Қазақ тілі бай тіл ме?

"Қазақ тілі әлемдегі ең бай, тың, құнарлы, пайдалы, шұрайлы, ......" деп келетін асыра сілтеп мақтайтын ана тіліміз, яғни қазақ тілі бай тілге жата ма?

1) Қазақ тілі — бай тіл, өйткені бұл сөзді айтатын адам қазақ тілінен басқа тілдерді білмейді. Олай болса, өмірлік құралы болған қазақ тілі бай болмағанда, қай тіл бай болсын?!

2) Қазақ тілін бай тілдердің қатарына жатқызу әлемнің басқа да бай тілдеріне жасалған қиянат болар еді. Бай мұрасы мен беделі бар ағылшын, француз, испан, неміс және орыс тілдерінің қатарына қазақ тілін қосуға болмайды. Жер бетінде 9-10 миллиондай-ақ адам сөйлейтін тіл кемінде 100 миллион адам сөйлейтін тілмен қалайша дәрежелес бола алсын?!
Әрі қарай

Шешендерді іріктеу: 8-ші билет кімге бұйырады?



Сонымен бізде ширек финалда 7 анықталған ойыншы бар. 8-ші дебатерді анықтаудың жолы былай болмақ:

1) Үміткерлеріміз төменде берілген 4 пікірдің бірін таңдап, соны жақтайтын/даттайтын жазбасын маған жеке хат қылып 19-Қыркүйек (дүйсенбі), сағат 10-00-ге дейін жібереді. Жазба мейілінше ықшам, әрі түсінікті болғаны жөн. Сондықтан қатысушылар асықпай, дұрыстап, қатесіз, ойланып жазғандары дұрыс. Екінші шанс болмайды.
Әрі қарай

TERISKEI айналайын келбетіңнен:))

(87.17 Kb, 1024x768)

Сайтымыздың «белді» қолданушыларының бірі @TERISKEI ініміз бүгін «бақандай» 22-ге толып отыр:)) Денің сау, көңілің шат болсын, отбасыңа амандық тілейміз. Сәттілік серік болсын әрдайым деееп, Мұхтар ақынның мына бір әдемі шумақтарын жариялап
Әрі қарай

Қызбалаға өзгеше, әдемі есім қою керек болып жатыр!!!

Алдыңғы күні біреу түсімде: — Мысыққа басыңды сипатып көрші. Соның өзінен де мейірім сезінесің!-дейді.

Талғат, Жәнібек, Аяулы, Гүлжан, Серік, Айбек, Балжан… Санап біте алмайсыз. Өйткені адам есімдері өте көп.

Осыдан сегіз ай бұрын анам маған қоңырау шалып өзінің жүкті екенін айтты. Қуанғанымды-ай! Енді міне айы, күні жақындап, УЗИ дегенге түсірген екен, қыз екендігін айтыпты. Қалпағымды аспанға лақтыра қуандым. Қалпағым әлі түскен жоқ:)

Құрметті де көңілі ашық керекинфо блоггерлері. Сол қарындасыма ат керек енді. Анамдікі сияқты (Анамның аты — Бірсұлу) ешкімдікіне ұқсамайтын, ешкімде жоқ ат қойғым келеді.

Ойларыңызда жүрген (немесе ойланып) жақсы есімдерді осында жазсаңыздар, дән риза болатын едім…
Әрі қарай

Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...

Блог - aktobe88: Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...Ол кезде біз орта мектептің жетіншіііі, жоқ сегізіншііііі… әлде тоғызыншы сыныбында ма, оқитын едік. Ауылдағы мал жайлау мен қонаққа барудан басқа шаруасы жоқ кемпір-сампыр, шал-шауқанын қойып, жалғыз көзі ашық жұрт саналатын мұғалімдерін де телебізірдің алдына телмірткен «Асау жүрек» бәріңіздің естеріңізде шығар. Біз сияқты ши борбайлар мен жалбыр шаштар екі бастан… Кешкі алты болса «Юсуф» көреміз деп экзаменнің консультациясына бармай қоятынбыз. Бәрінің аузында «Юсуф», «Юсуф» емес-ау, «Есуф». Үлкендер жағы «Жүсіп» десетін. Сосын «Торғай».
Әрі қарай

Ақтөбе!

Блог - AKA: Ақтөбе!
Сәлем бердім, керекшілер! Әне-міне дегенше жаздың соңғы айы да аяқталып қалды. Биылғы жаз да әсерлі әрі қызықты өтті, шүкір!
Әрі қарай