Головкин сахабалары

Бүгін балалар арасында бокстан жарыс басталды.




Біз PREMIUM SPA RESORT деген демалыс орнын таңдадық. Екі орынға арналған үйі 28 мың теңгеге шықты. Үйлері ұнады, дәл бассейннің қасында орналасқан екен. Үйдің ішінде жуынатын және/немесе
ҚЫЗЫҚ ЖАҒДАЙ: Бұл жақтағы үй жануарларының арасында мысықтар доминант екен. Есік алдына шығып, пиві ішіп, балық кеміріп отыр едік. Мысықтар айналамызды қоршап алды. Бұрын бұл хайуандардан естімеген небір дыбыс түрлерін естідім. Мен тастаған тамақ жерге түспей жатып, ішіндегі ірісі бір маңыраған дыбыстар шығарады. Бұл басқаларға ескерту деп түсіндім, типі «кетіңдер, бұл менікі» дегендей. Бірақ аш мысықтар оны тыңдамай таласа бастайды.
Демалыс орталығында 2 үлкен бассейн бар: біреу ашық түрі, тағы біреуі жабық павильонда. Ашық бассейннің қасында балаларға арналған шағыны да бар. Түсу жағынан ешқандай кедергі жоқ, адамдар түнде де шомылып жүрді, өйткені су температурасы 37-38 градус.