Сәтімжан Санбаев "Аруана"

Сәтімжан Санбаев есімді жазушыны бүгін тұңғыш рет естідім. «Аруана» повесі әлем классиктерінің антологиялық жинақтарында Киплинг, Толстой, Джек Лондон, Хемингуэй және т.б жаузшылармен бірге орын алғанын естіп, таң қала жүріп, бірден әлгі повесті тауып алып оқыдым.

Сәтімжан Санбаев 1939 жылы 16 қыркүйекте Атырау облысы, Мақат селосында туған екен. Шығармаларын орыс, қазақ тілдерінде жазған. 17 беттен тұратын «Аруана» повесін Қалихан Ысқақ орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалаған.

«Ол жетінші күні ұшты күйлі жоқ боп шықты. Апта бойы мал қарасынан жазбай, өріске өзі барып өзі келгенді; исі бөтен болса да жат өңірге отыққан шығар деп еді, енді міне екіндінің намаздыгер шағында шал байқұстың мысын құртып-ақ кеткені. Апақ-сапақта малшы біткенннен сұрай-сұрай бар ауылды адақтап шықты, түу сонау Мақаттың қиян шетіндегі Бәйгетөбеге де барып қайтты...» деп басталады.

Шыбынсыз сарша тамыз. Шал байғұс әбден әуре-сарсаңға түсіп ақ ботаны сабылып іздейді. Ақыры туған жері Маңғыстауға тартып бара жатқан бетінен Құлсары маңындағы бір ауылдан табады.

Уақыт өте келе жүні мамықтай үлпілдеген ақ бота тәкаппар аруанаға айналады.

Қызғаншақ Шолақ атты көршісі «сүті көп болады, аққа жарисың» деп көзінің сұғын қадап жүруден бір тынбайды.

Уақыты келгенде қайитын мезгіл де жетеді. Алайда ауылда үлек жоқ болғасын қара бураға телиді. Тәкаппар аруана тек қорланғаны ғана болмаса, бұдан кейін де мезігілі жетсе де боталамайды. Текке асырағаннан еш пайда да жоқ емес пе?! Ақыры Шолақ көршісі мен Мырзағалидың кемпірі Әсима бірлесіп көз тамырын қияды. Осы кезде автор керемет, шебер суреттейді:
« Аруана бір ақ уыс болып шөгіп қалғандай көрінді; шудасы ұйпалақ тұйпалақ, арқасын аяз қарығандай, қолды аяққа тұрмай қалш-қалш етеді. Қинала ыңыранып, қан жапқан басын шайқап шайқап қояды, қос жанарынан қанды жас мөлтеңдеп үзіліп түсті. Бел суытқан бура жыны бұрқырап қора түкпірінде сұлқ тұр екен».
Осы суреттеме жолдары оқи отырып, көз алдыма әбден арып, ашқан кәдімгі қара қазақ елестеді. Жазушы өзі өмір сүрген дәуірдегі қазақ елінің сол кездегі мұраты мен мақсаты, арманы, сағынышы осы аруананың кейіпінде сомдаған сияқты. Көзінен мөлтеңдей аққан қанды жас та сол дәуірдегі ата мен апаларымыздың көз жасындай көрінді маған.
Ақыры аруана боталайды. Бота соңынан маңып бара жатқан соқыр аруананы Мырзағали көзінен таса қылмай қарап жүрсе де, аруананың мінезі тағы да құбылып, жасқаншақ ботасын ертіп алып, аңызақ ескен меңіреу далаға ақ кебіндей болып жүзіп кете барды. Сағым астында шөгіп жататын, ақ шағыл таулардың қойнауынан бастау алатын туған жерге тағы да тартып отырады.

...Қуғыншыны сезген аруана қайта-қайта тоқтатпақ болып, жолын кеc-кестей берген ботасын қағып тастап, жүрісін үдете түседі.
«… Ат тұяғының дүбірі жақындағанын сезіп, аруана бір сәтке дағдарып тұрды да, ақыры ботасын желкесінен тістеп лақтырып жіберді. Жолдан жазып, жарға тіке тартты. Ағынмен келген аруана аяғымен ауаны қармап, тапыраңдап барып ор ішіне жоқ болды.»
Осылай көзі соқыр болған Аруна өліп, ботасы жетім қалады.

«Сүріне қабынып сары бота да митыңдап келеді. Дамылсыз боздап, жан жағына жалтақтай береді, анасынан көз жазып қалғанын сірә сезбейтін секілді. Қамшы үйіртпей, қайыру жасатпай елпең қағады, өйткені қыр астында оның да туған ауылы, өскен Отаны бар, ту сонау Маңғыстауды иісінен іздеп, қайыру бермей кеткен анасы сияқты бұның да қайта салсаң қайтып келе беретін туған жерінің топырағы жатыр алдында».

Міне, осылай аяқталады. Қысқаша мазмұны. Оқысаңыздар өкінбейтініңізге кепілдік беремін деп асылық қылмайын. Дегенмен нағыз шедевр екені өтірік емес. Не дегенмен де батыстың топырағы деген батыстың топырағы ғой
Бөлісу:

38 пікір

Aya
Жазбам шикілеу болып жатса, айыпқа бұйырмаңыздар Қатты шаршап отырмын.
satibaldi
Жазбам шикілеу болып жатса, айыпқа бұйырмаңыздар
Жақсы страховкі екен. Түтуге бір топ кемпір жүнсабауымызбен келе жатырмыз.
kokbori
Жазбам шикілеу болып жатса, айыпқа бұйырмаңыздар Қатты шаршап отырмын.
Ақырзаман желтоқсанның жиырма бірі, оған дейін уақыт бар секілді
kokbori
Дегенмен нағыз шедевр екені өтірік емес. Не дегенмен де батыстың топырағы деген батыстың топырағы ғой
Жаса, Атырау, Жаса, Батыс деп бинзинге барып келейін
satibaldi
Маңғыстауды айтыватқан көрінед, эу шалдуар көтритот тамырым!
kokbori
Киімімді ауыстырып келдім
araika
бинзинге барып келейін
Бензин бағасы шарықтап жатқанда, сендер шашып әлексіңдер
kokbori
Мұнайлы батысты айтып жатқанда қайдағы сараңдық
satibaldi
Хеменгуей
Сірә, 40 жаста паспорт ауыстырғанда кеткен келеңсіздік болса керек…
kokbori
Ая, саған кеңесім, Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» деген кітабын оқуға тырыс деп айтқым келеді. Қазақтың біз түсінбейтін небір ғұрыптарын, біз білмейтін бейәдептерін жақсы келтіре білген
Aya
джақсы, оқып көрейін
satibaldi
Не дегенмен де батыстың топырағы деген батыстың топырағы ғой
Брюссельдегілер шелек боп қалд деген хабар келді…
Aya
Мен Маңғыстауды айтыватырмын
satibaldi
Жайық пен Ақтөбе — шелектерді қайтарыңдар!!!
Aya
и жоғи, Атырау, Еділ Жайық, Орал, Ақтөбе бәрлығын сүйемін
satibaldi
Қарабайыр дипломатия
kokbori
Мақат деген Маңғыстау да бар екен ау
satibaldi
Нэшнл Жағырапик жалпы сананы улап бітті ғой.
satibaldi
Осының желінімен, тфьуйнақ — желісімен түсірілген кино бар емес пе еді, асанәлісстің???
kokbori
Мұны көрсету үшін режиссерлар анау Шоқай сияқты егілген інген мен, толқыған бураны кіргізіп, екеуі бір бірінің бетіне қарай алмай романтика жасатып қоятын шығар, кино фестиваліңссстің
Aya
А.Әшімовтың фильміне«Тұзды көл жағасындағы үй» атты романы негіз болған. Фильм романмен аттас
kokbori
Мұндай ғұламаны неге шкафқа тығып жүр екен, жазушылародағыңдссс
Aya
Менің ойымша, бұл жазушыны мектеп программасына енгізу керек сияқты. Кейбір классиктердіалып тастап. Не әдебиетте, не хрестоматияда жоқ. Не универ жүйесінде оқытылатын әдебиеттер тізімінде жоқ.
kokbori
Ол үшін ең бірінші осы кісі туралы ғылыми еңбек керек қой
satibaldi
Ол үшін ең бірінші осы кісі туралы ғылыми еңбек керек қой
Қайраған түрін!
kokbori
Несі бар, дипломды осыдан қорғаса баспалдағы болмай ма? Оның қасында абай кздағылар біз ғылыми айналымға ендік деп мәз болды ғой, онысы диплом қорғаған бір студенттің еңбегі болса керек
satibaldi
абай кздағылар біз ғылыми айналымға ендік деп мәз болды ғой
Немене???
satibaldi
Менің ойымша, бұл жазушыны мектеп программасына енгізу керек сияқты.
Менің ойымша, саған диплом алу керек сияқты.
Aya
қалай ол? мен түсініватқан жоқпын
satibaldi
15 тамызда, мемлекеттік Комиссия Шешімімен * деген біліктілік берілді — деген жазуы бар қағаз.


* — аспазшы, темірбетоншы, электр-газ дәнекершісі, тігінші, сауыншы, қауыншы, бактериолог, фтизиатр, гинеколог, аккомпиониатор, арфа баптаушы, гитара сүргілеуші, бұрғылаушы, наубайшы, 3 класты юстиция кеңесшісі, қабірші, мәйітхана меңгерушісі, т.с.с.
Yerkezhanym
Ия, мен де естігенмін. Ая, қысқаша мазмұнын жақсы жазыпсың маған ұнады.