауысуға бейімдігім болмаса, жалпы ішемін