PhpMyAdmin қазақ тілді аудармасына үлес қосайық...
Құрметті Қазнеттің дамуына үлес қосқысы келетін әріптестер(коллеги)!
Анықтама бере кетейін:
Phpmyadmin — PHP тілінде жазылған, MySQL мәліметтер қорын басқару үшін арналған, веб интерфейс.
MySQL — орысша (Система управления базами данных)СУБД дейді, Мәліметтер қорын басқаруға арналған жүйе.
Егер осы анықтамадан кейін түсінбеген болсаңыздар онда,
бұл Phpmyadmin, MySQL деген терминдер жай ғана интернет қолданушысына түсініксіз болуы мүмкін, себебі бұл терминдермен сайт жасаумен хабары бар вебшеберлерге(вебмастер) жақсы таныс. Яғни, сайт жасайтын адамдар қолданады.
Әрине мұны істегеннен, сайттарымыз қазақшаланбайды.
Бұл ісіміз, сол қазақша жасайтын қазақтарымызға көмек болады…
Сонымен, не істеу керек? Қалай бастаймын?
Ол үшін мына сілтемеге өтіп, Қазақ тілімізді таңдап, Translate -ті басқаннан, аударуға ыңғайланған интерфейсте аудара береміз.
Кеңес:
Google Chrome браузерімен қолдануға кеңес беремін себебі, өзі сол бетті орысшаға аударуға көмек береді. Ыңғайлы. Ал орысшаға аударылған сөйлемді ары қарай қазақшаға аударамыз.
Күніне 5-10 қатардан аударсаңыздар болғаны.
Орысша қазақша онлайн аудармашылары, қәзіргі интернеттегі ең тәуірі олар,
сөйлем аударуға арналғандар:
audaru.soylem.kz
www.sanasoft.kz/a/node/60
Ал, сөз аударуға ыңғайлы ол: sozdik.kz
Егер сұрақтарыңыз туындап жатса онда, berikbolbeko@mail.ru (чатта күтемін)
Профтар үшін, арнайы прогалар да бар. Poedit — жүктеу сілтемесі мұнда.
Белсенді атсалысатындар үшін, тіркеліп алуға кеңес беремін. Оның артықшылығы, сіздің қаншалықты үлес қосқаныңыз есептелінетін болады.
Көмектеріңіз үшін, алдын-ала үлкен алғысымызды білдіреміз!
Егер түсінбеген немесе терминдер жайында сұрақтар туындап жатса, онда астына бірге бәріміз талқылайық, қалай қарайсыздар? Ал сәттілік!
Сонымен көмек керек, оған не дейсіздер?
Сайтанжыртқыр* — черт подери
Сонда болады, Дерекқорды басқаруға арналған жүйе.
Бұл сіздерге қалай көрінеді? Ұнамды? Ұнамсыз?