Қариялар шатаспайды...

Алматыдан Есікке дейінгі жол бірталай. Ондайда серігің – музыка. Немесе радио.
Сол күнгі кешкі тікелей эфир тақырыбы – ауылдан қалған естеліктер туралы болатын.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
(Мұқағали) демекші, тыңдармандар хабарласып, әркім өз ауылының естеліктерінен, балалық шағының тәтті сәттерінен сыр шертіп жатты…
Эфирдің әдемі көңіл-күйін атам «бұзды»
Әрі қарай

Hackday Challenge (2 - бөлім)

Сәлем керекинфо қолданушылары! Дәмі кеткен тақырып «ХакДэй» туралы постымның екінші бөлімі!



Бірінші бөлім: мына жерде:1-бөлім

Біз «Vbloggers» бейне-мейкерлер командасы екенімізді біразыңыз білетін де шығарсыз. Бұл постта біздің командамыздың бір түнде 3 бейнені қалай жасап шығарғанымыз жайлы баяндап берейін!

ХакДэй бізге ұмытылмас сезім және әсер қалдырды! Үздіксіз тағам (Сендвич, Иогурт, Асем-Ай минералды суы), ұйқысыз күндер және «Диззи» атты энергетикалық сусындар біздің командамызға ерекше рух беріп тұрды! Бірақ келесі ХакДэй — ге "Қағанат" демеуші болса тіптім керемет болар еді!)

Қалай басталғаны жайлы 1-бөлімде айтып кеттім, сол себепті ол тақырыпқа тоқталмаяқ қояйын)

Әрі қарай

Ата-әжеммен сұхбат

Алдымызда 9-мамыр жеңіс күні келе жатыр. 1941-1945 жылдар аралығында біздің ер-жүрек батыр аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Сол көрсеткен ерліктері біздің мәңгі жүрегімізде қалады. Менің атам мен әжем де соғысқа қатыспаса да, көрген адамдар.Атам мен әжемнен өзім сұхбат алған болатынмын.
Атаммен сұхбат: Мен соғыс басталған кезде 9 жаста болатынмын. Менің әкем балықшы еді. Әкемді соғысқа шақырды. Мен оны өзім шығарып салдым. Адамдар біреулер әзілдеп жатыр біреулер жылап жатыр. Сосын атымды жетектеп үиге қайттым. Үйге келсем үйдегілер жылап жатыр екен.Менде қосылып жыладым. Сөйтіп ұйықтап қалыппын.
Әжеммен сұхбат: Кішкентай кезімде үстімізден бомба түсіп кетпесін деп қорқатын едік. Кешке жақын терезелерді есіктерді жауып қойамыз. Шамды сөндіріп ұйықтаймыз. Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды. Бомба түскенде терезе сынып кете жаздайды. Кешкі тамаққа не жейміз деп ойлайтын едік. Үйдің қасында балық завод бар еді. Содан 3-4 балық сұрап жейтін едік.
Осылай ата-әжемнің қалай қиналғандарын білдім. Елімізде тыныштық орнасын. Ешқашан соғыс болмасын. Бәріміз бейбітшілікте өмір сүрейік.Қазақстан Алға!!!!!
Әрі қарай

Көпшікпен ұрып құлату:


Наурызда біздің мұнайшылар арасында қол күрестен, трубаға өрмелеуден, кіртас көтеруден және видеодағыдай бір «жекпе-жек» түрінен жарыс болды.
Мен де 24 кг екі кіртас көтеруден бірінші рет қатысып, жүлделі боп қайттым.
Әрі қарай

Академияның суретшілері

Мен жұмыс істейтін жер — Атыраудағы дарынды оқушылардың бас қосқан өнер шаңырағы. Ең алғаш келген кезімде ондағы оқушылардың талантын көріп қатты таң қалғанмын. Еуропаның көптеген елдерінен құр қол келмейтін өнерлі өрендерді дайындап отырған мектепті осы кезге дейін білмейтін едім. Сондықтан оның әрбір жеткен жетістігіне таң қалумен ғана болдым. Тек мен ғана емес, өзге Атыраулықтарға айтсам да, «солай ма еді» деп таң тамаша болады. Себебі, қанша жерден жүлдемен оралса да, елге танымал бола алмай келеді. Сол үшін ғой Ал мына суреттер сол мектеп оқушыларының дипломдық жұмыстары.
Әрі қарай

Диди мен Жақаудың(Жамағат про) ресми сайты ашылды!

Жақау және Диди ресми сайт
Жақында Жамағат орталығының жеке сайты ашылды. Бас сардар Жақау мен қазақи бағыттағы Битмейкер Дидидің шығармашылығы мен жоспарларын осы сайттан білетін боласыздар.Қазағыма лайықты альбомындағы барлық тректерде осы сайтқа түсті.Сайтты ашқан muzlife.kz сайтының админі -Наке.Қазақша рэп тыңдармандары үшін тамаша жаңалық деп ойлаймын.
Әрі қарай

Оқушы полицейлердің хикаясы


2012 жылдың 12 сәуірінде отандық нарыққа «Джамп көшесі, 21» («Мачо и Ботан»; «21 Jump Street») кинотуындысы шығады. Фильм жанры жағынан боевик элементтері бар комедияға жатады. Қалай дегенмен де көрсетілімнен кейін көрерменнің бей-жай қалмасы анық.
Әрі қарай