Әпенділер

Естелігіме кейіпкер болып тұрған екі әпенді де қазір о дүниелік болып кеткен. Жеке-жеке,әр қайсы өз жолымен.
Сканворд шешу
Темірхан аға.
Мен Балқашта 10-11 оқып жүрген жылдары қазақша сканворд газеттерінің дүрілдеп тұрған дәуірі еді күн құдайы раңдысс… Демалыстарда ауылға келгенде қыстаққа соқпай кетпеуші едім. «Солдат» тәрізді газетермен бірге бір құшақ сканвордтарды да ала барушы едім. Темірхан ағамыз сканворд шешкенде қаты ойлана қоймаушы еді. Мысалы «ат әбзелі?» деген 5 торкөзден тұратын жауапқа ойына келген «Ноқта» деген жауапты жаза салатын. Астыңғы үстіңгі сұрақтарға шолу жасамаушы еді жарықтық… Сайып келгенде әлгі әбзел жүген болып шығатын. Бұл кісінің шешкен сканвордтарын дәретханада бұттан кетіп отырып оқығанымды несіне жасырайын…

Құсайын
Өмірден ерте кеткен бұл жігіт өзімізден 8 жастай ғана үлкен еді. Сканворд шешкенді ұнататын жандардың бірі еді. Темірхан ағамызбен таласып жүріп, біраз газетті өзіне алып алатын. Бұл кісінің сканворд шешкені тіпті қызық. Ұзақ ойланып барып жауабын жазатын. Бір сағата екі-үш жауап жазып қояды. Сканвордтың астыңғы-үстіңгі жақтарында зертеп алады. Зерттеуінің нәтиже беретіндігі сонша жауапьары қате шығып жатса да басқа сұрақтардың жауаптарының әріптеріне еш зиянын тигізбеуші еді. Мысалы, төрт әріптен тұратын дәнді дақыл. Оның екі әріпі табылып тұр. Бас әріпі «Т» болып, үшінші әріпі «Р» болып тұр. Көлденеңінен, тігінен шығып тұрған әріптерге зер салып, ұзақ ойланған құсекең дәнді дақылға «ТОРТ» деп жазып қойған еді…
Бөлісу:

1 пікір

Marco
Менің бір құдам Темірхан ағаң сияқты сөздері жазып-жазып тастады, басқа сұрақтардың жауаптары келіспей жатса, құрастырушы қателескен деп шығады))) болмаса, қосымша әріп жазатын торкөздері өзі ручкамен қоса салады.)))