АСПАН. Бауыржан ӘЛІҚОЖА
Құрметті Керекинфолықтар! Сіздердің назарларыңызға жас ақын Бауыржан Әліқожаның бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.
Айналдырып тауларды баспалдаққа,
Шақырардай сол әлем дос болмаққа.
Жүргеніммен жер басып ісім болмай,
Неге елеңдей беремін аспан жаққа?!
Хабар беріп қалардай бір шындықтан,
Зеңгір Көкке қараймын тылсым бұққан.
Жұмбағы мол дүние жымыңдайды,
Жүректегі беймаза дүрсілді ұққан.
Айтатындай сырларын ақтарып бар,
Іркес- тіркес жүзеді мақта бұлттар.
Аспан кейде ғаламды ақпен бояп,
Қанатынан төгеді шаттанып қар.
Бала шақта жетелеп өрге мұрат,
Сермегенмен құлашты кеңге бірақ,-
Шатырласа назағай шошушы едім,
Кететіндей қара аспан жерге құлап.
Жарық берер сәулелі нұрланып күн,
Ай, жұлдызын сонан соң тұр жағып түн.
От пенен шам бұлардың көшірмесі,
Бәрі сенде екен- ау шын жарықтың.
Заңғарлықты паңдықпен тұғыр еттің,
Құйды нөсер… бірі ме ең мұңы көптің?!
Аспан, неге жылайсың ағыл -тегіл,
Бола тұра мекені құдіреттің?
Күмбірлеген кеудеңе саз ба сіңген,
Үйлесімің барында тозбас іргең.
Жағал- жағал осынау тіршілікті,
Тазалайын дедің бе көз жасыңмен?!...
Айналдырып тауларды баспалдаққа,
Шақырардай сол әлем дос болмаққа.
Жүргеніммен жер басып ісім болмай,
Неге елеңдей беремін аспан жаққа?!
Хабар беріп қалардай бір шындықтан,
Зеңгір Көкке қараймын тылсым бұққан.
Жұмбағы мол дүние жымыңдайды,
Жүректегі беймаза дүрсілді ұққан.
Айтатындай сырларын ақтарып бар,
Іркес- тіркес жүзеді мақта бұлттар.
Аспан кейде ғаламды ақпен бояп,
Қанатынан төгеді шаттанып қар.
Бала шақта жетелеп өрге мұрат,
Сермегенмен құлашты кеңге бірақ,-
Шатырласа назағай шошушы едім,
Кететіндей қара аспан жерге құлап.
Жарық берер сәулелі нұрланып күн,
Ай, жұлдызын сонан соң тұр жағып түн.
От пенен шам бұлардың көшірмесі,
Бәрі сенде екен- ау шын жарықтың.
Заңғарлықты паңдықпен тұғыр еттің,
Құйды нөсер… бірі ме ең мұңы көптің?!
Аспан, неге жылайсың ағыл -тегіл,
Бола тұра мекені құдіреттің?
Күмбірлеген кеудеңе саз ба сіңген,
Үйлесімің барында тозбас іргең.
Жағал- жағал осынау тіршілікті,
Тазалайын дедің бе көз жасыңмен?!...
біріншіден, әр оқырман өлеңді өзінше түсінеді, ой қорытады, қабылдайды. сол құқықтың негізінде, сенің көзіңше есекке айнала отырып, қуыс кеудемнің интелЛектуалды мүмкіндігін назарға ілуді өзіне артық санап, сенің өлеңіңді жоғарыда жазғанымдай қабылдадым. менімен жата қалып, сөз жыртысқың келсе де — осы!
екіншіден, интеллектуалдық туралы. жоғарыдағы әріптер жиынтығында жоғары интеллектуалдылыққа ишараттың бар екеніне күмәндене отырып, жеке қабылдауымнан артық сөз жазуға дәтім бармады.
дегенмен, «заңғарлықты паңдықпен тұғыр еткен» өлең сипаттық образдар, суреткерліктен гөрі (ал, өлең басында осы мақсатта жазылса керек, өзің айтқан интеллектуалдық емес) ақылды әрі мағынасы күмәнді сөздердің жиынтығын ұйқасқа біріктіру үшін жазылған сияқты.
басыңнан сипап, иығыңнан қақпағаным үшін сөкпе, енді.
Құйды нөсер… бірі ме ең мұңы көптің?!
Аспан, неге жылайсың ағыл -тегіл,
Бола тұра мекені құдіреттің?
Жалғас, өлеңді тұтасымен окып көр, узіп жармай!!! сонда, санана бірдене барар мумкин…
Бәрін жек көрмейді…
«Керекке» не деп ілесіңдер сонда? Форматын білесіңдер. Сын айтылса — екі аяқпен жерді төмпештеп, қорс-қорс жылайсыңдар. Жарасымсыздау ғой. Ақынға аласалаған қашан жарасыпты? Басыңдағы бандамкі ме, орамал ма?
Сын түгілі пікір жазуға қорқасың уже, жаман қатын кетемін деп қорқытады демекші, шындықты жазсаң шабаданын жинап табалдырыққа түнейтіндер көбейді. Тек мақтау мен мадақтау ғана болса, қисық басқан аяқ ешқашан түзелмес. Бір пікір үшін ақ тер де көк тер болып, көкбеттеніп, санасып кетудің керегі де шамалы. Эххх…
Көкке табынған халықтың, көк қарап ұлыған көкбөрінің ұрпағы екеніміз рас болса «аспан жаққа бір елеңдемей» қоймайтынымыз анық… Сұрақтан туындаған өлең екенін бірінші шумақтан аңғаруға болады, сол «елеңнің» себебін, «проблемасын» жан-жақты суреттей келе өзің қойған сұрақтың жауабы болар ойдың бір ұшын ұстатсаң деген тілек бар… және айтпақ ойың сол «елеңнің» төңірегінде болса 4-ші шумақ сәл артықтау сияқты…
Жоғарыдағы өлең иесінің кітабы шығыпты. Аты-«Айтұма» (не «Айтума»). Фэйсте деп, сүйіншілеткен екен. не дейміз, құтты болсын, жазар көбейсін, керекке келіп тұрыңдар, @bauirzhanali, @kasymolzhas
Мұның қиын екен, інім… Қалқаман Сары мен Асылзат Арыстанбектің, Талғат Мықи мен Алмас Темірбайдың өлгенін күтпей ақ шолып шығыуға кеңес берем, өкінбейсің!
Өзбектің биін биледім,
Қырғыздың тоны кигенім.
Өзіммін десем — өзгемін,
Өзгемін десем — үйдемін.
Түркімен билеп төрімді,
Түрікке бердім мөрімді.
Сарттың да санын соқтырып,
Саудалап жүрмін көрімді.
Балпаң да балпаң билігім,
Шіренсе шулы, күйлімін.
Өзбектер алса өзектен,
Ұпайға мықты ұйғырым.
Күшімен сіңген борщтың,
Санамда ойы орыстың.
Шетелге беріп шикізат,
Батыстан тасып боқ іштім.
Намысым жоқ, нәтім — бор,
Атағым — аспан, атым — зор,
Базарым — қытай, бағым — сор,
Құлдыққа көнген халім сол.
Тіл де жоқ бізде тілдейтін,
Үн де жоқ біз де үндейтін.
Иесі сүйек лақтырса,
Ит сияқтымыз үрмейтін.
Көретін көз де қалмаған,
Сөйлейтін сөз де қалмаған,
Қазақстандық — құжатым,
Қазақпын деуге арланам.
Қалайша қозғап кетемін,
Биліктің майлы көтенін.
Елдікке ұйып көрмеген,
Еркіндік менің не теңім?!
Қосылып күнде нұрға нұр,
Қоқаңдап қояд құлға құл.
Бостандық атын жамылған,
Бодандығыма — 20 жыл!
Шынжырда қалған шындығым,
Ашылмай қойды-ау түндігім.
Күн көсем кетіп орнына,
Нұр көсем келген күн бүгін!
Шабақтың қалмай көлшігі,
Жарақтың қалмай ершігі.
«Нұр Отан!» дейміз өзеуреп,
Отан да Оның меншігі.
Биліктің бедеу бетінен,
Қан шықпас кессең етінен.
Төрдегі басын қазақтың,
Тартады кейін көтінен.
Қайран да қайран, қазағым,
Қайғыңды қанмен жазамын.
Бүгінгі күннен түк емес,
Өлгенде көрген тозағың.
Арзан сөзіңе алдандым,
Арзан бөзіңе арбалдым.
Тәуелсіздік күні мен үшін —
Азаттық қаза болған күн!