Балапан жазба)

Бұл «Балапан жазба». Күлмеңізші. Алғашқы жазбам болғандықтан ғой енді)

Блогымды бастамас бұрын, алғашқы постыма не жазамын деп 99 рет ойланып, 101 рет толғанып, бар күш-жігерімді бойыма жиып, ойымды тиянақтап, құдды соғысқа аттанатын жауынгер құсап әрең дегенде ноутбугымның пернетақтасына жан бітірдім) Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, жаңадан блог бастау мен үшін кішігірім той болып тұр. Бұрынырақ неден жасқанғанымды қайдам жазба жазуға жүрексінетінмін. Өзімді қамшылап, икемдеп, жазып отқан түрім осы) Алғашқы қадамыма ақ баталарыңызды беріп жіберсеңіздер түк қарсы емеспін) Негізінде осылай еп-еркін бастап кетуіме соңғы уақыттағы facebook-тегі блогерлік турасында қызу талқыға түсіп жатқан дүниелер әсер етті. Әсіресе Аршат Ораз ағаның блогерліктің не екенін нақтылап жазып ұғындырып берген жазбасы өте-мөте пайдалы болды. Нұрлан Жанай ағаның постын да айтпасам болмайды) Және де өзіме бұрын таңсық болған дүниелердің сырын ашуға бірден-бір әсер еткен нәрсе алтыншы блоқұрылтайдың менің қаламда — ТАРАЗДА өтуі. Иә, иә, мен Таразданмын) Жуалы ауданынанмын) Иә, дәл өзі! Бауыржан Момышұлының туған топырағынанмын, Шерхан Мұртазаның Мыңбұлағының суын ішіп өскен қызбын. Осы жерде мақтанбауым мүмкін емес. Мақтанам! Жуалы десе тік тұрам) Осы топырақтың қасиетін бойыма сіңіріп өскендіктен, білім мен іздену жолында жалқаулыққа жол бермей діттеген мақсатыма еңбектесем де, жеткім келеді. Дәл осыған келгенде мені қай жерде жүрсемде туған жерімнің қасиеті алға жетелейді. Сұмдық жақсы көрем!) Хош, қысқасы биылғы блогқұрылтай блогосфера әлеміндегі мен қатысқан алғашқы шара болғандықтан, кейбір кездерде «түс көріп жүргендей» күйде болғаным рас. Бірақ іштей «осылай-осылай адам болып кетем, білмегенімді ізденіп қуып жетіп аламын» деген ойда болдым. Ойымды іске асырамында!
Сонымен, мен мұнда не жазамын?
Ең алдымен, көзім көріп, көңілім түйсінген өмірдің түрлі иірімдері хақында ойларымды осында қорытатын боламын.
Одан соң өзімді қызықтыратын дүниелер жайындағы кішігірім зерттемелерімді жазамын. Ол көліктердің тарихы болуы мүмкін, ол Майкл Джексонның өмірі болуы мүмкін. Қысқасы ештеңеге таңқалмаңыз)
Келесі әлбетте, оқырманы жоқ болса да өз шығармашылығыммен бөлісіп отырамын. Ол әрине — ӨЛЕҢ!
Адам өміріне, психологияға қатысты посттарды да көзіңіз шалып қалуы әбден мүмкін.
Қыз бала болғандықтан сән әлемі, стиль, фэшн әлеміне де мың сүңгіп ізденемін. Спорт тақырыбында да жазуым әбден мүмкін. Еріншек болмауға әбден тырысамын. Жан-жақты болуға уәде беремін. Қысқасы, фантазиямның әл-дәрмені жеткенше дені дұрыс жазбалар жазатын боламын.
ПЫ.Сы: Осы жазбамды оқып отырсаңыз, маған сәттілік тілеп комент жазсаңыз балаша мәз боп қалам, ерінсеңіз ішіңізден тілей салыңыз) Құдайдан қайтады ғой):J
Блог - karshadai: Балапан жазба)
Әрі қарай

Мереке құтты болсын!!!

Блог - AyauIbrahimova: Мереке құтты болсын!!!
Қыздар мен Келіншектер! Əжелер мен Апалар! Арулар мен Құрбылар! Асыл Аналар мен Аяулы Ұстаздар! Шын жүрегіммен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Көңілдеріңзге көктемнің шуағын, отбасыларыңызға көктемнің жылуын, жүректеріңізге көктемнің махаббатын тілеймін! Əлемнің бар жақсысын аяқтарыңыздың астына төсеп жүретін ер азаматтарыңыз жандарыңыздан əрқашан табылсын! Шын ниетпен Аяу)
Әрі қарай

Псиxологиялық тест

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.
Өте қызықты. Менің уақытым 14 минут)))
Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек… уақытты санаймыз… кеттік:)

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

10 минутқа дейін уақыт кетсе, – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.
10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.
15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.
20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады.
Блог - alya: Псиxологиялық тест
Пы.Сы. Суреттің жоғарғысында тұрған 5 саналмайды.))
Әрі қарай

Ақша табудың қысқаша жолдары

Блог - madinarebrova: Ақша табудың қысқаша жолдарыҚұрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық.
Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады.
Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді. Мәселен, шет тілдерін жақсы білсеңіз, адамдарды оқытатын курс ашыңыз. Егер қолыңыздан техника жөндеу, антивирус орнату, әктеп-сырлау т.б. қызметтер келсе хабарлама тақталарына жазып, осы қасиеттеріңізді қосымша кіріс ретінде пайдалансаңыз болады.
Қосымша табыс. Жұмыскер немесе студент болсаңыз, жұмыстан не сабақтан бос уақытта қосымша табыс табуға мүмкіндік көп. Бала күтуші, көлігіңіз болса қызметкерлерді тасымалдаушы, курьер, хабарламаларды ілуші, т.б. қызметтерде істесеңіз болады. Бірнеше сағат істеп, бір күндік табысыңызды аласыз.
Блог немесе сайттан қаражат табу. Бұл өте қызықты жұмыстардың бірі. Пайдалы тақырыптарда блог жүргізіңіз. Бұл әдісте парақшаңызда рейтинг көтерілген сайын сізге пайда келеді. Қалай? –Оңай. Жарнама берушілерден, партнерлік бағдарламалардан, ақылы сілтеме мен мақала жариялап отырып, қаржы табуға болады.
Хэнд мэйд. Бұл өз қолыңызбен жасай алатын ерекше сувенирлер, білезіктер, т.б. заттар. Көп адам сыйлыққа ерекше зат іздейді. Егер ерекше дүниелер жасай алатын шебер болсаңыз, бұл пункт сіз үшін. Инстаграм, фейсбук, вконтакте, одноклассники, твиттер т.б. желілерге фотоға түсіріп, астына түсі, бағасын жазу арқылы жүзеге асырасыз.
Осымен тәмәм. Таңдау өзіңізде! Бір орында отырмаңыз, өмір өтіп жатыр! Күніңізді қызықты әрі пайдалы өткізіңіз. Қолыңыздан келгенше өзіңіз үшін жұмыс істеп, табыс табудың жолдарын қарастырып отырыңыз. Сәттілік!
Әрі қарай

Рахат ӘБДІРАХМАНОВ: "ПОЭЗИЯ ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС"

«Жанымның жазба нұсақасы», «Әдемі менің әлемім» атты жыр жинағының авторы, Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, ақын Рахат Әбдірахмановатың «Жүрегім» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Осыған орай, ақынмен поэзия төңірегінде азды-кем сұхбаттасқан едік. Сәтті сұхбатты сіздермен бөліскенді жөн санадым.
— Сұхбаттымыздың тұздығы ретінде тұсауы жаңа кесілген «Жүрегім» атты жыр-жинағыныздан сиясы кеппеген жаңа туындыңызбен бастасақ… Кітаптың «Жүрегім» деп аталуына не себеп? Жалпы ақындарға деген қолдау қандай?
— Ұқсайтын ол күндердің әлдиге әні…
Жаным-ай, жарық таңдай бал дидары!
Көктемнің берген бағы көзден ұшып,
Өткеннің өкініші жан қинады!

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…

Жоқ іздеп жүгіргендей белден белге,
Сенделіп түсіп кеттім сергелдеңге!
Күннен де жарық еді күлген жүзің,
Сен қандай бақытты едің мен келгенде!

Лепіріген қайран көңіл аласарып,
Білінді бал күндердің бағасы анық.
Мойныма асылушы ең шыдай алмай,
Есікті апыл-ғұпыл жаба салып!

Жалғанып үзілуде нешінші үміт?
Жалықтым өкінуден кеш ұмсынып…
Дәл қазір ештеңе де болмағанда,
Еркелеп жүрер едің есің шығып…

Жүректе дейсің бәрі сыр мен мұңның,
Елесі алаң-қамсыз жүрген күннің!
Түнімен қиналасың ұйықтай алмай,
Түсіңе келіп еді гүлмен кіргім…

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…
Шынымды айтсам, жыр жинағымды оқырмандардың сұраулары бойынша шығардым. Ал, енді оның «Жүрегім» деп аталуының қарапайым ғана себебі, ондағы өлеңдер жүрегімнің жазбаша көшірмесі. Бүгінде ақындарға қолдау жақсы көрсетілуде. Тек ақындарды іріктеу жағы дұрыс жолға қойылмаған. Кітаптың шығуына қолдау көрсеткен бала күннен бірге өскен достарым.
— Бәрекелді! «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп жатамыз...Қалай ойлайсыз бүгінгі поэзияда цензура бар ма?
— Ақындар әр заманда шындықты, халықтың жай –күйін жырлаған. Әр ақын өз шығармасында белгілі бір мәселелерді көтеріп, ақиқатын айтып жатады. Біз қазір Құдайға шүкір, еркін елде тату-тәтті тұрып жатырмыз. Сондықтан да, еліміздің одан ары дамуы жолында, бірлігі жолында қызмет етуге тиіспіз.
— Рахат аға, сіздің көп өлеңдеріңіз лирикалық бағытта жазылған. Лириканы өзіңізше қалай түсінесіз?
— Менің жазып жүргендерім — жүрегімнің сөзі. Қағаз бетіне түскен сезім. Лирика – ол өте мөлдір әрі пәк! Мен тақырып таңдап, идея іздеп, ізденіп жазбаймын. Дәл қазір қандай күйде отырмын, соны қағаз бетіне түсіремін. Ең әдемі жыр-ол ең шынайы жыр.
— «Күндер өтті ала да құла не бір,
Не көрмеді жалғанда мына көңіл?
Бақыт беріп бір сынап көріп еді,
Мұң құштырып тағы да, сынады өмір» дейсіз… «Бақыт» дегенді қалай ойлайсыз? Өмірде «Әттеген-ай» деген сәттеріңіз болды ма?

— Бұл жалғанға келген әр адамның өзіндік атқаратын қызметі, өз миссиясы бар. Мен жылдар өткен сайын, өзімді өлең үшін жаралғандай сезінуім артып келеді. Сорым да бағым да осы өлеңнің айналасында. Менің бақытым, өлеңді пайдаланып атақ не болмаса сый-сияпат алу емес. Менің бақытым-жүрегімдегі сезімді со қалпы өлеңге айналдырып, өзге жүректерге жеткізу. Әттеген-ай әркімде бар болғандықтан, менде де бар! Көп!
— Қазіргі таңда «сүйдім- күйдім» деп, бір өлең жазып, ақын атанып жүргендерді көзіміз көріп жүр. Жалпы бүгінгі поэзияны қалай бағалайсыз?
— Поэзия еріккеннің ермегі емес. Өлеңнің өз ғажабы мен өз азабы бар. Оны ұйқасын үйлестіре салып, әдемі сөздерді тізбектеп шығу деп ойлайтындар оңбай қателеседі. Бүгінде ақын көп деп жатады. Шын мәнінде ақын өте аз. Жүрекке жетпейтін, бірді екілі шумақпен ақынмын деп жүргендер өте көп. Біз поэзияны қадірлесек, әр нәрсені өз атымен атап, әркімді өз орынынан көруіміз керек.
— «Әннің сөзі рухы да, ал әуені сүйегі» дейді. Осы уақытқа дейін қанша әндеріңіз жарыққа шықты?
— Мен әнін де сөзін де өзім жазған 4-5 ән, сонымен қатар мен мәтінін жазған 30 шақты әндер орындалып жүр. Олардың қатарында, Ақбота Керімбекова, Ердос Қанаев, Нұрсұлтан Батырқұлов, Жаңабай Өтегенов, Ерлан Малаев, Төреғали Төреәлі сияқты бірнеше әншілер бар. Еркін Нұржан, Мақсат Базарбаев тағы да басқа әншілермен жаңа әндер жазу үстіндеміз.
— Сіздің көп туындыларыңызды өзге атпен ғаламторда жарияланып жатқаның жиi байқаймыз. Плагиат жайында не дейсіз?
— Иә. Ондай жағдайлар бар. Бірақ, мен нақты бір туындымды сол беті өз атынан жариялап жіберіп жатқан бауыр-қарындастарыма еш ренжімеймін. Олар әдейі емес, байқамай солай болып жатыр деп ойлаймын. Ал, енді өлеңдегі идея, ойыңды, тың теңеулеріңді өңін айналдырып өз өлеңі етіп жіберуді қоштамаймын.
— Алдағы уақытта шығармашылық кеш беру жоспарыңызда жоқ па?
— Шынайы өлең сүйетін оқырмандарымды жинап алып, алдарында өлең оқығым келеді. Менің арманым сол. Көрерменді белгілі бір эстрада жұлдызының беделімен емес, өлеңмен жинағым келеді.
— Сұхбатыңызға үлкен рахмет! Жазар дүниеңіз көп болсын!
Әрі қарай

Келіннің ата-енесіне төсек салғаны дұрыс па?

Жалпы кіші жүздің қызымын. Басқаларға қарағанда сонау 18 ғасырда өмір сүріп жатқандай сезінетінмін өзімді. Той-томалақ, кеңес, дау-дамай болса үлкен үй, көкенің үйі деп әкеме биге жүгінгендей үзіліссіз келіп отыратын. Қонаққа дастархан жайылса, өзіміздің қонақтарға деп бөлек бөлмеде дастархан жайылып,қыздарды күтетін. Ең дәмді, ең тәттінің бәрі қыздарымыздың аузында еді. Әкем мен анам ылғы „Ұл-үй иесі, қыз-төр иесі” деп, біздерді төрге шығаратын( әжем неге десек ертектеп айтып беретін)
Айтпағым не? Жасым 20 ға келгенге дейін тіпті тұрмыс құрғаныма дейін ер адамның денесін көрмеппін. Ағам марқұм арамыз 2 жас болса да менен қымсынып еті ашылып қалса орамалмен не жастықпен жауып отыратын. Үйде 3 қыз жалғыз ұл едік. Әкем мен анамның бөлмесіне жөнсіз кіріп көрмеппіз. Анам біздің киімдерді бөлек жуып, әкемнің киімдерін бізге үтіктетпейтін де. Екеуінің ұрыс-керісін көзбен көріп, құлақпен естімедік десек те болады.
Уақыт келіп алтын босағамды аттап мен де келін атанлым. Жаңа орта, жаңа үй бейімделу оңай емес. Қайын жұртым заманауиласып кеткендей бір. Әке үйімдегі дәстүрдің бірі де орындалмайды. (Ас қайырмайтындары таң қалдырды). Көкейімді тесіп жүрген сұрақтың бірі мынау, ата-енеме төсек салу дұрыс па әлде жоқ? Осы уақытқа дейін әкем мен анамның жатын төсегіне қолымды тигізіп көрмеппін, анам жолатпайтын еді. Құлағыма да төсегің таза болсын, өзіңнен басқа бөтен адамның қолы тимесін деп құйып тастаған. Енді өзімді тіпті зорлап та болса істете алар емеспін. Тым жеке басқа қатысты сияқты. Егер екеуінің бірі о дүниелік не жастары келген шал мен кемпір болса түсінер ем.Бірақ жастары жаңа қырыққа жетті. Бұл не? Келіннің көргенсіздігі ма, әлде ата-енемнің білместігі ме?
Әрі қарай

16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Киностан: 16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Нұржан мен Сәлиманың арманы — немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Әрі қарай

АТЛЕТТЕРГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

Қазақстандық ауыр атлеттер спорттан уақытша шеттетілуі мүмкін. Оларға Хьюстонда өткен әлем чемпионатында допинг қолданды деген айып тағылды. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлемдік додада күміс және қол медальді иеленген Жасұлан Қыдырбаев пен
Әрі қарай