TERISKEI айналайын келбетіңнен:))

(87.17 Kb, 1024x768)

Сайтымыздың «белді» қолданушыларының бірі @TERISKEI ініміз бүгін «бақандай» 22-ге толып отыр:)) Денің сау, көңілің шат болсын, отбасыңа амандық тілейміз. Сәттілік серік болсын әрдайым деееп, Мұхтар ақынның мына бір әдемі шумақтарын жариялап жіберсееем:

Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған!
bk
Бөлісу:

64 пікір

TERISKEI
@sammita ханым! Алла разы болсын!!! Сіз де бақыттың балын жалап, сәттіліктің сарайында сапар шегіңіз!
Zilola
Інім, туылған күніңмен.
Денің сау болсын, асханадағы шедевірлеріңмен туыстарыңды қуантып жүре бер :)
TERISKEI
рахмет, әпке, ризамын тілектеріңізге! Алла алдыңыздан жарылқасын!
satibaldi
Мен қазір жылайм.
KILYZAMAN
Той томалақта — өзбек(ұйғыр) іздеп әлекке түспейақ қойсақта болады екен ау…
edige
Бауырым Құтты болсын!!! Өмірің ұзақ, мазмұнды болсын!!! Көп жаса
sammita
туған күніне барып қайтсай:)))))
edige
Ойда тұр сол :))) Інілікке тұратын азаматқа ағалық жолын жасау маған тұл…
sammita
Ертең @TERISKEI мына жерде ебіл-дебіл боп әңгімелеп отырмасын «Едіге сүйтті» деп:)
satibaldi
дебіл
Мынау сені хохолша дебил деп, жасырын мазақтап отыр.
edige
Менің жаман мінезім жоқ :))))
TERISKEI
Ризамын аға! Сіздей ағалардың інісі болу — біздер үшін мақтаныш!
patick
Құтты болсын! Жүз жасаған қария бол.
TERISKEI
алғысым шексіз сізге, Патик батыр!:)))
asaubota
Сүйікті қызың екеуіңе бақытты, махаббат толы жылдар тілеймін! :)
ushkin
Туған күніңмен, Мейірбек!!! Аман бол!
monti
бүгін кешке керекте жабық пати деңіз :)
құтты болсын!
Nurgisa
Кім келмеген 22, келген жалғыз сен емес,
Орындалмас армандарды күнібұрын жерлемес.
Қиқу-шиқу, тек жылтырақ сағымға
Бой жыққызған — кеңкелес.

Ретіменен істе бәрін, қайдан өзің білесің,
Төзім болса күйзелмессің, күлесің.
Бәрін сұмдық біліп қойдым деуден аулақ бол бала,
Ғұмыр бойы бітпейді бұл күресің.
TERISKEI
Рақмет аға!
Керек кеңес айтқандарың біздер үшін ол да аса!
Мол абырой сіздер салған сүрлеу жолды жалғаса!
Бақыттымын, бас айналды, достар айтқан тілектен!
(Тек кешқұрым жиырма бірді жерлегенім болмаса!)
Nurgisa
21 де, біз де, сіз де, жерленеміз, бұйырса :)
Оған дейін айылыңыз жиылса…
Обал, обал, үлгерместен қыршыннан
Қапелімде қиылса.

Қазақстанға жастар керек, зиятты әрі қайратты,
Нық ұстайтын аспанкөк байрақты.
Білімменен жеңер заман туды бүгін, жарқыным,
Қане, көрсет, қарқының.
TERISKEI
Нұрғиса аға, жақсы ойды түйдің бөлек,
Өлім жайлы санаға үйдің дерек.
Жерленбестен, жиіркеніп жамандықтан —
Алла ұнатқан адалды жиғым келед.

Өшпес бұрын, бойласақ сан ақылға —
Біз болайық от болып жанатын да!
Пайдамызды тигізсек – ол да арман-ау
Ұлтымыздың қиналған сағатында!
(аздап қуып кеттіттім:(()
Aikosh
Мейірбек, туған күніңмен!!!
Delvara
@TERISKEI туылған күнің құтты болсын. Өмірде бақытты бол! Сайттың жарқыраған жігіттерінің бірі болып жүре бер.
Zere
Туылған күніңмен! Өмірде үлкен жетістіктерге жет! )
satibaldi
Қысқасынан күйіндірсін! © @Gastarbaiter
omarbirat
@TERISKEI, туған күніңмен!
TERISKEI
сізге де дәәәәәәәәәәу рахмет! айтпақшы, қазанның құлағын сізге ұстата қап ем, жоғалып кеттіңіз ғой, бір мержімек сорпасын "ішеміз" бе деп ем:)))
omarbirat
«Расында, сабыр сақтап күткендер, сөзсіз, қуанышты хабармен сүйіншіленеді» деді Ол сонда © Евангелие от Амандық, 18:75
alisha
Жаныңнан жақсы адамдар табылсын, Теріскей!!!
TERISKEI
Алла разы болсын, Света қыз! Қосағыңызбен қоса ағарып, бала-шағаңыздың қызығын көріңіз!
alisha
Ой рахмет!!! Басымыздағы жақсылықтар саған да жұғысты болсын!!!
Aizhantabyn
:))))
Kutty bolsyn! bakyt — pazyldyn barlyk bolikterin jina :))
TERISKEI
дәәәәәәәәәәәәәәәәу рахмет, әлемін кемпірқосақ үстіне салған табын қыз!!!
konvict
@TERISKEI Туылған күніңмен. Бақытты бол!
TERISKEI
Конвикттің көңілді жүргені ұнайды, рахмет досым, жазар көбейсін!!!
TOTY
Туған күн деген жақсы ғой, сол күні өзіңше «король» боп жүресің. Құтты болсын!
TERISKEI
Шығыстан ескен самал желмен Тоты әпкемнің тосын тілегі де жетті, Алла разы болсын! Жұмыста құтырып жүрмін: «корольмын!»:)))
sammita
осындайда туған күн себепкеріне ауа-райының ахуалын байланыстырып жататын еді. Алматыда күн салқын шығар, ия:)))
TERISKEI
айтпаңыз, қалай білдіңіз?:) бүгінге дейін ауа-райы тамаша еді, ал, бүгін аяқ-аясты құтырынып сала бергені:((( бірдеңе айта қалайын десем Ахи ағайдан қорқып тұрғаным...
konvict
Ширк, ширк, суф, суфф! @Ahi, уа ахи қайдасың? Мында ширк жасайын деп жатыр. Айтпақшы туған күнде ширк шығар.
sammita
осындай әңгімені қойыңдаршы. Айтарың таусылып қалса да.
konvict
Туған күнді құтықтау бидғад дейді ғой сәләфтар. @Ahi-ді шақырып ойын білейік
AKY
Туған күніңмен!
TERISKEI
Рақмет, АКУ ханым!!!
qisyq
Ал, құтты болсын туған күн! Басыңнан бақыт, айналаңнан береке кетпесін!
TERISKEI
дәәәәәәу рақмет, аға! 1жыл 3 күн-ақ үлкендігіңіз болса да, маған дәәәәу аға секілдісіз,Қисеке!:)))
sammita
құдаңның сұхбатынан ала отыр;)
www.dastan-studio.kz/?p=4749
TERISKEI
сізге таңғалу әдетке айналып барады менде:))) қайдан тауып аласыз осы?:))) рақмет, құдамды танып, бір жырғап қалдым, көкейтесті мәселе қозғалыпты!
sammita
қайдан тауып аласыз осы?:)))
бізде интернет бар:)))
TERISKEI
өлдіііііім, ішімді аясаңызшы!:)))) осындай құйтырқы сөздерді қайдан тауып аласыздар осы? :))))
sammita
:)))))
Біреу: «Осылар қай жеріңнен шыға береді?»
Сатыбалды: «Айтсам..ұят енді». (типі осылай айтты)
asaubota
құдаңнан күй ала отыр :) www.kui.kz/?p=46
Dinara
Туылған күн құтты болсын Теріскей :)
TERISKEI
Алла разы болсын, Динара ханым! Жаңылмасам, сіз Түркиядасыз ғой дейм, лайым аманшылықта болып, оқуыңызға сәттіліктер жолдас болсын!!!
Dinara
әмин, рахмет. Анкарадан дұғай сәлем ;)
Abilakim
Бүгін беске толыпсың
Онсыз да өзің толықсың
Арайлап атқан әрбір таң
шоколад жеп семіріп… /Шаншар/

Теріскей, бауырым! Мына жалған фәниде жақсы ғұмыр кешіп, жәннаттан орын алуды жазсын маңдайыңа!
TERISKEI
әй, осы Айсұлтан ағама ризамын! Алла разы болсын сізге де!!!
blackbeard
Makeeeeeeeeeeeee! Kutty bolsyn! Tilekterim juregimde sizge degen! Dugada bolaiyk aga! Aman-sau bolynyz! Kalganyn jeke ozinizge aitam:)
TERISKEI
ық-ық:))) Рахмет, Қареке! Менің де саған деген жүрегім ақ екенінен хабарың болсын!:)))
ErNur
Туған күнің құтты болсын інішек! Біз мектеп бітіріп жатқанда енді ғана табалдырық аттап жатқан бүлдіршін едіңдер:) уақыт ай десейш зымырап жатқан, 22 толған азамат болыпсың. Жасың ұзак болсын!
neoman
Туылған күніңмен, жерлес! (Танымасам да құттықтап қояйын, өзіміздің Созақтан екенсің)
VKM
@TERISKEI,men Semeige ketemin dep, senin tugan kunin ekenin kew bildim. Kutty bolsyn.Zhasyna zhas,basyna bas kosylsyn,bai bol, bakytty bol!
TERISKEI
@ErNur аға! иә, уақыт құрғыр бой бермей зуылдап жатыр, тілегіңізге көөп көөп рақмет! Отбасыңызға амандақ болғай!
@neoman жерлес, саған да алғысым шексіз! Созақтанмын деп қуанттың ғой, жеке тансқым кеп кеткені, личкаңа жазайын.
TERISKEI
@VKM аруға алғысым тіпті шексіз! Алла разы болғай! Отбасыңа амандық, куштіііііі әдемі де иманды жігіт кездессін!:)))
meirzhan
Барлық тілектерге қосыламын! Құтты болсын туған күнің, @TERISKEI