«Блатной» нөмір аласың ба?
Біраз күннен бері Жол полициясы автокөлік нөмірлерін сату туралы бастама көтеріп жатыр. Сатылатын нөмірлер екі санатты болмақ. Біріншісі ерекше, екіншісі сұранысқа ие нөмірлер. Олардың бағалары 1,5 мың доллардан 2,5 мың доллар аралығында екен. Жолполдағылар ерекше санатқа 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлерін жатқызды. Көбірек сұранысқа ие нөмірлер: 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, сондай-ақ 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 екен.
Арамызда нөмірқұмарлар бар ма? Жынды нөмір сатып алушы ма едің? Әлде, нөмір болса болды ма?
Арамызда нөмірқұмарлар бар ма? Жынды нөмір сатып алушы ма едің? Әлде, нөмір болса болды ма?
Айтпақшы, енді әріптік кодтарды алып тастап, аймақтарды Ресейдегідей нөмірлейтін болды деп жатыр ғой. Нөмірлік белгіде көк ту бейнеленетін болыпты, сосын.
екі номері болса біреуін таңдайды машина иесі дид
автотану белгілері өзгеред деген сыбыс бары рас
Нөмірқұмарлығым да бар шығар, себебі маркасынан бұрын сонысына қараймын. Және көп сұранысқа ие, оның ішінде таңбалануы бірдей нөмірден бас тартпас ем…