Айдар

Оның бозбала шағы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының орта кезіндегі қиыншылық кездерде өтті. Жұрт зейнетақысы мен еңбекақысына бірнеше айдан кейін әзер қол жеткізетін кез. Қай жерде де жұмыссыздық белең алған. Айдар мен Күлән үйленіп, болашақта өз отбасылары болғанын қалайды. Содан Айдар оқуын, Күлән екінші курсын бітіргесін жазда екеуі үйленуге бел буды. Уәделі мерзім жеткенде, екі жақтың ата-аналары бір-бірлерімен ақылдаса келе, той, құдалық, қоржын салу сияқты рәсімдердің бірін де жасамай, қолда бар қаражаттарын балаларына жұмсауға келісті. Айдардың ата-анасы малдарын сатты, тракторын сатты және біраз жыл жиған қаражатын жұмсап қаладан бір бөлмелі пәтер сатып алып берді. Қыз жағы үйдің ішіне қажетті дүниелерді қамтамасыз етті…
Күлән оқуын жалғастырды. Айдар таныстарымен ілесіп Алматының Барахолкасынан тауар тасып, алыпсатарлықпен айналысты. Мал сатып алып, оны қалаға әкеп етке өткізді. Ауылдан көшкендердің үйін сатып алып, қалаға құрылыс материалы ретінде жеткізумен айналысты. Қаланың ортасынан зәулім үй салып, арманындағы шетелдік көлікке қол жеткізген ол, ебін тауып “пәресін беріп” жүріп бір “департаментке” жауапты хатшы болып қызметке тұрып алды. Оның міндеті мемлекеттік нысандарды салумен айналысатын құрылыс компаниялары арасында тендер өткізуге атсалысу. Істің тетігін таба білген Айдар пайдаға белшесінен батты да қалды. Бұрынғыдай күннің ыстығына күйіп, суығына тоңып жан қинап ақша таппайды. Жылы жерде отырып “жылы жұмсаққа” еті үйренді. Тіпті шалғай ауылдағы мектеп ғимараттарын жергілікті жерден емес, сонау Алматының фирмалары салатын болды. Оны жұмысына туған күнімен құттықтай келген досы, қызметің жаңа, көлігің жаңа, енді әйелді “жаңаламайсың ба” деген қалжыңын ол шындыққа айналдырды. Ұл табу қолыңнан келмейді деп (бірақ онысы ажырасу үшін сылтау еді) әйелін екі қызымен тастап, “төсек жаңғыртты”. Сол алған әйелі ұл тапқанда, ресторанда дүркіретіп шілдехана жасады. Тойға жиналғандарға асаба қызықты ойын өткізіп, жеңімпаздарға қомақты қаражатты той иесі атынан ұтқызып жатты. Алайда қағаз жүзінде жалған компания құрып, жалған тендерді өткізушілермен сыбайлас болғаны Айдардың түбіне жетті. Мемлекеттің қомақты қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған ол, барлық дүние-мүлкі тәркіленіп 11 жылға сотталып кете барды.
ПыСы: Түрме қызметкері Айдарға туыстары келіп тұрғанын жеткізді. Ол арнайы кездесу орнына келгенде, екі қызын жетектеген Күләнді көрді.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
асығыстау жазылған сияқты және соңы да әлсіздеу.
Armanjan
иә Админ дұрыс айтасың, «асығыстау» боп кетті  бұл біздің құдамыздың інісі боп келеді, қыздары әкелерін сағынып іздеп болмағасын келіншегі көрсін деп түрмеге ертіп барғанын естідік.
aza
Түзге шыққысы келіп отырып аяқтай салғандай, расында. Тым тез, оқиғалар зуылдап өте шығады. Болмаса, мынадай етіп шұбалтып жазғанша, бас аяғын екі ауыз сөзбен қайыра салуға болар еді: «көп асқанға бір тосқан»
Armanjan
сол «көп асқанға бір тосқанды» кішкене ашып көрсеткен түрім ғой
ken
үйтті, бүйтті, сүйтті
satibaldi
Аффтарды қапқа салып, таудан домалатып жбіеру керек.
cracker
сонда мұнымен автор не айтқысы келді екен… бұл өмірдегі болатын «типичный» жағдай ғой

зы одан да қазірги заманға «актуальный» тақырыпты ашу керек деп ойлаймын, firstinall-дың сияқты
satibaldi
ҚазНет — басқа никпен тіркеліп, өз шығармасына өзі респект айтумен 2007 жылы ауырып кетті ме деп жүр едім. Сәлем және қош бол, firstinall!
zhanibek_nurish
десе де
Күләнді көрді
деген аяқталу ғана сәтті шығыпты,
zhanibek_nurish
шіріп кеткен ойлар мен іріп кеткен сөздерден құралған сөйлемдер жиынтығы. Соңғы сөз ғана құтқарып тұр. О'Генриді жастана оқып шыққансың-ау шамасы,