Хәләулім

Мен қазақпын, сен қазақсың, олар да қазақтар. Мля, бүгін немене ауыр күн. Компымнан шыққан дауысты маған естіртіп тұрған колонкаларды бір періп ұшырып жіберсем бе екен?! көңіл күйімді ән көтерер деп ем. ДОС дегеннің және Бақай тобының орындауындағы «Хәләулім» әніне келгенде давлением көтеріліп кетті.
«Мінген атым астыма құлағы қасқа ахаоу» дейд… шешесс… атып тастаса ғой өлеңнің сөзін қате айтатындарды. Мля, ауылдың балалары осыны айтып тұрған. Не айтып тұрғандарын түсінеді. Шешестер-ай, адамды күйдірді-ау. Бала кезімнен атқа мініп жүрмін. Құлағы қасқа атқа мініп көрмеппін. Күйіп кеттім, с горла ішіп кететін жағдай. «Күшігім менің аққұлақ, келе жатыр шапқылапты» әнге салып айтса ештеңе демес едім… құла қасқа тбаймайттар!
Дос и гр, Бакай — Халаул! м,
Бөлісу:

29 пікір

Marco
Орысқол ортада өскендерге осыдан кейін қалай өкпелейсің?!!!
Gastarbaiter
Құла қасқа деген жоқ па анықтап тыңдаш
Abilakim
01.11 секундта құлағы қасқа дейді
01.52 -ге қойда тыңда анықтап тұрып, шегелеп айтады "құлағы қасқа, айхоу" деп
Gastarbaiter
Видео, аудио тартпайд мұнда)
ken
осы әнді Нұрлан Албанның айтқанын естігенмін.
"құлағы" дегенді «маңдайы» деп өзгерте салса да әннің ұйқасы/әуені бұзылмайтын сияқты.
Gastarbaiter
Маңдайы қасқа деп айтпайтын шығар, қасқа дегеннің өзі өз басына жеке масть емес пе.
Құла, құла қасқа, торы, күрең, күрең қасқа, ала қасқа, ақбоз деген түстерін білем
ken
білмедім, біздің ауылда «маңдайында қасқасы бар» деп айтатын, егер аттың маңдайында қасқасы бар болса.
Abilakim
Жамбасында таңбасы бар, жауырында тыртығы бар дегендерді қолдандық, маңдайында қасқасы бар деген…
ken
бәлкім әр жерде әртүрлі айтылатын шығар
Gastarbaiter
Маңдайдан басқа жерде де қасқа бола ма?
ken
болмайды.
маңдайында қасқасы бар деген, бұл «кеудемдегі жүрегімді блаблабла...» немесе «аузында бір де бір тісі жоқ»/«басында миы жоқ» деген секілді нәрсе ғой.
a63a1
маңдайында қасқасы бар деп сиырға айтпасаң жылқыға айтылмасы анық.
Armanjan
Маңдайдағы қасқа сиырға ғана тән деген қате болад. Қасқа құлын, қасқа тайды мінбеген бала кемде-кем шығар. Анааааау қара қасқаны (қой) сойыңдар деген атамыздың сөзін талай естігеміз, с.с кете бермей ме?
Marco
Біз жақта "Өй қасқа маңдай" деп ұрысады)
Gastarbaiter
Сорлының синонимі.
FaraOn1
Біздің жақта да "қасқа маңдай" дейді.
)Малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ түстi жолақ. ҚАСҚА ат
дереккөз
FaraOn1
бұл қасқа тұқым қуалайды ау дим еще, біздің үйдегі жылқылардың бәрінің қасқалары ай тәріздес келетін
Gastarbaiter
Қасқа маңдай десе мағынасы жүзсексен градус өзгереді. Әкемнің аулында қасқамаңдай деп сормаңдайларды айтады.
Омонимдер ғұә
FaraOn1
қасқа деген жылқының бижутериясы сияқты ғой. Лұғатта айтылған Өй,Қасқа әкеңауссс, деген амандаспай өтетін балаға айтылған деп, яіни былайша жұлдызданып, тәкаппарланып кететіндерге айтылатын сияқты
Aigolek
Акыры каска туралы соз болган екен Актаулыктардын «каска» сози мен аттыкынын байланысын да айта кетиндер
Armanjan
Айгөлек ау, Айгөлек. Бұрынғыдай емес бос уақытың көбейген ау дим.
dark_nazgul
«бор қасқа мен боқ қасқаны» ұмытпаңдар.
dark_nazgul
ой әкең, «осы отАрған отАрАстарын» ұрайындар өңкей…