Вегастық жігіттер, дем алыңдар, «Х жобасы» іске қосылды



Ескерту! Бассейні бар, ауқымды ауласы бар екі қабатты үйде есті алар музыкамен, көңілді достармен, әдемі қыздармен, нағыз жігіттермен бас қосып елдің аузында жүретін кеш өткізбегендер, не өткізуді армандамағандар бұл фильмді ұнатпауы мүмкін.
Әрі қарай

Патриоттық мелодрама - қазззақтардың жаңа жанры

Романтикалық кеш. Қос ғашық мейрамхананың интимді күңгірт бөлмесінде бір-бірін көздерімен аймалап отыр. Үстел үстінде қымбат шампан, сәнделген салаттар мен сілекей ағызар тәттілер. Әйнек қабырғаның сыртында әсем қала — Ацсотононың силуеті көрінеді. Есілдің жағалауында жас отбасылар, кәрі-құртаң жайылып жүр. Бәрі сондай бақытты, мәз-мәйрам. Осы бір тамаша көрініс жалғаса берер еді, ал сен — көрермен осы бір тамаша өмірдің бір бөлшегі екеніңді сезініп, кеудеңді мақтаныш сезімі де керней бастайды.
Әрі қарай

Тау баласы - janarbek

Біз білмейтін қазақтар қауымдастығында бұл жолы КерекИнфо мүшелерінің бірі, Моңғолиядағы қандасымыз Жанарбекті таныстырмақшымын. Оның альпинист екенін былтырғы Блог Құрылтайға қатысқандардың көпшілігі біледі. Егемен Қазақстан журналисі Дастан Кенжалин Жанарбекпен әдемі сұхбат жасаған екен. Соны бөліскім келеді.

– Әуелі өзіңіздің шыққан таулары­ңыз­­ды санамалап берсеңіз.

– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын.

– 60 рет? Көп екен. Басқа қандай тауларға шықтыңыз?

– Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жы­лы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метр­лік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік мәрмәр дуал шыңына, Алтай тауларының 4506 метр биік­тегі шыңы – Белухаға шықтым.
Әрі қарай

Сәтімжан Санбаев "Аруана"

Сәтімжан Санбаев есімді жазушыны бүгін тұңғыш рет естідім. «Аруана» повесі әлем классиктерінің антологиялық жинақтарында Киплинг, Толстой, Джек Лондон, Хемингуэй және т.б жаузшылармен бірге орын алғанын естіп, таң қала жүріп, бірден әлгі повесті тауып алып оқыдым.

Сәтімжан Санбаев 1939 жылы 16 қыркүйекте Атырау облысы, Мақат селосында туған екен. Шығармаларын орыс, қазақ тілдерінде жазған. 17 беттен тұратын «Аруана» повесін Қалихан Ысқақ орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалаған.
Әрі қарай

Казирги кезде жанына жакын "оз" жартынды табу онай ма алде..?


Казирги танда каншалыкты оз адамынды табу онай немесе киын…
Неге казирги танда коптеген кыз-жигиттеримиз оз жартыларымызды таба алмай жатырмыз, жигиттер жагы кыздарды киналаса, казир жонди тузу кыз калмады деп, ал кыздар жагы керисинше жигит кауымына конилдери толмайды…
Сонда себеби неде? Адамдардын «самооценка» дейди го, солары тым жогары ма жане соган байланысты оздерине сай издейди ме, ал идеал болмайтынын умытып кеткен сиякты…
алде бари тек «идеалды» издеп, акыр аягында сол буйырганымен калады ма?
немесе адам саны коп пе, соган байланысты ма?!
алде оз бостандыктарын жогалып алудан коркады ма?
ал кейбиреуи когамдагы оз орнынды табу киын соган байланысты дейди
жаһандану заманында галамтор, алеуметтик желилер, ар турли мессенджерлер аркасында керисинше тагы бир танысудын тури пайда болды емес пе, алде ол керисинше зиянын тигизе ме…
сойтип аягында озимиздин женге апа, тателеримизден артык ешнарсе жок па алде?!
калай сонда…

ps коп нуктелири ари синтаксистик кателери болып жатса, кеширем отинем, казакша коптен бери жазбап едим..((
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Типографияның ақыры"

(Жалғасы. Басы — «Мектеп директорының өлімі»)

"… Ал енді проза да жаза алмайтындар — ана… тағы қандай жанрлар бар еді? Аха, папье-машьеден мүсін жасауға кетсін, ссуки!!!" © AKY

— Түсінсеңізші енді Сергей ағай, ең болмаса мейрамдық санын түрлі-түсті етіп шығарайықшы!

— А немене, «Офсет-Әсет» түсті қылып баса аламыз дей ме?

— Әрине жоқ. Ренжімеңіз иә, бірақ турасын айтайын: сол «Офсет-Әсет» деген типография — дүниедегі ең-ең-ең артта қалғандардың, надандардың ордасы!

Мына сөз Сергей Қарамырзаның шамына тиді. Өзінің үлесі бар фирманы тұқыртқаны шымбайына қатты батты. Атып тұрып, «Сен кімсің өзі, сүмелек?» деп, жұмыстан айдап шыққысы да келді.Сол мақсатпен тіпті орнынан түрегелгендей де болды. Бірақ Сергей Қарамырзаның жастау шақтағы қызбалау ұрдажық мінезі уақыт өте келе пайдакүнемдікпен өлтірілген болатын. Біріншіден,
Әрі қарай

Дей берсін

СЫНШЫҒА СЫН
Бiр әдебиет сыншысының вилласының есiгiнде “қабаған ит” деген жазуы бар тақтайша iлулi тұрыпты. Оған бiреу қарындашпен: “Иә, солай. Бiрақ принциптен жұрдай”, – деп жазып кетiптi.
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Мектеп директорының өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Профессордың өлімі»)

«Шегетін де дым жоқ қой мұнда!»© Akzere

Шырылдаған телефон дауысы алыстан талықсып жеткен. Тұрмас та еді, әйелі «Альв, Альв, сені телефонға шақырып жатыр» деген соң барып, майкасын көтеріп, бір бүйірін тыр-тыр қасыған күйі асүйдегі қызыл телефонға беттеді.

"Әбеке, мектепке келіңіз тездетіп. ОблОНО-дан адамдар келеді. Қазір. Әлі шықпапты, жаңа Уна Жібековна хабарласты". Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші самбырлап қоя берді.

"І-і-і… Қазір… ана… не...", — ұйқысын аша алмаған күйі бұл қолымен бақша жақты көрсетіп сөйлеп кетті, — «Айнәзиға айт, қағаздарды бір қарасын. Сосын жақын тұратын оқушыларды үйлеріне жібер, костюм, блузкаларын киіп келсін. Алдыңғы қатарларға отырғызар. Таак… Техничкалар само собой… Е-е-е… Пока осы. Сосын жақсылап тамақ дайындап қойыңдар».
Әрі қарай