Шираз шарабы

Бейсембай Кенжебаев Оңтүстік Қазақстан, Ордабасы ауылының тумасы. Ғалым қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген. М. Мағауин, Ә.Кекілбаевтардың ұстазы болғандығын бұрын білетінмін. Менің қолыма алғаш тиіп отырған «Асау жүрек» атты кітабында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен жазылған деректі әңгімелері, ой толғамдарымен бірге шетел жазушыларынан аудармалары топтастырылған еңбегі арқылы жазушыны аз да болсын танып қалғандаймын. Бұл қазақшаға аударылған әңгімесі Бехазин атты жазушыға тиесілі екен.
Анам маған Шираздан — Хафиз қаласынан, тәтті қиял қаласынан екі шөлмек шарап жіберіпті…
Мен оған еш уақытта шарап жібер деп айтқан емес едім. Тіпті, ондай ниет те білдірген жоқ едім.
Қашан көрсең жайнамаз үстінде көзіне жас алып отыратын анамның мұндай «Нуна» істеуі ананың баласына деген қамын, махаббат күшінің құдыреттілігін байқатады.

Анна жүрегі ет пен су тәрізді. Ол әрі қайырымды, әрі қаһарлы. Сол жүректің әмірі бойынша міне, шөлмек шарап: жұпар иісті, алқызыл, әрі ащы, әрі тәтті шарап келді.

Мен шөлмектерді ашып екеуінен кезек-кезек шарап құйып ішіп отырмын. Анам сүтін еміп, соған елтіп, өсірген күндері есіме түседі.

Анам! Мейірімді батыл анам! Сенің бұл қасиетті сусынды қоймадан алып, маған жіберуіңізге не себеп болғанын мен білемін. Сен: балам күресте қиналып, әлсіреп қалды деп ойлайсың; осы шараппен болса да маған дем, әл-қуат бермек боласың.

Жоқ, анам! Мен әлі қайраттымын. Өзіңнің маған сергек, күшті, төзімді болуды үйреткенің есімде. Көр, қадамым жігерлі, қолдарым қатты. Өйткені алдымда күрес.
Маған шарап керек емес. Менің қаным онсыз да қайнаған. Шарапты мен сенің денсаулығыңа, сенің жібектей қолдарыңды өбіп, саған алғыс айтып ішемін, анам!
Бөлісу:

4 пікір

Nurshat
Мен шөлмектерді ашып екеуінен кезек-кезек шарап құйып ішіп отырмын. Анам сүтін еміп, соған елтіп, өсірген күндері есіме түседі. "+"
Соңғы түзету:
temir1986
мммм қайдан табуға болады.
Aya
«Ордабасы» 2004 ж
bireumin
бiз агдам, саяхат, партвино ишетiнбiз, жасырынып. Казiр модадан калдыгой олар. Ендi сладост лазы гана.