Әпенділер

Естелігіме кейіпкер болып тұрған екі әпенді де қазір о дүниелік болып кеткен. Жеке-жеке,әр қайсы өз жолымен.
Сканворд шешу
Темірхан аға.
Мен Балқашта 10-11 оқып жүрген жылдары қазақша сканворд газеттерінің дүрілдеп тұрған дәуірі еді күн құдайы раңдысс… Демалыстарда ауылға келгенде қыстаққа соқпай кетпеуші едім. «Солдат» тәрізді газетермен бірге бір құшақ сканвордтарды да ала барушы едім. Темірхан ағамыз сканворд шешкенде қаты ойлана қоймаушы еді. Мысалы «ат әбзелі?» деген 5 торкөзден тұратын жауапқа ойына келген «Ноқта» деген жауапты жаза салатын. Астыңғы үстіңгі сұрақтарға шолу жасамаушы еді жарықтық… Сайып келгенде әлгі әбзел жүген болып шығатын. Бұл кісінің шешкен сканвордтарын дәретханада бұттан кетіп отырып оқығанымды несіне жасырайын…

Құсайын
Өмірден ерте кеткен бұл жігіт өзімізден 8 жастай ғана үлкен еді. Сканворд шешкенді ұнататын жандардың бірі еді. Темірхан ағамызбен таласып жүріп, біраз газетті өзіне алып алатын. Бұл кісінің сканворд шешкені тіпті қызық. Ұзақ ойланып барып жауабын жазатын. Бір сағата екі-үш жауап жазып қояды. Сканвордтың астыңғы-үстіңгі жақтарында зертеп алады. Зерттеуінің нәтиже беретіндігі сонша жауапьары қате шығып жатса да басқа сұрақтардың жауаптарының әріптеріне еш зиянын тигізбеуші еді. Мысалы, төрт әріптен тұратын дәнді дақыл. Оның екі әріпі табылып тұр. Бас әріпі «Т» болып, үшінші әріпі «Р» болып тұр. Көлденеңінен, тігінен шығып тұрған әріптерге зер салып, ұзақ ойланған құсекең дәнді дақылға «ТОРТ» деп жазып қойған еді…
Әрі қарай

Мәсімов отставкаға кетті

Осылай бүгін Үкіметтің тізгінін 2007 жылдан бері ұстап келген, 7-ші премьер-министр Мәсімов мырза өз еркімен жұмыстан кетті. Ол әзірге бұл орынтақта ең ұзақ отырған Үкімет басшысы. Мәсімов Үкіметі расында талай қиын кезеңдерді бастан өткерді. Үкіметке, үкімет мүшелеріне (блог ашу, планшет қолдану т.б.) Your text to link...талай жаңашылықтарды енгізуге тырысты. Дегенмен, қазақ тілімізге шорқақ преьмердің бұл орында ұзақ отыруы ана тіліміздің ресми органдарда өркендеп кетуіне кедергі де келтірді. Мұны ешкім жоққа шығара қоймас. Енді сіздер үшін Мәсімов кезеңі несімен есте қалды айта отырыңыздар…

Сергей Терещенко (1991-1994),
Әкежан Қажыгелдин (1994-1997),
Нұрлан Балғымбаев (1997-1999),
Қасым-Жомарт Тоқаев (1999-2001),
Иманғали Тасмағамбетов (2001-2003),
Даниал Ахметов (2003-2007 гг).
Кәрім Мәсімов (2007-2012гг.)
Әрі қарай

қызыл сақа

Қызыл сақа

Ауылымда, мендік рахат бейіште,
Ешкім білмес елден ерек еңісте.
Құлдыраңдап жүретінбіз бала боп,
Бала болып, сәби болып періште.

Сол ауылда кездерімнен ес білген,
Достарыммен асық ойнап өстім мен.
Он кенейге алған қызыл сақаммен,
Жеңілуді білмейтінмін ешкімнен.

Қына бояу қызыл сақам керемет,
Алшысынан тік түсудің шебері ет.
Шиырып кеп атқан кезде дәл тиіп,
Шатқа бөлеп жіберетін не керек!

Жеңілгендер келтірсе де сан күдік,
Бәрін ұтып қайтатынмын паң күліп.
Қызыл сақам қызықтырып қолымда
жүретұғын естен бәрін тандырып.

Мақтанышым сонда менің сақа анық,
Ұтылғанға жүрем түрді қатал ғып.
Кердең бастым бала арманы асыққа
ауылдағы ең бай бала атанып.

Балалық-ай!
Бала көңіл, балаң шақ,
Асық өмір асықтырды жан аңсап.
Ауылым да қалды қырдың астында,
Асық емес қазір қолда қаламсап.

Қазір ойын шын өмірге жалғасты,
Асық күндер ғашық түнмен алмасты.
Қызыл сақа түскен шақта қолымнан,
Қызылшақа өлең жазғам алғашқы.

Қызық күндер көз алдымда зырлапты,
Уақыттарым көп нәрсені ұрлапты.
Қиялымның сағымына айналған,
Ауылдағы сол бір күндер тым тәтті,

… Мына өмір — туындаған көп сұрақ,
Асықтардың ойынындай боп тұрат.
Бәрін бірдей ұтып алғым келеді,
Әттең оған қызыл сақам жоқ бірақ…
Әрі қарай

ӨМІР

Өмір

Өмір деген – өлімнің баяулаған процесі
Автор

Өлгім келеді!..
Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ

Уақыт, уақыт…
өліп бара жатырмыз,
күнімізді түнімізбен жұбатып,
көміп қана жатырмыз.
Ажалына
асығады бәзбіреу…
кейде өмір азабына,
төзе алмайтын пақырмыз.
Сіз не дейсіз, Ақын қыз?

Зырылдамай,
тоқта уақыт!.. (тілдеймін)
Өлімдерін кімнің, қалай?
күтетінін білмеймін.
Күресемін
күнде өлмеу үшін мен
Жыр кешемін…
үмітімді өз әлімше үрлеймін.
Кешігіп қап жүрмейін.

Сабылыс…
Біріміздің артымызда біріміз.
Өлгенімде өлең мені жарып ұш,
жарамайды-ау басқа ертеңге түгіміз.
Алда мың ой,
Өлең мені жетелейді мәңгіге
(арманым ғой)
Бола жатар… жоғалмаса тіліміз,
белгісіздеу күніміз…

Жағалайды
неге осы күзде Мұң?!
Сансыз ойлар мазалайды,
Қалса б-о-о-лды іздерім.
Кел төрлегін,
Аласұрған шабытым.
Мен өлген күн,
жарқырасын
жырдан соққан күмбезім.
үмітімді үзбедім…

P.S.
Дүниеде қалу үшін дерегі,
Өлеңменен өмір сүріп жатырмыз.
Менің қатты-ы-ы өмір сүргім келеді…
Сіз не дейсіз, Ақын қыз?
Әрі қарай

«Бешбармақ» деген қайдан шықты?

Шіркін, бүгін бешбармақ жейміз!.. Қазіргі күні бұл сөзді жиі естиміз. Үйреншікті жайтқа айналып бара жатқанымен, менің өзіме түрпідей тиеді. Атауының өзі қызық. «Бешбармақ»! Жастар қысқартып «Беш хочу» деп жататыны тағы бар.
Қазақ тіліне тәржімаласақ – Бесбармақ. Мағынасы түсінікті. Бірақ, 5 бармақты қайдан алғаны жұмбақ. Қос қолдап асасаң да екі-ақ бармақ бар емес пе адамда. Қалған 3-і қалай шықты? Менің кішкентай миым жетпейді оған.
Жарайды, мұны жайына қалдырайық. Енді аздап тарихқа үңіліп көрелік. Атам заманнан бері үйіне қонақ келгенде отағасы бәйбішесіне «ЕТ АС» дейтін болған. Немесе «Қазанға ЕТ сал» дегенін талай кітаптан оқығанмын. Қанша кітап оқысам да «Бешбармақ» және «Бесбармақ» сөздерін көрсем көзім шықсын (тура мағынада емес әрине, шықпай-ақ қойсын).
Қалай айтсақ та, түп төркіні қазақтың сөзі емес. Етене араласып кеткен өзбек акалардың не болмаса Татар тамырлардың тілінен кірмесе. Әйтеуір мен түсінбей жүрген сөз осы. Мұндай сөздер қаншама…
Әрі қарай

Хәләулім

Мен қазақпын, сен қазақсың, олар да қазақтар. Мля, бүгін немене ауыр күн. Компымнан шыққан дауысты маған естіртіп тұрған колонкаларды бір періп ұшырып жіберсем бе екен?! көңіл күйімді ән көтерер деп ем. ДОС дегеннің және Бақай тобының орындауындағы «Хәләулім» әніне келгенде давлением көтеріліп кетті.
«Мінген атым астыма құлағы қасқа ахаоу» дейд… шешесс… атып тастаса ғой өлеңнің сөзін қате айтатындарды. Мля, ауылдың балалары осыны айтып тұрған. Не айтып тұрғандарын түсінеді. Шешестер-ай, адамды күйдірді-ау. Бала кезімнен атқа мініп жүрмін. Құлағы қасқа атқа мініп көрмеппін. Күйіп кеттім, с горла ішіп кететін жағдай. «Күшігім менің аққұлақ, келе жатыр шапқылапты» әнге салып айтса ештеңе демес едім… құла қасқа тбаймайттар!
Дос и гр, Бакай — Халаул! м,
Әрі қарай

Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай

Құлаққағыс

Биыл астаналық «Керекшілер» жақсы бір үрдісті қалыптастырды. Ол әрине «Домбыра тарту». Бұндай игі шаралар тамырымыздан ажырамауымыздың басты кепілі. Бұның барлығы жасандылықсыз, өз еріктерімен істеп жүрген іс екені белгілі. Ендігі айтарым…
Осындағы дәстүрлі өнерді дәріптеушілерге және халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын кез-келген оқырманға құлаққағыс. Қазан айының 17-19 аралығында Қарағанды қаласында Қазақстанның халық артисі Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық конкурс өтеді. Қатысқысы келген жандар маған хабарласуына болады немесе мына мекен-жайға құжаттарын жібере алады.
100009 Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 45-ші үй, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі.
Телефондары: 41-10-88(қабылдау бөлімі), 42-08-58(Айсұлтан).
Әрі қарай

Коллекция жинайсыз ба?

Кішкентай кезімде анкетаға жабыстыру үшін индия қыздары мен жігіттерінің фотоларын жинайтынмын. Өте көп болатын менде. Сосын Киндер сюрприз шығып жатқанда ішіндегі ойыншығын қорабымен қоса жинап жүретінмін. Оным бір сумка болатын.
Ал қазір, балалығымның белгісі қалып қойған болар,Теддиді жақсы көрем. Тым үлкендері бар еді, сіңілілерім алып кетті  Әзірге осы-ақ
Әрі қарай