Тағы да футбол...



Үзіліс… Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Келесі аптада өзіміздің сүйікті командаларымыз УЕФА байрағының астында кезекті қарымта матчтарын өткізеді. Барлығының қазіргі жағдайы — жүрегі әлсіз жанкүйерді бірнеше мәрте дәрісіне жүгіндіретіндей. Шахтеріміз сырт алаңда азулы Слованмен бір ғана гол айырмасымен жеңіліп келсе (0-1), Орданың батырлары кезінде Милан, Реал, Челси, Боруссия-Дортмунд сынды таныстыруды қажет етпейтін футбол ұжымдарынан айласын асырған Русенборгпен тең нәтижеге қол жеткізді (2-2). Ал Ақтөбеміз… Қобыланды батыр атындағы стадионда, өз жанкүйерінің алдында сырт алаңда кеткен есені (2 голды) әлі-ақ қайтаратынына ешкімнің күмәні жоқ десем қателеспейтінім хақ!

24 шілде (сейсенбі).
18-00 (Ақтөбе уақыты).
Қарағанды.
Шахтер — Слован (Чехия).
Келесі 3-раунқа өткен жағдайда ЧФР (Клуж, Румыния) командасымен алдымен қонақта (31 шілде), содан соң үйде (07 тамыз) бақ сынасатын болады.

26 шілде (бейсенбі).
19-00 (Ақтөбе уақыты).
Алматы.
Ордабасы — Русенборг (Норвегия).
Келесі кезеңге өтсе Серветт (Швейцария) командасымен алдымен қонақта (02 тамыз), содан соң үйде (09 тамыз) ойнайтын болады.

21-00 (Ақтөбе уақыты).
Ақтөбе.
Ақтөбе — Милсами (Молдова)
Молдавандардан 3-раундқа өтсек Бельгияның Генк командасымен 02 (қонақта) және 09 (үйде) тамызда ойнайтын болады.

Командаларымызға сәттілік!!! Келесі кезеңге өтуге барлығының да мүмкіндігі бар. Алға, Қазақстан!!!
Бөлісу:

3 пікір

MickThatsMyNick
Ақтөбе кем дегенде 2 гол соғып, өз қақпасын берік қорғаулары тиіс. Құласаң нардан құла дегендей, Еуропадағы танымал командалардан жеңілсек бір жөн, Милсамиден емес.
SaZhaM
соны айтам да… Олееееее, оле, оле, оле, Ақтөбеее — чемпиооон!!!