Атақты адамдардың визиткалары

Визитка қазір қызмет құралы ретінде кеңінен танымал. Байланыс орнатуда, таныстықты бастауда да қажет дегендей. Ал, кейбір атақты адамдарды визиткалары мынадай екен:



Цукербергтың бұл дүниесін бұрын білмесеңіз де, “Әлеуметтік желі” фильмінен қараған шығарсыз. Кинода бас кейіпкерді ойнаған актер Айзенберг аса маңызды шешім қабылдау кезінде осы визитканы қолына ұстап, айналдырып отырады емес пе… Жиырма жасыңда осындай жетістікке жетсең, “Мен бастықпын, Bitch” деген жазуы бар қағазды таратуға да болатын шығар



HR-маманның визиткасы.

Әлемдегі ең ықпалды инвесторлардың бірі һәм бірегейі Уоррен Баффеттың көмекшісі өз орнын біледі. “Сіз маған қоңырау шалмайсыз. Мен Сізге қоңырау шаламын” дейді әдетте телефон нөмірі тұратын жердегі жазу. “Сәті түссе… сен соған лайықты болсаң… мүмкін… менің қоңырауымды қабылдау бақытыма ие болып қаларсың, бәлкім” дегенді түсінесің.



Google корпорациясының негізін қалаушылардың бірінің алғашқы визиткасы. 1998 жыл.



1 доллар жалақы алып жүріп қызметінен кеткен (қателеспесем) Стив Джобсты білетін шығарсыз. Ең құрығанда оның есімімен тығыз байланысты Apple-ды. Жоғарыдағы визитка 1979 жылғы. Ол кезде Джобс Apple-дың вице-президенті еді.



Билл Гейтс… Әлемдегі ең бай адам (-дардың бірі). Ал визиткасы Microsoft компаниясының президентінің емес, ағаш оюмен айналысатын шебердің визиткасына ұқсайды



Yahoo!-дың негізін қалаушылардың бірі Джерри Янгтың визиткасы. Факс жібересіз бе?



Казинолар мен қонақүйлер желісінің иесі Дональд Трамптың визиткасында… өзінің автографы қойылған.



Google компаниясының өкілі Эрик Шмидтың визиткасы. Бірде қызық болған деседі, Шмидтың визиткасына Chairman (директорлар кеңесінің төрағасы) деп жазудың орнына Chariman деп көрсетіп қойыпты жазған визитка жасаушылар.



Apple-дың тең дәрежелі құрылтайшысы Стив Возняктың визиткасы. Ерекше, ә?!



Президент болардан бұрын Барак Обама Иллинойс штатының атынан сенатор болып қызмет атқарған екен. Сол кезден ескерткіш.



Жақын шет елге келсек. Халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар мэрының қарапайым орынбасарының визиткасы. Аты-жөні Сіздің есіңізге ешкімді салмай ма?



Соңғы визитка. No comments…
Бөлісу:

65 пікір

Janasil
Соңғы Қалбас президенттің визиткасы жақсы жасалыпты.
Janasil
Appleдің визиткасы да ерекше екен. Пластик секілді.
satibaldi
Гейтстің визиткасы өзінің Вордындағы шаблондар сияқты құсық екен әнасс.
Джерри Янгтікі ұнады.
asaubota
мен бір жігіттерден блог-құрылтай алдында визитка жасап берулерін өтінгем. Алла разы болсын жасап берді ғой. тек мен сұрағандай емес артына фон салып, әдемілеп істепті. ал менің сұрағаным ақ визитканың үстіне тек Аршат деп жазылып, астына телефон номерім еді
Nurgisa
Шамамен Путиндікіндей болуы керек еді ойлағаның
asaubota
жоқ онікі көп әріп. ал менікінде тек атым және телефоным тұруы керек болатын.
Nurgisa
Перегорбачев недопутин?
Gulistan
Маған Возняктыкі ұнады.
Қисық бауырым, рахмет.
Nurgisa
Цукерберг соңғы жылда рекорд табысқа кенелді. Билл Гейтсті өкшелеп қалды өзіне тиесілі қазынасы.
Zere
Горбачевтың визиткасы не үшін керек болды екен? Не телефоны жоқ, не несі жоқ. Қызыл корочка сияқты екен. )
satibaldi
Визиткадан гөрі — есікке табличканың эскизі болса керек.
qisyq
Мой адрес — не дом и не улица!
Мой адрес — Советский Союз!
деп жүрген кез ғой
satibaldi
Тақырыпты көсеп-маздатып, өздеріңнің визиткаларыңды да сала отырыңдар ағайын! (@balzaminka сияқты жігіт жабысад деп ойласаңдар — нөмірлерің мен реквизиттеріңді Пайнтпен өшіріп тастауларыңа болады).
Nurgisa
Путиннің имейлін түсінбей отырмын… @ белгісін а деп бере салған сияқты.
satibaldi
Ол — Советтер Одағы әлі тірісіндегі визитка болатын…
saken
Дональд Трамптың визиткасы ұнады маған.
Пікір өшірілді
satibaldi
О христиандар, мұнда да — justify!!!
qisyq
ой, қадірді түсінбейтін тәрбиесіз!
VKM
қаз звондаймыз))
Nurgisa
Медианы НЕТ деп жоққа шығарып алып, оның сойылын соғатындарың қалай? Аты затына сай емес деп түйреп өтсең.
Сигма ұзын бала.
qisyq
Бұл жердегі Нет деген Тенуорк деген мағынада ғой, Нұрғиса, соны бір ауыз сұрасаңыз, айтып берер едік та. А? Не дейсің, Малика?
VKM
Мазаңды аламыз деймін звондап)))
Nurgisa
Меніңше, Қазыбек би к. 50, 100 кеңсе болуы керек еді. Яғни, «елудің» алдында үтір болмауы керек сияқты…
satibaldi
«Елу-жүз кеңсеміз бар әзірге, құдайға шүкір, біз — өсіп жатырмыз!». © «Халық Банкінен» кредит алып шыққан бақытты амиго туралы ертегі-жарнамадан.
qisyq
Меніңше, осы да дұрыс болады, себебі үтір арқылы ажыратылып тұрғандықтан, ел 50 үйдегі 100 кеңсе екенін түсінеді. Үш жылдың ішінде ешкім шатасып көрмепті, әйтеуір.
Nurgisa
Мәселе адасып-адаспауында емес қой, Димеке. Жазу заңдылығын айттым жай ғана. «50» дегенді екі жағынан үтірмен оғаштау аздап сай келмейіңкірейтін сияқты канондарға. Ал былайынша, Ғаламарт жақсы бастама.
qisyq
Мүмкін. Просто мен біраз визитка көрдім, жалпы мекен-жайдың жазылу стилдерін көрдім осындай. Көше атауынан кейін үтір арқылы үй нөмірі, одан кейін кеңсе нөмірі жазылады онда. Яғни, мұның ондай бір оғаш емес екенін айтқым келеді.
Zere
Меніңше 100-кеңсе болу керек. Қазақ тіліндегі реттік санының заңдылығы бойынша -інші, -ыншы деген жалғаулар сызықша арқылы белгіленеді. )))
Nurgisa
Иә, келісем, уәжің орынды. Бір кішкентай ғана визиткада осыншама қате өріп жүр, сұмдық қой…  Джонни Инглиш жақсы комедия.
qisyq
Аха, 100 кеңсе тұрса, оқыған адам кеңселердің саны 100 екен деп түсініп қалады.
satibaldi
http://-дан
кейін неше пробел қою керек, мен төрт пробел қойсам, ашпай тұр?
qisyq
Сгин, кетчнах, бекер салған екем. Аршат өтініш, ана пікірімді өшіріп тасташы.
asaubota
болды енді бәрі көрді
qisyq
Аршат, шын, өтініш, өшіріп тасташы.
VKM
тұрсыншы,Қисық.Телефон керек болып қалады)))
satibaldi
VKM
Соны ерінбееееейй жасаған, Сатыпалдыға көп рахмет десем
satibaldi
Кетші-әй.
VKM
кісі әзер келсе,
Кетші-әй.
деп.
Кетпим ал))))
satibaldi
@AKY өзіңдікін, өзіңдікін болғанда — визиткаңды салып жівер, қаззақ дизайнының ақырғы күндерін санап, көрегендік мауқымызды басайық.
AKY
Менде визитка жоқ.
satibaldi
Тіпті — жоқ та, о масқара!!!
AKY
Оны қайтем?
satibaldi
Әмияныңды ашып, ақша алып жатқаныңда понт үшін жылт етіп көрініп қалмай ма?
AKY

кхм-кхм… Ондай арзан понтты нетпитін едім
Шынымен-ақ маған қажеті жоқ екен маған. Кімге ұсынып жатам оны?
asaubota
сенің номерің бар болса да просто понт үшін таныстарыңа бересің серьезный видпен, күлмей
AKY
Мен күліп қоятын сияхтымын
Gastarbaiter
Шетелдік фирмада жүргенде визитканы көп қылып бастырғанмын. Оның жартысын клиенттерге, жартысын танысқан қыздарға беріп тауыстым…
Aqiqat
Бұрын рекламный компанияда машина айдап жүргенде программист балдарға горгай бастығының визиткасын жасатып алып маишыларға қарсы кәдімгідей құрал ретінде пайдаланатынмын
estetika91
Apple-дың тең дәрежелі құрылтайшысы Стив Возняктың визиткасы банк карточкасына ұқсайды екен)
estetika91
М.Горбачевтың визиткасында байланысу тетіктері көрсетілмеген екен. Адресі, телефоны дегендей)
Gastarbaiter
Маған Фейсбук бастығының:
«Мен СЕО-мын, нах» дегені ұнады.
e_zhalgas
енді, оның жастарға ұнамауы мүмкін емес қо
Gastarbaiter
Тым жас болса, кейбіреулерде комплекс тудыратындықтан ұнамауы мүмкін.
ПС. Байқап жүрмін, маған вызов лақтырғың кеп жүрген сияқтыд*ебатер мырза
e_zhalgas
байқампаздығыңа таң қалмасқа болмас
Gastarbaiter
Голливудтың сюжетінсс, отставкаға кеткен Стивен Сиглады бұтағынан сүйреп тағы бір миссияға салғың келсе, мотивацияң да кемінде Әлемді Құтқару болмаса да, жәй боқжағысып тарқасудан салмақты болу керек.