Қолымнан келеді

Бұл төмендегі видеодағы әннің аты. (Авторы: Джейсон Барри) Оның әсерін шығу тарихы еселей түседі. Наурыз айында Канаданың Китченер қаласында хоккейден халықаралық арнайы турнир өтті. Бұл жерде ең маңызды сөз – арнайы. Өйткені, спортшылардың барлығы дамуы кенже қалған балалар. Олардың коньки теуіп, хоккей ойнай білуі міндет емес. Алаңға шықса болғаны. Бастысы көңіл көтеру. Әншейінде мүмкін еместей көрінетін әрекетті дәл қазір істеп көру. Көппен бірге болуды, ортақ мәселені шешуді үйрену.
Видеода хоккей ойнамақ түгілі сырғанауды білмейтін кішкентай балаға үлкендеулері көмекке келеді. Жабыла жүріп… Жә, енді видеоны қарай беруге болады.

Адам баласына берілген ең терең қасірет – өз басына түспейінше өзгенің қайғысын түсіне білмеу шығар. Бірақ, осындай сәттер барлық адамның тең екенін, қайғымыз да, қуанышымыз да ортақ болуы керектігін ұқтырады. Әннің аты «Қолымнан келеді», ал, видеоға «Алғашқы әрі үздік гол» деп ат қоюға болады. Шынымен де, өзіміздің үздік голымызды соғу бәріміздің де қолымыздан келеді.
Бөлісу:

4 пікір

torgai
Тек қана айналасындағыларға керек екенін сезінсе құлшынысын жоғалтпайтын күреске жандар ғой мүгедектер.
Marco
Барыстың базасында осындай акция ұйымдастырса ғой, балалар бір мәз болып қалатын.
torgai
«Барыс» сөйтіп пайда келтірер еді ең болмаса. Әйтпесе «КХЛ»-сы көтен зорлық қой
madikon
керемет екен… барлық жаман да жақсы да идеялар шет елден табылп жатады…