Шукшиннің әлемі


Жақында қолыма Шукшиннің әңгімелер жинағы түскен болатын (Село тұрғындары деп аталады, аударма ғой) «Деревнядан» басталыпты. Қазақшаға әдемі аударылған. Осы біздің мектепте Чтение деген сабақты оқығанымыздың арқасы шығар, орыс халқының шығармаларын өзіміздің төл туындымыз сияқты қабылдайтынымыз. Қалай ойлайсыздар? Әлде кеңестік дәуірді бәріміз бірге бастан кешкендіктен бе екен? Әйтеуір, орыстардың оқ бойы озық шығармалары осы В.Шукшиннен кездеседі. Қазіргі жаңа орыс жазушылары дәл бұлай қабылдай алмайды екем. Орысты насихаттап отырғаным жоқ, бәлкім мектеп кезінде ағылшын, француз жазушыларын да оқытқан болса, дәл осылай қабылдар ма едік… Америка жазушыларын да… Қазір оқып жүрміз кейбірін. Олардың (мәселен Теодор Драйзер, Джек Лондон) бәрінің өткен ғасырдағы шығармаларындағы кейіпкерлердің тағдыры біздің қазіргі кешіп жүрген өмірімізге қатты ұқсайды. Ғаламтордан іздеп көріп едім Шукшиннің қазақшаға аударылған шығармаларын (кітабын), тапқаным менің оқып жүрген кітабым болып шықты. Сіздерге де қызықты деп ойлаймын. Шукшинді орыстың жазушысы деп қабылдағым келмейді, ол әлемдік деңгейдегі классик… Мойындауға тиіспіз!

Әрі қарай

Түн

ТОСЫП ЖҮРМІНТүн. Айлы түн… Қара түн…
Түн дегенде, алдымен, көз алдымызға айлы түндегі қол ұстасқан қос ғашық елес береді. «Желсіз түнде жарық ай» соның куәсіндей. Бұл – баршаның ойы. Ал, мен үшін, түн – қорқынышқа толы түнек басқан қара түн. Сол бір түнді есіме алсам, өзгеше күйге бөленіп, ұзақ сонар ойға батамын. Алайда, ойлаған ойымның шешімін таба алар емеспін. Осынша терең ой соңына салған сол бір түн жайынан сыр шертейін.
Балалық шағым. Бірде ата-анамды жолдастары қонаққа шақырады. Мені амалсыздан ерте кетеді. Қал десе де, қалмаймын. Өздері де менің жыламсыраған жүзіме қарап, тастап кетуге қимайды. Ата-анамның тұла бойы тұңғышымын. Алғаш көрген қызықтары…
Түнделетіп қонақтан кеш қайттық. Аяндап келеміз. Жол ұзақ емес. Анам мен әкем қонақта болған жайларды сөзге тиек етіп келеді. Мен қолдарынан қатты қысып, қорқып келемін. Қорыққанымды білдірмеуге тырысамын. Ұйқы қысып, жүргім келмей келеді. Аяқ істен шықты. Анам сәл аялдап, демалып алайық деді. Сол бетпен жол бойы мен оқитын мектептің алдындағы аялдамаға қарай тақала бердік. Аялдама ішіндегі орындыққа отырып, енді ғана «уф» деп демала берген едік, кенет анам айқай салды. Әкем «не боп қалды?» деп ишарат еткендей еді, сәлден соң оның да жүзі бұзыла бастады. Анам мені құшағына алып, жүзімді омырауына басты. Ештеңе түсінбедім. Анамды қатты қысып, мойынына асыла түстім. Баяғы бәсең жүрісті қойып, жорғалата бастадық. Әкем анам екеумізді құшақтап келеді. Анам мен әкем біреуден қашқандай болды. Байқаусыз артыма қарап қалдым. Көзіме қара түнде бір нәрсе шалынғандай болды. Жүрегім дүңкілдеп қоя берді. Көзімді тарс жұмдым. Аялдама ішінде жас бала жатыр. Басына тақия, үстіне қамзол киген. Кішкентайлығына қарап, бала деп ойласам, бала болмай шықты. Қарт кісі деуге де келмейді. Жын ба, пері ме? Білмеймін. Әйтеуір, адам тектес бірдеңе. Жүзінен мүсәпірлік білінеді. Жалынып, көмек сұрағандай. Бар аңдағаным – осы. Ал, ол болса бізге назар аудармады. Жатқан қалпы қозғалмады.
Қорқып келемін. Қорыққанымды айта алар емеспін, тілім күрмеліп, дауысым шықпайды. Үйге жеткенше көзімді ашпадым. Қайта көруден сескендім. Бөлмеге кіріп, төсегіме жаттым. Анам жарықты сөндіріп, есікті тарс жауып кетті. Төрт қабырға, төрт бұрыш. Жалғызбын. Қорқып жатырмын. Көзімді қайтадан тарс жұмдым. Түпсіз қараңғы. Ұзақ жаттым. Тұла бойым қалшылдап, өзімді-өзім ұстай алар емеспін. Дөңбекшіп жатырмын. Түн өтер емес. Көз ілінер емес. Таң атар емес. Не деген ұзақ күн?! Өмірімнен де ұзақ, неткен түн! Қара түн… Тылсым сыр…
Бетіме жылы леп сезілді. Көзімді ашсам, таң атыпты. Үй іші абыр-сабыр. Даңғыр-күңгір. Жамыраса сөйлеген дауыстар. Арасында анамның «Тұрсаңшы, ботақаным! Сабағыңнан қаласың?» деген сөздері еміс-еміс естіледі. Басым мең-зең. Сабаққа барғым келмей жатыр. Түндегі елесті есіме алсам, бойым түршігеді. Қорқамын. Ақыры сылтауратып бармадым. Сол түнннен бастап, аялдаманың қасынан айналып өтетін болдым.
Арада біраз жылдар өтті. Ер жетіп, азамат болдым. Аялдама баяғы бәз қалпы. Талай рет күндіз барып, қарап, бақылап жүрдім. Елесті қайта көре алмадым. Түнде баруға батылым бармайды. Уақыт өткен сайын оны көруге деген ынтығым арта түсті. Оны қайта көрсем қорықпастан қасына барып, сөйлесіп, мән-жайын білер едім.
Бір күні бар күш-жігерімді жиып, баруға бел байладым. Кеш батып, түн болды. Қорықпастан бардым. Тас қараңғы түн. Аялдама ішінде жалғыз отырмын. Елесті күтіп отырмын. Келмеді. Көрінбеді. Өзімді-өзім ұмытып, терең ойға баттым. «Ол өзі кім? Одан сонша неге қорқамын? Оның адамдарға қорқыныш сыйлайтын қандай қасиеті бар? Мейлі ол жын, мейлі елес болсын делік, онда олар неге күндіз көрінбейді? Бәлкім, күндіз болғанда қасына қорықпай барар ма едім? Түннің тылсым сыры неде? Түн неге адамдарға қорқыныш сыйлайды?» Осы сындас сан алуан сұрақтарға жауап таба алмай ұзақ отырдым.
Әлі күнге таба алмай жүрмін. Сол қара түндегі елесті тосып жүрмін...
Әрі қарай

Венеция маскалары

Венеция (Italian: Venezia, Venetian: Venesia or Venexia) — Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.
Венеция – аралдарға салынған қала.

Адамзат
Әрі қарай

ҚҰРБАНДЫҚ



Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы қазан айының 26 жұлдызына сәйкес келіп отыр. Айт намазы, Алматы қаласы бойынша сағат 08:00-де оқылады



ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Әрі қарай

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім



Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді.

Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр.
Әрі қарай

Шерлок Холмстың ізімен


Шерлок Холмстың ізімен Жақында Шырайлы Шымкент қаласындағы «Бекжан» базарының өртке орануы жайлы болмақ.
Осындай алып базар бірнеше сағат ішінде күлге айналды, Алып базар қалай ғана өзінен-өзі жануы сенімсіздеу көрінеді.Біреу ұйымдастыруы мүмкін бе?
Әрі қарай

"Каспий" тобы - Жаз не деді?!

Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен.
Әрі қарай

Тағы да футбол...



Үзіліс… Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Келесі аптада өзіміздің сүйікті командаларымыз УЕФА байрағының астында кезекті қарымта матчтарын өткізеді. Барлығының қазіргі жағдайы — жүрегі әлсіз жанкүйерді бірнеше мәрте дәрісіне жүгіндіретіндей. Шахтеріміз сырт алаңда азулы Слованмен бір ғана гол айырмасымен жеңіліп келсе (0-1), Орданың батырлары кезінде Милан, Реал, Челси, Боруссия-Дортмунд сынды таныстыруды қажет етпейтін футбол ұжымдарынан айласын асырған Русенборгпен тең нәтижеге қол жеткізді (2-2). Ал Ақтөбеміз… Қобыланды батыр атындағы стадионда, өз жанкүйерінің алдында сырт алаңда кеткен есені (2 голды) әлі-ақ қайтаратынына ешкімнің күмәні жоқ десем қателеспейтінім хақ!

24 шілде (сейсенбі).
18-00 (Ақтөбе уақыты).
Қарағанды.
Шахтер — Слован (Чехия).
Келесі 3-раунқа өткен жағдайда ЧФР (Клуж, Румыния) командасымен алдымен қонақта (31 шілде), содан соң үйде (07 тамыз) бақ сынасатын болады.

26 шілде (бейсенбі).
19-00 (Ақтөбе уақыты).
Алматы.
Ордабасы — Русенборг (Норвегия).
Келесі кезеңге өтсе Серветт (Швейцария) командасымен алдымен қонақта (02 тамыз), содан соң үйде (09 тамыз) ойнайтын болады.

21-00 (Ақтөбе уақыты).
Ақтөбе.
Ақтөбе — Милсами (Молдова)
Молдавандардан 3-раундқа өтсек Бельгияның Генк командасымен 02 (қонақта) және 09 (үйде) тамызда ойнайтын болады.

Командаларымызға сәттілік!!! Келесі кезеңге өтуге барлығының да мүмкіндігі бар. Алға, Қазақстан!!!
Әрі қарай

Тьфәй-тьфәй "компьютерлік түс". Әзіл

Төбе шашы жоқ, алпыстан асқан, шөгіп қалған психотерапевт, ақ халатты үстіне жуып қабылдау бөлмесіне кірді. Әр саусағында еркектерге арналған үлкен көзді жүзіктер тағылған.
Ноутбук алдына отырып видеоконференцияны қосты. Виртуальді бөлмедегі бірінші науқас барын көріп «сұхбат» режиміне көшті.

Әрі қарай