Танысайық

Менің атымның Көкбөрі екенін білесіздер. Енді бір-бірімізбен жақын танысқан жөн болар деймін. Себебі алда ұлы дүрмек, ұлы той — Blogcamp. Сол кезде бір біріміз туралы бiліп қалай араласатынымыз туралы ойланып жүрген де орынды болар деген ойдамын. Бірақ бұл жерде аты жөніңді айтып, өз мінезіңді тілге тиек еткеннің пайдасы жоқ, адам өзінің мінез құлқын дәл суреттей алмайды. Сондықтан мынадай ұсыныс, бәріміз өзіміздің ұстанатын ұстанымдарын (принцип) нақылдармен келтірсек. Ол біреу ме, бірнешеу ме маңызды емес, ең бастысы өзінің ұстанымы болсын. Өздері шығарған нақылдар адамның өз характерін аша алмауы ғажап емес, сондықтан ұлылардың ұлағатымен білдірсе нұр үстіне нұр болар еді деген сенімдемін.
Әрі қарай

Бірінші жарыс. Бірінші орын.

Әлқисса, кешегі жазған жарысқа барып қайттық. Дайындықтарға өзім апарып жүрмеген соң, мәліметім аз болды да, жай ғана бір аудандық немесе қалалық деңгейдегі жарыс шығар деп ойлағанмын ғой. Сөйтсем, қателесіппін: жарыс кішігірім болғанымен, тек Алматы ғана емес, Тараздан, Ташкенттен де командалар келіпті. Қызыл, сары, жасыл, көк белбеулермен жүрген балаларды көріп, кәдімгідей
Әрі қарай

АСПАН. Бауыржан ӘЛІҚОЖА

Құрметті Керекинфолықтар! Сіздердің назарларыңызға жас ақын Бауыржан Әліқожаның бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Айналдырып тауларды баспалдаққа,
Шақырардай сол әлем дос болмаққа.
Жүргеніммен жер басып ісім болмай,
Неге елеңдей беремін аспан жаққа?!

Хабар беріп қалардай бір шындықтан,
Зеңгір Көкке қараймын тылсым бұққан.
Жұмбағы мол дүние жымыңдайды,
Жүректегі беймаза дүрсілді ұққан.
Әрі қарай

Казак тілін корлайтындарга карсы турайык

Қ, Ұ, Ү, Ғ, Ң, Һ, Ө,

Ана жақта бір топ қазақ зиялылары, зиялыларға незашто қосылып кеткендер мен саяси ұпай жинауды көздеген саяси жезөкшелер жиналып алып, ҚАЗАҚ тілін қолдау акциясын өткізді. Ұйымдастырушылардың арасында қазақ тілініе шын жаны ашығандар бар, өтірік для галочки жүргендері бар. Оны әркімнің өз ұяты білсін. Бастысы, қазақ тіліне деген қолдаудың бар екендігін көрсетті.
Әрі қарай

Атақты адамдардың визиткалары

Визитка қазір қызмет құралы ретінде кеңінен танымал. Байланыс орнатуда, таныстықты бастауда да қажет дегендей. Ал, кейбір атақты адамдарды визиткалары мынадай екен:

Әрі қарай

ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?

Біздің жұртта нәзікжандыларды күйеуге шыққаннан кейін қатын деп атаған. Ол сөзді көбі ерсі сөз ретінде ұғынып жүр. Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты.
Ал, қазір Әйел деген сөзді әспеттейтін болдық. Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, көбіміз әлі күнге ҚАТЫННАН қашып, әйелді ардақтап жүрміз. Не істейміз???
Әрі қарай