PhpMyAdmin қазақ тілді аудармасына үлес қосайық...


Құрметті Қазнеттің дамуына үлес қосқысы келетін әріптестер(коллеги)!
Анықтама бере кетейін:
Phpmyadmin — PHP тілінде жазылған, MySQL мәліметтер қорын басқару үшін арналған, веб интерфейс.
MySQL — орысша (Система управления базами данных)СУБД дейді, Мәліметтер қорын басқаруға арналған жүйе.
Егер осы анықтамадан кейін түсінбеген болсаңыздар онда,
бұл Phpmyadmin, MySQL деген терминдер жай ғана интернет қолданушысына түсініксіз болуы мүмкін,
Әрі қарай

3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы



— Менде армия бар!
— Ал бізде Халк бар.
Локи мен Тони Старктың диалогынан


Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе кіріп сана-сезіміңді сол бір ертегі-әлемге барынша жақындататыны бар-ды. Жеке өзім Marvel Comics қаһармандарын бертінде бір-ақ көрдім, алайда адамзатты құтқарудан басқа істейтін істері жоқ супер-кейіпкерлер басының бір жерге қосылғаны алыста қалған бал-уақыттың ғажайып сәттерін қайта оралтқандай болды.
Әрі қарай

КерекИнфо мотиваторлар байқауы

КерекИнфоны қысқаша қалай суреттер едіңіз? Бір-екі сөзбен қалай сипаттар едіңіз? Осы ойыңызды мотиватор арқылы жеткізіп көріңіз. Сіз үшін КерекИнфо не?

Байқауға тек мотиваторлар қатысады. Сондықтан мотиватор талаптарына сай болуы тиіс:

— тақырыпқа сай сурет, көк фон ішіне орналастырылады;
— ортасына Times New Roman шрифтімен қою қылып KEREKINFO.KZ сөзі жазылуы тиіс;
— астына сіздің КерекИнфо туралы сөзіңіз;
— суреттің ені 500 пиксельден аспауы тиіс;

Мысал үшін мынандай мотиваторлар:


Әрі қарай

«Блатной» нөмір аласың ба?

Біраз күннен бері Жол полициясы автокөлік нөмірлерін сату туралы бастама көтеріп жатыр. Сатылатын нөмірлер екі санатты болмақ. Біріншісі ерекше, екіншісі сұранысқа ие нөмірлер. Олардың бағалары 1,5 мың доллардан 2,5 мың доллар аралығында екен. Жолполдағылар ерекше санатқа 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлерін жатқызды. Көбірек сұранысқа ие нөмірлер: 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, сондай-ақ 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 екен.

Арамызда нөмірқұмарлар бар ма? Жынды нөмір сатып алушы ма едің? Әлде, нөмір болса болды ма?
Әрі қарай

Екі

(18 жастан асқандардың ғана оқуына болады)

Екі көз күлім етіп бір сызыққа,
Сиқыр сезім жол берді бір қызыққа.
Екі мұрын жәй ғана соқтығысып,
Екі ерін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Екі бейне еріксіз есі кетіп,
Екі тілсім бір-бірін іздегендей…
Әрі қарай

Джеральд Стокпоул: Комикс түрлі өнерді тоғыстырады

Джеральдпен танысуымның өзі қызық болды. «Ағылшын тілін үйренушілерге арналған «EnglishClub» сайтының қолданушысы едім, жақынырақ таныссақ» деп электронды поштама хат жіберіпті. Екеуміздің таныстығымыз осыдан басталды. Ол маған Мексиканың Монтеррей қаласында дүниеге келгенін, әйелі, ұлы бар екенін айтқан еді. Уақыт айырмашылығына байланысты көп уақыт хабарласа алмадық.  Ұлы бір жасқа толған күні құттықтаудың сәті түсті. Әңгіме барысында комикс салумен және мультипликациямен айналысатынын айтып қалды. Екеуміздің арамыздағы аз-кем сұхбат осылай өрбіп еді...


– Карикатура салуды қанша жасыңнан бастадың?
– Алғаш рет 5 жасымда қолыма қалам ұстап сурет сала бастаған екенмін. Бала күнімде көбіне теледидардан көрген мультфильм кейіпкерлерін салатынмын. Флинстоун, Смурфтар, Тандер мысықтары, Симпсондар, адам сенгісіз Халк және Өрмекші адам секілді мультфильмдер менің бала күнімдегі ең сүйіктілерімнің бірі еді.
Әрі қарай

Құмырсқалар. Узурпатор ханшайым


Кей құмырсқалардың арасында уақытша әлеуметтік зиянкестік құбылысы кеңінен тараған. Бұндай құмырсқалардың ұрғашылары майдалау болады, және өздігінен жаңа отбасын құруға қауқары жетпейді. Жаңа отбасын құру үшін олар құмырсқалардың басқа түрін қолданады. Мәселен,
Әрі қарай