"Көк" - сөзінің қандай мағыналарын білесіз?

Көк — бір түсті білдіреді
Көк — аспан сөзінің синонимы
Көк бөрі, көкжал — қасқырдың мықтысы, күштілікті меңзейді
Көгерген тамақ — бұзылған, тұрып қалған
Көк жөтел — ауру аты
Көк бет — әркім әр-қалай түсінеді
Еркек және көке сөздеріде сол «көк» сөзінен шыққан деп ойлаймын.
Қазақ тілінің майталмандары ары қарай жалғастырып жіберсеңіздер.
Әрі қарай

Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

Қыркүйек айының 24-26 күндері аралығынға шығыс өңірінің халқы өзге аймақтардан қалыспай Құрбан айт мерекесін атап өтті. Халифа Алтай атындағы орталық мешітте таңғы Айт намазы оқылып, дұға етілгеннен бастап, мереке өз жалғасын тапты.
Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа мал шалынып, оның еті үш бөлікке: өзіне, туыстарына және мұқтаж азаматтарға таратылып берілетіндігі көпшілікке аян. Бірақ, биылғы жылы құрбандыққа… 4 қыз шалыныпты. Дәл осындай отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап, жастардың арасында мереке шырқын қашырды.
Жастар арасында әлеуметтік желі, соның ішінде Вконтакте, WhatsApp желілері арқылы таратылған суретте Бахабистер қыздарды құрбандыққа шалу үшін ұрлап жатқандығын айтса, жедел таралған аудиожазбада: «… қыздары! Жаңа хабарландыру болды! Байқап жүріңдер жолдан! Экстремизм жүріп жатыр! Осы қаладан 4 қызды ұрлап кетіпті. Ешқайда бармаңдар. Бүгін үйде отырыңдар. Ешқандай таксимен жүрмеңдер. Кешке көшеге шықпаңдар! Түсінікті ма? Үйде болыңдар. Осылай бәрлік қыздарға жетізіңдер. Па городу милиция жүріп жатыр» (жазба редакциялық жөндеуден өтпеген) деген саңқылдаған қыздың дауысы бірден жас буын өкілдерін дүрліктірді.
Дәл осындай хабарландыру 2012 жылы көптеп таратылған еді. Онда Оңтүстік Қазақстанда, Қарағандыда экстремисттер көшеге қағаз лақтырып, онда 40 баланы құрбандыққа шаламыз деп жарияланған-мыс. Сол жылдан бері дәл осындай хабар жаңа жылда, наурыз мерекесінде емес, Ораза айтта да емес, дәл Құрбан айтта таратылады.
Айталған хабар аясында тек әлеуметтік желілер ғана бір шулап қалды. Ал ресми ақпарат таратушы ғана емес, бейресми сайттардың өздері де бұл тарапта ауыз ашпады. Тек abai.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасаған «Құрбандыққа «Адам шалады» деп алаңдауға негіз жоқ» деген мақаласында оның барлығы жалған екендігін көрсеткен.
Жасырмаймыз, балалар жоғалу үстіне. Дегенмен, оны дәл Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа шалынып, еті жіліктеніп, таратылып жатқан жалған ақпаратпен немесе дезинформациямен байланыстырудың қажеті жоқ сыңайлы. Себебі көріп тұрғандарыңыздай ешбір жерде ресми ақпарат таратылмады және сақтық шаралары жүргізілмеді.
«Қорыққанға қос көрінеді» демекші, тәуелсіз, зайырлы және дін бірлестігі орнаған елде отырып, күлкіге қалып жатырмыз. Әрине, «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағида бар. Жыл сайын «көрінбейтін адамдар» «көрінбейтін қыздарды» құрбандыққа шалғанына басымызды сұқпай, қалай ақиқат пен өсекті айыра білу керектігін үйренсек етті.
Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

Ақ қайың (әңгіме)

Айнала көктеп, күн жылына бере иесіз саябақта кісі қарасы көбейді. Бақтың жалғыз аяқ жолдарының бірінде адамдарға сая болған көне орындық пен көп жылдық ғұмыры бар ақ қайың бой түзеген. Бұл маң көп адамдардың сүйікті орындарына айналды. Бұл жер күннің аптап ыстығында көлеңке, күннің салқынында суық өткізбейтін ық еді. Жазда ерекше құлпыратын саябақта әсіресе жастар көбірек серуендейтін. Десе де бұл орын кәрі-жастың талай оқиғасына куә. Осындай күндердің бірінде ақ қайың қарттың қайғысына да куә болды. Қарттың ағыл–тегіл көз жасына бақ түгел суланғандай. Қарттың жүрегіндегі қайғы жүзінен ап – айқын байқалады. Бірақ қарт жүрегіндегі қайғы сырбаз қайың үшін жұмбақ күйінде қалды. Уақыт ақшамға таянғанда екі бала асыр сала жүгіре ақ қайың жанындағы орындыққа келіп жайғасты. Бала көңілі қалай кішкентай нәрседен қалса, дәл солай болмашы нәрсеге қуанады емес пе? Мектептегі қызықтарын айтып екеуі мәз – мейрам. Жүздері қуанышқа толы.
Кей күндері бұл маңнан арлы-берлі өткен адамдарда шек жоқ. Көк аспанға сұр бұлт үйіріліп жауын жауған кезде бұл маңға жан жуымайды. Адамдардың бір – біріне деген қарым – қатынастары осы іспеттес, тек жақсы кездері ғана қастарынан табылып, күннің күрт суығанындай басыңа қиындық түссе іргесін аулақ салады.
Ауа райы жанға жайлы тым ыстық та емес. Жанға тыныштық сыйлаған осы күні тәкәппар қайың өзіне қарай бет алған жарасымды жұпты байқады. Бүкіл әлемде тек өздері ғана қалғандай, бұл жұп бар дүниені ұмытқан. Бір –біріне деген ыстық ықыласты олардың көздерінен – ақ көруге болады. Сырт көз қызыға да қызғана да қарайтын айдын көлде жүзген қос аққудай. Махаббаттары пәк, адал, сенімдеріне сызат түспеген жұп екенін ақ қайың бірден түсінді.
« Ғашықтың тілі тілсіз тіл» ғой олардың әңгімелерінен мөлдіреген көздеріне ынтыға қарауы көп-ақ, екеуі екі жарты бір бүтін болып толыққан қос сыңар,құдды бір – бірі үшін жаралғандай. Махаббат бұл жұпқа бақ боп қонып, қуаныш боп шаттандырды, шаттандырды да кей күндері қамықтырды.
Екеуі бұл орында біраз уақыт қана отырса да, айналаны махаббат жылуына бөледі. Олар кеткенмен де осы жерде бейне бір сиқырлы сезім қалғандай еді. Жастық шақтың арман қуған кездерінде екеуі мұнда жиі келіп тұрды. Жаз күндері жан бітіп, ағаштар ішінен көзге ерекше сұлу көрінетін ақ қайың да оларды тағатсыздана күткен. Әр келулері үлкен қуанышқа толы. Ал бұл арадан ұзап кеткендері көңілге қаяу түсіретін. Иә, расымен олар айнымас серік, өмірдің сан белесінен бірге өтетін жұптар екеніне күмән жоқ. Олар бір- бірі үшін жаратылған болса, екеуі қол ұстасып бірге қартаюды тіледі.
Уақыт шіркін бір орында тұра ма, зымырап сағымдай өте берді. Бір минутта аялдамады. Арада бірнеше ай сынаптай сырғып өтсе де, қос ғашықтың қарасы көрінбеді. Кербез қайың бұл жұпты көргелі бері тәкәппарлығын ұмытқан. Алыс сапардан баласын күткен анадай ақ қайың оларды тағатсыздана күтетін. Салқын самал кештердің бірінде қадамын баяу басқан жападан жалғыз келе жатқан таныс бейне көрінді. Бұл қайыңның асыға күткені еді.
Көзді ашып жұмғанша қыз баяғы орынға келіп жайғасты. Қыздың жан дүниесін түсінгендей күн күрт өзгерді. Сіркіреп жаңбыр жауды, желдің де ұйытқуы біршама жоғарылады. Оның ішкі күйзелісі, жан қиналысы, көздегі мұң наласы, алқымына келген өксік, күннің бір күркіреп, бір тынышталғанымен астасып жатты. Өзі үшін бұл орын соншалықты ыстық, соншалықты бауыр басып қалғанын, талай естелікті қойнауына жасырғанын ол жаңа ғана түсінгендей.
Көздің жасыменен қыз ішіндегі бар қайғыдан кішкенеде болса жеңілдегендей болды. Қыздың жан қиналысын көру сұлу қайың үшін азап еді. Жылай –жылай моншақтап жауған көз жасы таусылардай. Қыз бейне бір дүлей желден сабағын көтере алмаған гүлдей, кенеттен зарлы қайғыны жұтып, мойынсұнғандай сабырға келіп, еңсесін біраз тіктеп кетуге айналды. Оның не себепті осынша қиналғанын қайың түсіне алмай дал болды. Әттең қайың адам болғанда оның бұл қайғысына ортақтасар еді. Жанына батқан не екенін сұрап, жұбатар еді. Оның сөніп бара жатқан үмітін қайта жағар еді.Қайыңның ішінде өкініш қалып қойды, оның соңынан көз алмай ұзақ қарады.Осы күннен кейін бұл орындық маңына, әсем де кербез ақ қайың жанына бұл жұп бір де бір рет оралмады. Көп уақытты осында өткізген қос ғашықтар әйтеуір бір келіп қалар, қимас естеліктерді еске алар деп үміттенді қайың. Үміті үзілмеген ақ қайың оларды күтумен болды және де ұзақ күтті. Алайда сағаттана тосқан жандардың шуағы көрінбеді…

Ботакөз Кенжеханова
Блог - botakoz201996: Ақ қайың (әңгіме)
Әрі қарай

Қалай-қалай құбылады теңгеміз? Келімбетов не десе де – сенбеңіз!

«Біз, турасын айтсақ, өз салымшыларымызға теңгелерін шетелдік валютаға айырбастап алуына мүмкіндік бердік. Үлгергендері Ресейден арзан тауар сатып алды. Мұндай сауда азаматтарға пайдалы болғанымен, Қазақстан экономикасының төмендеуіне әкеп соғады».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

2015 жылдың 20 тамызы ел экономикасының тарихындағы ерекше күндердің бірі болды. Теңгенің бір долларға шаққандағы бағамы – 258 теңгеге көтеріліп, шартты бірлік 69 теңгеге бір-ақ «секірді».
Әрі қарай

"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік

Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық...

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАстана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікҚұдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікРасымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!

Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАйтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікБіраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
Әрі қарай

Сенбілікке 81 мың адам қатысады

Астана жаңалықтары: Сенбілікке 81 мың адам қатысады
Сенбі күні Астана қаласында «Біз – таза қала үшін!» ұранымен жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 81 мың адам, 460 техника жұмылдырылатын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қоқыстардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.
Жалпы қалалық экологиялық сенбілік кезінде 3300 ағаш отырғызылмақ. Оның ішінде жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашы бар. Сондай-ақ, мектептер, балабақшалар және медициналық ұйымдар аумағында 3000-ға жуық көшет егіледі.
Шараға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен ұйым өкілдері қатыса алады.
Әрі қарай

Тарихың сенің тереңде

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Алайда Тәуелсіз Қазақстанның ең танымал тарихи символы Алтын адам. Тақырыпқа орайластыра салды дерсіз. Бірақ мына дала мен даланы мекен еткен халықтардың тарихын 550 жылмен шектеуге тағы болмас.

Ескерте кетейін, суреттегі экспонаттардың бәрі Есік музейіне қойылған. Бірақ бәрі бірдей Алтын адам табылған қорғаннан шыққан жоқ. Тек көненің көздерімен бетпе-бет кездескенде ой өзінен-өзі шапқылап, алысқа кетіп қалған болатын.
Әрі қарай

Пугачевтың үйі

Емельян Пугачевтың кім екенін айтып тарихты қопарып, сүйегін сырқыратпай-ақ бастай берейін. Орал қаласындағы Пугачевтың бір кездері тұрған үйіне бардым. Ағаш үй қайта жаңартудан өткен:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Бір қабырғада сол кездегі көтерілістерге қолданған қару-жарақтар, көтеріліс болған жерлердің карталары, көптеген миға қонбаған цифрлар, сарғайып кеткен біреулерге маңызды құжаттар:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Екатерина деген бір орыс әйелдің Пугаевтың көтерілісін басуға атсалысқандарға берген сый-сыяпаттары. Сый-сыяпаттардың құнды болғанына қарағанда жоғарыда аталған екі адам бір-біріне жұлдызы қарсы жау болған деп шамаладым. Не үшін екенін білгілері келіп бара жатқандар үшін Википедиядан біле салғандары оңайырақ. Сыйлықтардың ішінде көтерілісті басуға белсене қатысқаны үшін берілген алтын жіппен тоқылған қолғап назарымды аударды. Мүмкін алтын жіппен тоқылғаны үшін шығар:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Мынау патшаның тағы деді мұражай қызметкері. Кім отырғанын ұқпай қалдым, себебі алтын жіпті қолғаптан назарымды ала алмай алаңдап тұрған едім. Емельянның өзі отырған шығар деп шамаладым. Жоғарысында Екатеринаның портретінің үстіне салынған Пугачевтың суреті, авторы белгісіз:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Келесі бөлмеде сол кездегі жергілікті халықтың тыныс-тіршілігінен хабар беретін тұрмыстық заттар. Балық аулау құралдары:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Орыс пеші:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Әйелдер бұрышы: Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Ыдыстар, үтіктер:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Алтын жіппен тігілген қыздардың киімі. Алтын жіппен!Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Мұражайдың келесі бөлігі шаруашылық заттары:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Жазғы ас үй:Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Заттардың барлығының түпнұсқа болуымен қатар, мұражай ішін еркін аралап жүруге рұқсат беретіндері үстеме әсер береді екен. Сол кезде өмір сүріп жүргендей бір әдемі сезім жылт етіп те өтті. Қызық сезімде болдым: Елордадағы Ұлттық мұражайдан ала алмаған әдемі әсерді кішкентай Орал қаласындағы қайдағы бір орыс шошаласынан алу дегеніңіз нені білдіреді? Мүмкін мен патриот емес шығармын.Блог - BakytgulSarmek: Пугачевтың үйі
Әрі қарай

БАҒА БАҚЫЛАУДА!

Доллардың айы оңынан туып, бағасы шарықтау шегіне жетті. RBK сынды банктердің доллар бағасын 255 теңгеге дейін көтеріп жібергені белгілі. Доллардың қымбаттауы халық тұтынатын тауарлардыңда қымбаттауына əкелуде.Бұл қымбатшылықтың экспорттаушы бизнес өкілдері үшін тиімді болғаны мен қарапайым халыққа əзірге тиімді болмай тұр. Қазіргі таңда доллар бағасының тұрақталғанын естудеміз. Соған қарамастан сауда орталықтарында бағаның көтерілгені байқалады. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұру шамалы қиындық туғызып тұрғаны рас. Бірақ-та соған қарамастан қала, аудан, ауыл əкімдері бағаны бақылауда ұстауға тырысуда. Осы тұрғыда Түлкібас ауданының орталығы болып есептелетін Тұрар Рысқұлов ауылының орталық базарында бақылау шаралары жүрген болатын. Бақылауды тікелей аудан əкімі Қайрат Əбдуəлиев мырза жүргізді. Бақылау барысында бағаны көтерген саудагерлерге ескертулер жасалды. «Алдағы уақытта халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда болмақ» — деді Қ.Əбдуəлиев мырза. Осы сынды шаралар аудан көлемінде өткізілуде. Əзірге «баға бақылауда», алдағы уақытта да осылай жалғаспақ деп білеміз.

#БалнұрҮпібек
Әрі қарай