Домбыра Party: Алматы және Шымкент (16.04.2013)

Сәлем, достар! Астаналық «керекшілердің» бастауымен өтіп жатқан Домбыра Party Қазақстанның түкпір-түкпірінде болуы заңдылық.  

Сөзді созбай, фейсбуктағы жазбаларды осындай салайын:

Nurzhol Tabigat:
Алматылық ағайын. Сейсенбі (16.04.2013) күні кешкі 19:00 Dombira Party-ға шақырамыз. Арамызда John Pannello. Қазақтың күйін, қара өлеңін сағынып жүргендер де бар болар. Ендеше, Республика Алаңындағы монументтың жанына жиналамыз.

Құрметпен,
Нұржол Табиғат

— Sadyk Sherimbek:
Хұрмәтлі ханымла вә әпәнділә  Астанадан башланған Домбыра чалмақ адатын бүгүн ла Чырайлық шәһәріміз Шымкенттә дауамлаштырмақ ниәтіміз вардыр ыхыххы, ойбай не деп кеттік, ұйғыр ағайындар шок боп қалған шығар
Иә, ощм, құрметті ағайын, Елордамыздан бастау алған осы бір дәстүрлі DOMBYRA PARTY шараcын Шырайлы қаламыз Шымкентте өткізсек деген ақ ниетіміз бар еді. Сондықтан, осы жердегі біраз, ақылы асқан, мерейі тасқан бауырларымызбен мәжіліс жасай келе ертең, яғни, Сейсенбі|Сешанбә|Вторник|Salı|星期二|Selasa|Jumanne 16.04.2013 күні сағат кешкі 20:00-де «Ордабасы» алаңының жоғарғы жағындағы «Тәуелсіздік» саябағында Шымкент қаласының үстінееен қараааап отырып, сұлу панорамадан ләззат алып өткізуді жөн көріп отырмыз. Домбыра тартатындар домбырасымен, ал жай ғана тартатындар былай келе беріңіздер  Тәуелсіздік саябағының қақ төрінде тұратын әр ұлттың суреттері бар шеңбер кейпіндегі монументтің алдында боламыз  Баршаңызды сонда күтеміз

Фейсбуктағы Домбыра Party парағы: www.facebook.com/groups/319847841473949/

Астанадағы домбыра тартудан көрініс:

Әрі қарай

Қолымнан келеді

Бұл төмендегі видеодағы әннің аты. (Авторы: Джейсон Барри) Оның әсерін шығу тарихы еселей түседі. Наурыз айында Канаданың Китченер қаласында хоккейден халықаралық арнайы турнир өтті. Бұл жерде ең маңызды сөз – арнайы. Өйткені, спортшылардың барлығы дамуы кенже қалған балалар. Олардың коньки теуіп, хоккей ойнай білуі міндет емес. Алаңға шықса болғаны. Бастысы көңіл көтеру. Әншейінде мүмкін еместей көрінетін әрекетті дәл қазір істеп көру. Көппен бірге болуды, ортақ мәселені шешуді үйрену.
Әрі қарай

Тәтті сезім...

Әдетте сезімнің тәттісі де, кермек тартқаны да болады. Оны «дәмін» көргендер ғана біледі… Ал, менің татқаным тәтті сезім ғана…
Блог жазуыма бір себеп — өзіммен — өзім сырласудан құтылу ғана. Кейде, бостандықта жүріп те жалғызсырайтын сәттер болады. Қиын шақ осы шығар бәлкім. Ол менен алыста болса да, біздерді сағыныш сезімі жақындастырады. Сағына отырып, қадірімізді білеміз. Сағына отырып жылаймыз. Сағына отырып сырласамыз. Сағынысып барып, кездесеміз…
Соңғы кездесуіміз бірнеше күнге созылғанымен, сағыныш басылмай кетті. Жүректе сағыныштың сарқыншақтары қалды. Кейде сол дұрыс па деп қаламын… «Сағыныш» атты сарғайған гүл қайта гүлдемесе, алыстаған кезеңде тамырына су жетпегендей болып, сезімнің "қурап" қалмасына кім кепіл?
-Қоштаспаймыз кездесеміз.
-Әрине!
Жол үсті. Ойланып келем. Мен жерде, ол әуеде. Ойымыз мүмкін бір жерде… Нәзік сезімімді аялай білген асыл жан сонысымен де бағалы, сонысымен де қымбат. Сол үшін де менің сезімім тәтті...
Әрі қарай

Шираз шарабы

Бейсембай Кенжебаев Оңтүстік Қазақстан, Ордабасы ауылының тумасы. Ғалым қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген. М. Мағауин, Ә.Кекілбаевтардың ұстазы болғандығын бұрын білетінмін. Менің қолыма алғаш тиіп отырған «Асау жүрек» атты кітабында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен жазылған деректі әңгімелері, ой толғамдарымен бірге шетел жазушыларынан аудармалары топтастырылған еңбегі арқылы жазушыны аз да болсын танып қалғандаймын. Бұл қазақшаға аударылған әңгімесі Бехазин атты жазушыға тиесілі екен.
Анам маған Шираздан — Хафиз қаласынан, тәтті қиял қаласынан екі шөлмек шарап жіберіпті…
Мен оған еш уақытта шарап жібер деп айтқан емес едім. Тіпті, ондай ниет те білдірген жоқ едім.
Қашан көрсең жайнамаз үстінде көзіне жас алып отыратын анамның мұндай «Нуна» істеуі ананың баласына деген қамын, махаббат күшінің құдыреттілігін байқатады.
Әрі қарай

Оппозицияға сұрақ

Қазіргінің алдындағы Мәжіліс таратылғанда барлық оппозициядағылар мәз болып күлгені естеріңде ма? Былай деп еді ғой: "Қайда сендерді сайлаған 80 пайыз? Өздері сайлаған Мәжілісті неге қорғамайды? Көшеге 80 пайыз түгілі 80 адам да шықпады ғой. Сайлауда қалай жеңгендерің көрініп қалды ғой." Сөйтіп алып: «Сайлауда біз көп дауыс аламыз ылғи. Егер сайлау адал өтсе біз парламенттегі негізді орынды алатын едік. Халықтың сөзін сөйлеген соң олардың барлығы бізді қолдайды.» Өздері бір дауысты санап, статистика жүргізіп қойғандай. Өткенде Әміржан Қосанов ағамызды өздерінің жиналысына кіргізбей қойғанда көшеге 50 мың мүшесінен елу адам да шыққан жоқ. Сонда қолдайтындар қайда болды? Олар өздерінің социал-демократиялық идеяларын ұмытып қалған ба? Парламентке жаңадан сайлау болса қанша процент аламыз деп ойлайды? Бәріне ортақ сұрақ: бұл оппозицияның проблемасы ма әлде барлығымыздың проблемамыз ма?
Әрі қарай

11.06.12

Керемет әлем,
Көрініс әсем,
Көкте күні күлімдеген.

Аспаны ашық,
Тағы да жарық,
Жұлдызы жымың қағады.

Жайқалған гүлдер,
Жап-жасыл шөптер,
Көңіліңді көкке көтерер.

Тап-таза ауа,
Ауруға дауа,
Бойыңа шабыт, рух берер.
Әрі қарай

БЕСІК ЖЫРЫН БІЛЕ МЕ, ЖЕҢГЕЛЕРІМ?

«Бесік» жыры… Бесік және жыр!
Осы бір құстың қос қанаты іспеттес егіз ұғым нақ күні кешеге дейін Алашымыз үшін ешбір асылға айырбастамас, баға жеткісіз құндылық. саналатын-ды. Олар үшін бесік пен жыр киелі де, кепиетті ұғым-тын. Осынау өмірлерінің басты өлшемі болып табылатын құндылықтарға тәубе дей отырып, тәу ететін де еді олар. Бесік пен жырды төбелеріне көтере, марқая масаттанатындары да рас-тын. Алашым үшін бесік пен жыр ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе тіктеуінің де негізі болып табылатын.

Ал, бүгін өкінішке қарай, бағзыда өткен Елтеріс, Тоныкөк, Күлтегін, Еділдейін баһадүр бабаларымыз тербеліп өскен бесік те, олардың бойына нәр-қуат берген бесік жыры да өздерінің теңдесі жоқ қадір-қасиетін жоғалтып, архаизмге айналып отыр. Осынау ұлтымызды құрдымға алып бара жатқан жосықсыздыққа ешбіріміз селт етер емеспіз.
Япыр-ай, сонда осылайша қағымыздан жерініп, ата-бабаларымыздың аманатынан, ұлттық салт-дәстүрлерімізден безінгенде қайда барып оңбақпыз? Ұрпағымыздың ертеңгі күні не болмақ? Келешек алдында не деп жауап бермекпіз? Ой-тоба, мұнан асқан сұмдық болмас сірә. Қайда бағыт алып бара жатқанымызға бір сәт мән берсек етті? Бүгінгі күні «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тағылымды тәмсіл де адыра қалғандай. Япыр-ай, егемендік алып, еңсе түзедік пе дегенде, шын «зар заманға» енді тап болғандаймыз-ау, тегі. Жоғарыда баяндалған жайттардан кейін бұлай демеске біздің әддіміз де болмай отыр.
Ал енді осынау өзіміз тілімізге тиек етіп, отырған өзек жарды өткір мәселе туралы қарымды қаламгер Аян (Сейітхан) Нысаналин не деп толғанады екен? Қанеки, құлақ түрелікші. («Зерде» кітабынан):
«…. мен естіген ең ғажап ән – «Бесік жыры». Қандай өміршең, қандай мұңды! Шындық бет-жүзіңе қаратпайды. Хан ба, қара ма, талбесікте тербеліп жатқанда нәрестеге бәрібір секілді, даңғаза дүние таң шығындай мөлдіреп, періштедей бал-бұл жандырады. Оның құлағына әлгі әспет әуенмен бірге ұлы дала жыры келеді. Қайдағы-жайдағы сағыныш сарыны еміс-еміс талып жетеді. Сайын сахара, түз тебініндегі тарпаң тұлпарлар тұяғының дүбірі, бозала таңда титтей, ноқаттай болып таңдайынан әуез төгетін бозторғай, түгел тіршілік сәби сезімін қытықтайды оятып. Маған анам айтып, Ханзада әпкемнің аузынан жазып алған «Бесік жыры» әлі күнге дейін әлдилеп тұрғандай:
-Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқасқаның құйрығын,
Жіпке тізіп берейін.
Құйрығындағы сатпағын,
Быламық қылып берейін.
Оның дәмін кім татар,
Жеңгелері татар.
Сейітхан деген туыпты,
Ту биені сойыпты,
Аталары жиналып,
Атын Сейітхан қойыпты.
Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қараның бегі хандар-ай,
Сейітхандікіне түсе кет,
Шай самаурын іше кет!
Қанша қонақ келсе де,
Есебін оның табады.
Сейітхан күтіп алады.
Сейітхан деген бір кісі,
Арабаның тіркесі,
Шаудан қалпақ басында,
Ханның қызы қасында,
Саудырайды теңгесі,
Теңгесінен бермесе,
Өкпелейді жеңгесі.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Уыз дәмін тат, көкем.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Менің азамат атанып, ақын болып қалыптасуыма осы «Бесік жыры» өзінің ізгі ықпалын тигізді деп ойлаймын».
Аса қадірменді оқырман! Жыр жампозы шерткен осынау бір үзік сыр біздің де көкейіміздегіні дөп басып, «Бесік жырының» ұрпақ тәрбиесіндегі орыны мен мән-маңызын жетемізге жеткізе түсіндіріп отыр деп білеміз. Ендеше, ел ертеңіне алаңдайтын, ардақты ағайын, бүгінгі күннің «бас ауруына» айналып отырған маңызды мәселеге бей-жай қарамалық. Барша келіндердің «Бесік жырын» біліп жүруіне түрткі болалық.
Әрі қарай

Chance күнделігі: Vida

Chance-тың жаңа түрі шығыпты. Бәрін басынан бастайын.

Chance украиндықтардың төл машинасы емес. Мысалы бірінші «Chance» — бұрынғы «Daewoo Lanos» (кейін «Chevrolet Lanos») екенін бұған дейін жазғанмын.

Укрина «инженерлері» келесі моделге бас ауыртпай, 2008 жылы шыққан Шевролет Авеоның (Chevrolet Aveo) логосын алып тастап, Vida деген ат беріпті. Қарсы алыңдар, алдарыңда Chance Vida (седан мен хэтчбек):


Әрі қарай

Достарым барда

Досы көпті жау алмайды деген халық даналығы бар. 100 теңгең болғанша 100 досың болсын деп орыс мақалын да аударып алып қолданып жүрміз. Достың бары жақсы ғой әрине. Бірақ менде көп емес.
Бала күнімізде, шіркін, көп сияқты еді. Төбелесте жаныңда бірге болғанның бәрін дос көретінбіз. Есейе келе біртіндеп қатары сиреп кетті. Әркім өзінің ниеттесін табады екен ғой. Мектептегі достарымнан саусақпен санарлығы қалды қазір қасымда. Алыста болса да, солардың анда-санда қоңырау шалып жағдайымды сұрағаны бір серпілтіп тастайды. Күшікі кезімізде бірге таланған соң ба, олардың орны ерекше.
Ал бүгінгі таңда жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып жүрген мына суреттегі 5 досым. (Сол жақтан 2-і тұрып тұрған өзім). Студенттік өмірді бірге өткізіп, «бір кириешкиді 6-ға бөліп жедік» деп айтамыз өз арамызда. Расымен солай. Әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетсем.
1) Оң жақ шетте қара киімде отырған – Дәурен. Жаңақорғанның жігіті. Денесі қандай үлкен болса, пейілі де сондай кең. Мәрт жігіт. Достарымыздың біреуі үлкен сомадағы ақша іздегенін біліп қалса, өзі қарызданып тауып беруге тырысады. Қалада болмай қалып, жұмысың бітпей жатса Дәуренге тапсырсаң – ол өз шаруасын қоя салып сенікін бітіреді.
2) Одан кейін Айдар. Жаркенттің тумасы. Бірбеткей, тік мінезді жігіт. Артық уәде бермейді. Достарының барлық қуанышы мен қайғысының ортасында. Біздің кейбір қылықтарымыз бен жігерсіздігімізді көрсе бетімізге басып отыратын да сол. Сол тура айтқандығының арқасында өз ортамызда белгілі бір дәстүр қалыптасты. Бәрі бір ретпен өтеді.
3) Галстук таққан – Ержан. Біздің диспетчер. Ұйымдастырушы. Басымызды қосып, айлап болса да үлкендігін пайдаланып ағалығын жасап жүреді. Оның үйі Астанаға жақын болғандықтан үй-ішімен де етене араласып кеттік. Қазір ол кісілер бәріміздің екінші ата-анамыз сияқты. Ауылды сағынғанда сол кісілерге бір барып қайтамыз. Жақсы дос – туысыңнан артық.
4) Алмас. Өмірге көзқарасы қызық жігіт. Арамызда кей кездері темекі шегетін де сол ғана. Бірақ, достарына десе жаны бөлек. «Сыныптастың, группаластың бәрі дос емес» дегенді содан естідім.
5) Сол жақ шетте Бейбітжан. Дастархан жайылған отаудың иесі. Тұйық мінезді, көп сөзі жоқ жігіт. Бізді қиын жағдайда тастаған емес. Жігіттер кеңесі бастаған істерден тыс қалмайды.
Шешімі қиын түйіндерге кеңесетін қабырғам осылар. Менің қарабайыр тілім достықтың мәнін аша алмады білем. Мұқағали ақынның жазғанымен түсіндіріп көрейін.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық

Достық туралы айтарларыңыз болса…
Әрі қарай