Канадалық суретші Лю Идің жұмбақ суреттері (ЕСКЕРТУ: 18+)

Ли Ю — канадалық суретші, шыққан тегі Қытай. Жалаңаш қыздар не ойнап отыр? атты жазбада оның «Пекин 2008» атты суретінің мағынасын оқып, талқылаған едік. Суретшінің бұған ұқсас басқа да суреттері көп екен. Жеке сайтында жарияланған суреттерді ұсынбақшымын. Бірақ бұл жолы суреттерге түсініктеме берілмеген, тек аттары жазылған.
Ескерту! Суреттер 18+ жанрында.
Әрі қарай

Қолымнан келеді

Бұл төмендегі видеодағы әннің аты. (Авторы: Джейсон Барри) Оның әсерін шығу тарихы еселей түседі. Наурыз айында Канаданың Китченер қаласында хоккейден халықаралық арнайы турнир өтті. Бұл жерде ең маңызды сөз – арнайы. Өйткені, спортшылардың барлығы дамуы кенже қалған балалар. Олардың коньки теуіп, хоккей ойнай білуі міндет емес. Алаңға шықса болғаны. Бастысы көңіл көтеру. Әншейінде мүмкін еместей көрінетін әрекетті дәл қазір істеп көру. Көппен бірге болуды, ортақ мәселені шешуді үйрену.
Әрі қарай

Жұмыртқа тәрізді күркеше

Үй сатып алуды қалтасы көтермеген Канадалық Жоел ЕЛЛЕН атты жігітке аяқ астынан бір ой келіп, ағашқа күркеше салып сонда тұрмақ болады. Ол, айлар бойы ізденіп, орманның тас жолға жақын оңай байқалмайтын бір жерінен үй салатын орын таңдап алған. Онан кейін үйдің дизайнын сызып жобасын жасайды. Содан неше жыл уақыт жұмсап жұмыртқа тәрізді күркешесін жасап шығыпты.

Әрі қарай