"Әнім бар"

"Әнім бар"

Сазымен жүректі тербеген,
Әуенін биікке сермеген.
Жастықтың әні бар кеудемде,
Шалқыған сезім-сыр пернеден.

Әнім бар үзіліп, талмайтын,
Сезімге сезімді жалғайтын.
Әнім бар махаббат сазында,
Еш бір жан дәл мендей салмайтын.

Қиялым көк пен жер көлбейді,
Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді.
Бар жалған уақытша бәрі де,
Бәрі бір ән мәңгі өлмейді.

Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген,
Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден.
Әлемнің әуені жетпейді үніңе,
Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Әрі қарай

Жетімін жылатпаған ел едік...

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!



Соңғы жылдары әлемде жетім балалардың саны артып отыр. БҰҰ-ның балалар қорының хабарлауынша, төрткүл дүниеде 100 миллион бала ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Ал Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 75 мың жетім бар. Бар болғаны 16 миллион халқы бар еліміз үшін осыншама жетімек аз ба, көп пе?.. Жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған ел едік.
Бүгінде жетім балалар мемлекет қамқорлығында. Шымкенттегі №3 балалар үйінің есігінен аттай бергенімде, екі бүлдіршіннің көздері жәутеңдеп, маған қиыла қарады. Олардың қорғансыз күйіне қарап қатты толқыдым.
Әрі қарай

8 наурыз әйелдердің сүйікті мерекесі


1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.
Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен.
Бұл күнді қалай өткізуге болады?
Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен… Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.
Әрі қарай

Түріктердің қызық бастамасы

Түркияның Карадениз өлкесінде бұрын танымал болған Темел, Дурсун, Идрис, Фадиме деген есімдер қазір азайып кеткен көрінеді. Сондықтан Түркияның Трабзон қаласының әкім-қаралары балаларына осы аттарды қойған жанұяларға арнайы сыйлық бермекші екен. Сыйлық болғанда анау-мынау емес алтын беріледі екен. Трабзонның Арсин ауданының басшысы Ердем Сен бұл есімдердің ұмытыла бастағаны қатты қынжылатындығын айтқан. Өйткені, 2011 жылы бұл өлкеде әлгі есімдер ешкімге қойылмапты. Жалпы, 2001-2007 жылдары Түркияда тек 10 отбасы ғана балаларына Темел деген ат қойыпты. Бұл есім әдетте тек түрік анекдоттарында ғана кездесетін көрінеді. Бірақ, шын мәнінде бұрын Қаратеңіз жағалауын мекен ететін түріктер балаларына бұл есімдерді қойып келсе керек. Ал, қазір бұл есімдер де «Қызыл кітапқа» кіріп кеткен» тәрізді. «Естімеген елде көп» деген соы шығар.
Әрі қарай