Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog
Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.
(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…


Қарашаның 1-інен бастап сайтымыздың келбеті және функционалы өзгеріп жатыр. Мазмұнында да жаңа өзгерістер болады деп сенгім келеді. Толықтыру және өзгерістер ашық режимде жүріп жатыр. жаңалықтарды осы пост ішінде жазып отыратын боламын. Бұл сайт барлығымыздың сайтымыз болғандықтан ұсыныс, сын, пікірлерімізді жаза отырайық. Қолдан келгенше көмек те көрсетейік. Кейбір функцияларды сатып алуымыз керек. Олар туралы пікірлерде жазып отырамын. Демеуші боламын дегендер жекеге хабарласса болады. 
Жақында Голландияның танымал білім журналы «Ветеншап ен Ондервийсте» Роттердам Университетінің профессоры Франк Ван дер Йонгпен гомосексуализм және оның себеп-салдарлары туралы сұхбат жарияланды. Біз бұл сұхбатты қысқаша жариялауды жөн көрдік. Профессордың айтуы бойынша қазіргі жастар арасында гомосексуализмнің жайылуының басты себептерінің бірі — өз тілдерін білмеулері.
Есіңізде ме, үйдегі аста-төк айран-шұбаттан жеріп, дүкеннің бөтелкеге құйылған кәуділгі қара суына құмартып тұратын балалығымыз? Көршім Гена тіскебасарға алып шыққан котлетін біресе көзіме, біресе мұрныма тақап; үйдің жанындағы өзенге барып қалай шабақ аулайтынын, оны еттартқыштан қара нанмен араластырып өткізіп, ұқыптап пияз бен аскөгін және салып, қалай қуыратынын айтып бергенде ауыздың суы құрып, сол балалық оянды: мана жеген ет пен ішкен сорпа бекер, жалпы бар өмірім бекер өтіп жатқандай көрінді. Шешімім де көп күттірмеді: «жұмыстан келген соң бір сағатқа қармақпен балық аулауға барып тұрам!». Тіпті алтын желбезек балықтарды суырып алып жатқанымды және қасымдағылардың бұл табысыма деген қызғанышын елестеттім. «Тәңірдің таңы атсын осы бар ғой!» деп, күпініп-дөңбекшіп шықтым. Не құдірет десейші осы желігуді: таң ата енді ашылып жатқан базардан қармақ-инені далбаса қымбат бағаға іле кеттім. Балық аулайтын асай-мүсейді жұмысқа алып келгенімде,