#AIF15
«Ештен кеш жақсы» деген сөз журналистердің ұранына айналғанына қай заман, кемшілігімізді сол сөзбен жабуға тырысамыз.
Негізі форум биыл жақсы өтті. Форумның берері мол болды, соның екеуіне ғана тоқталып өтсем:
1. Жаны жайсаң жандармен танысып, ой бөлістік
2. Ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қорғаудың техникалық аспектілерін практикада қолданылуын азды-көпті жадымызға құйған болдық (осы жазбадан-ақ, саяси-әлеуметтік аспектілерінінің лекциясына — шеберлік сыныбына бармай, техникалық аспектілерінде қалғаным көрініп тұр. Оған себеп, Тимур Бектұрдың «Ақпараттық қауіпсіздік: құралдар, әдістер, мысалдар», Өмірбек Құрбанбаевтың «Хакинг және фишинг: ғаламторда жеке құпия мәліметтерімді қалай қорғай аламын?!» деген тақырыпта дайындаған лекциялары мен үшін бәрінен қызықты болды)
Форум біте салысымен Бауыржан Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысында орналасқан «Избушкада», одан әрі қарай «Керуенде», одан шыға сала «Думандағы боулингте» өз жалғасын тапты, үйімізге солай түнгі 1:30 жеттік. Көкбөрі ағайымыз әрі қарай футболға мегаға жол тартқан еді. Айтпақшы, Аршат мырза, жүлдеңіз құтты болсын! Ендігі кезек суреттерді сөйлетсек, Алматылық Мәулен елордаға алғаш келіп, хит болып жүр......

3 пікір