ӨМІР

Өмір

Өмір деген – өлімнің баяулаған процесі
Автор

Өлгім келеді!..
Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ

Уақыт, уақыт…
өліп бара жатырмыз,
күнімізді түнімізбен жұбатып,
көміп қана жатырмыз.
Ажалына
асығады бәзбіреу…
кейде өмір азабына,
төзе алмайтын пақырмыз.
Сіз не дейсіз, Ақын қыз?

Зырылдамай,
тоқта уақыт!.. (тілдеймін)
Өлімдерін кімнің, қалай?
күтетінін білмеймін.
Күресемін
күнде өлмеу үшін мен
Жыр кешемін…
үмітімді өз әлімше үрлеймін.
Кешігіп қап жүрмейін.

Сабылыс…
Біріміздің артымызда біріміз.
Өлгенімде өлең мені жарып ұш,
жарамайды-ау басқа ертеңге түгіміз.
Алда мың ой,
Өлең мені жетелейді мәңгіге
(арманым ғой)
Бола жатар… жоғалмаса тіліміз,
белгісіздеу күніміз…

Жағалайды
неге осы күзде Мұң?!
Сансыз ойлар мазалайды,
Қалса б-о-о-лды іздерім.
Кел төрлегін,
Аласұрған шабытым.
Мен өлген күн,
жарқырасын
жырдан соққан күмбезім.
үмітімді үзбедім…

P.S.
Дүниеде қалу үшін дерегі,
Өлеңменен өмір сүріп жатырмыз.
Менің қатты-ы-ы өмір сүргім келеді…
Сіз не дейсіз, Ақын қыз?
Бөлісу:

19 пікір

ken
Сатыбалды жоқта өлеңдеріңді жариялап-жариялап алыңдар.
aset_85kz
ол ким
Abilakim
білгір адам, атыспаққа да шабыспаққа да, жұлыспаққа да, ұрыспаққа да бәріне шебер, жан-жақты
Abilakim
Жағалайды 
 неге осы күзде Мұң?!

соны менің де білгім келеді.
өлеңді нашар дей алмайды екенмін. өзім жарытып жаза алмағандықтан пәлендей сын да айта алмай отырмын.
Ақын қыз не дер екен?
Gastarbaiter
Сонда тамақтың дәмін анықтау үшін аспазшы болу керек пе?
aset_85kz
соны озим де билгим келеді
ademi_alem
Ұнады! Жаза түсіңіз! Әсіресе мына жолдар көңлімнен шықты:
Өлімдерін кімнің, қалай күтетінін білмеймін,
Күресемін күнде өлмеу үшін мен
Иә… Өмір үшін күрес тоқтаған күні тірі өлікке айналарымыз сөзсіз…
aza
Жаңа форма ғой, ізденісіңіз ұнады!
FaraOn1
өліп бара жатырмыз,
күнімізді түнімізбен жұбатып,
көміп қана жатырмыз.
тамаша! әнін ойлап тапса қазақша шансон болар ед)))
aset_85kz
ал жазып кориндер
aikarakoz
 Ерекше екен! Керектен де ойлы өлең оқи алатын күн бар екен
a63a1
өлең тамаша, енди неғой, әлгі монашкылерге арнап неге бір- екі шумақ жазбағансың?
aset_85kz
жазайын деп журмин
b-asan
Ой, бундай олендердин кунине бирнешеуин окимын, басы жогы аягы жок, не айтканынды тусинбедим. -Агасы, нагашы, ауыл аймак аман ба, бутагы мен агашы -десе олен бола бере ма? Набор слов.
MickThatsMyNick
Өмір — ол үлкен театр, ал театрда ойнайтын актерлердің "өлуге" еш қақылары жоқ.)