Мен ашылып жаза алмаған тақырып...
Бозторғайдай жас жанымыз шарқ ұрып,
Қалам, қағаз жатыр мені шақырып.
Тіл ұшына кеп тоқтады өлең-жыр —
Мен ашылып жаза алмаған тақырып…
Іздеп теңеу, таппай қиял-ғаламнан,
Қаштым сол бір мазалаған ылаңнан.
Аппақ парақ пәк күйінде баяғы,
Ұялғаннан қаштым досым қаламнан.
Шабыт тұлпар, тұсауланды жосылмай,
Шумақ жырлар ақ параққа қосылмай.
Өлең менен алыстады жатырқап,
Бір кездері көргем жақын досымдай.
Келмейді өлең жолдары.
Бұрынғыдай сезім жоқ,
Қаламым солай оңбады.
Қалаған істен бой ұрғын.
Орнына бойын келсе еген,
Оралар қайта ой — қырғын.
Жолдарың қапты бытырап.
Екі сөзді қоса алмай,
Жастар неге құтырад.