Hackday Challenge (2 - бөлім)

Сәлем керекинфо қолданушылары! Дәмі кеткен тақырып «ХакДэй» туралы постымның екінші бөлімі!



Бірінші бөлім: мына жерде:1-бөлім

Біз «Vbloggers» бейне-мейкерлер командасы екенімізді біразыңыз білетін де шығарсыз. Бұл постта біздің командамыздың бір түнде 3 бейнені қалай жасап шығарғанымыз жайлы баяндап берейін!

ХакДэй бізге ұмытылмас сезім және әсер қалдырды! Үздіксіз тағам (Сендвич, Иогурт, Асем-Ай минералды суы), ұйқысыз күндер және «Диззи» атты энергетикалық сусындар біздің командамызға ерекше рух беріп тұрды! Бірақ келесі ХакДэй — ге "Қағанат" демеуші болса тіптім керемет болар еді!)

Қалай басталғаны жайлы 1-бөлімде айтып кеттім, сол себепті ол тақырыпқа тоқталмаяқ қояйын)



"«Рахмет», Ева («Спасибо», Ева)" ның вирусты бейнелер жайлы Мастер-Класынан кейін бейнелер тақырыптарына жеребе басталды! Жеребеде түскен тақырып:

«Кез келген әуенге бейне клип түсіру!»



Таңдаған әуеніміз: One Republic — Good Life (Өте керемет әуен!)

«Неге именно осы әуенді таңдадыңдар, басқа нормальныйлар көп қой?!», — деген сұраққа жауабымыз:

— Білмим, басты рөлдегі жігіт таңдай салд
— Дәл сол кезде сол әнді от души тыңдап жүрген)

Клиптің сценариін құрастырмай бірден түсіре бердік. 2 сағаттай сандалып келіп монтажға кірістік!
Шыққан нәтиже таң қалдырды! Ондай жұмыс үшін жақсы нәтиже шыққанына қатты қуандық!

Міне бейне клип:



Ең бастапқы ХакДэйге арналған жобамыз, "әлеуметтік желіге кіріптарлық" тақырыбындағы стоп — моушн болатын!
Бірақ уақытымызды есептей алмағандықтан ойлағанымыз іске аспай қалды!( Басты проблемамыз сурет салып, сол суреттерден бейне түсіру болатын. Бірақ беріле салуға намыс жібермеді, сол себепті көп бөлігін қарапайым камераға түсірілген бейнемен алмастырдық.

Біздің суретшілерге, үлкен жұмыс атқарғандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Суретшілер: Бекжанов Бақдаулет және Құдайберген Нұрсұлтан!





Міне бейне клип:



Неліктен орысша екенін түсінетін шығарсыздар)

Ең соңғы бейнеміз "Қорқыныш" жанрындағы «Фредди Крюгер» фильміне трейлер!
Фильмді толық режиссер және монтажер болған, Қазақстандағы ең жас видео — блоггер, Шучинск қаласынан келген 13 жасар Сәкенов Нұржан! Трейлер, менің жеке ойым бойынша, өте керемет шықты (Берілген уақыт, қаржы және Нұржанның жасын ескерсек)





Міне трейлер:



Әзірге осы достар! Бізді әлеуметтік желілерде аңдыңыздар))))



Біздің топ ВКонтактеде: vk.com/vbloggers

Бізді твиттерде оқыңыздар: twitter.com/vbloggers

Youtube тағы каналымызға жазылыңыздар: www.youtube.com/user/VBloggersKZ

Және де біздің сайт: vbloggers.kz/

А иә, соңында біз ешнәрсе ұтпадық, бірақ залға ұнағаны бізге өте үлкен қуаныш! Сіздерге де ұнайтын шығар деп үміттенемін)

Үзіліс кезінде өте қызық бейне шықты:

Бөлісу:

3 пікір

Dastan_A
Хакдейден кейін ұйықтау режимімді бұздым)
Alisher
Дәл сондай менде де) Әлі күнге дейін дұрыс ұйықтай алмайм)
zhanibek_nurish
Біздің топ ВКонтактеде: vk.com/vbloggers

Бізді твиттерде оқыңыздар: twitter.com/vbloggers

Youtube тағы каналымызға жазылыңыздар: www.youtube.com/user/VBloggersKZ

Және де біздің сайт: vbloggers.kz/
,