Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...

Блог - aktobe88: Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...Ол кезде біз орта мектептің жетіншіііі, жоқ сегізіншііііі… әлде тоғызыншы сыныбында ма, оқитын едік. Ауылдағы мал жайлау мен қонаққа барудан басқа шаруасы жоқ кемпір-сампыр, шал-шауқанын қойып, жалғыз көзі ашық жұрт саналатын мұғалімдерін де телебізірдің алдына телмірткен «Асау жүрек» бәріңіздің естеріңізде шығар. Біз сияқты ши борбайлар мен жалбыр шаштар екі бастан… Кешкі алты болса «Юсуф» көреміз деп экзаменнің консультациясына бармай қоятынбыз. Бәрінің аузында «Юсуф», «Юсуф» емес-ау, «Есуф». Үлкендер жағы «Жүсіп» десетін. Сосын «Торғай». Әсіресе Сабридің «Пашаааа!» дейтінін, Торғайдың Амантай қажы құсап қырылдайтынын балалар айнытпай салатын. Айтпақшы, Құсшы бар екен ғо, Құсшы. Көгершіндерімеееен отыратын ше. Сол кейіпкер кеееерім ұнайтын маған. «Юсуф» ылғи жаны қиналғанда соған кеп жүгінеді емес па?! Сондағы Құсшының сөздерін айтшиш. Мықты.

Ауылда жалғыз менің папам ғана «Караван» алатын. Бір күні әлгі «Караванға» «Юсуф» шығыпты, тізесін құшақтап отырған суретімен. Астында автобиографиясы қысқаша. Математик екен. Бойдақ екен. Ал патнершасы Зейнеп күйеуінен ажырасқан екен. Түсінгеніміз сол-ақ болды. Сосын ол «Караван» бүткіл ауылды аралап кетті. Бес-алты күннен кейін жұлым-жұлымы шығып қайтып келген «Караванды» әпкем Гауһар чемоданына салып қойғаны есімде.

Сол, сүйтіп ауылды біраз, біраз емес-ау, кәдімгідей дүрліктірген Юсуф-Кенан Әмірзалыұлыны бетпе-бет кездестірем деп ойлаған жоқ едім еш. Әрине, оқуға кетіп бара жатқанда бәрі, бір мен солардың тап жанына кетіп бара жатқандай, «Полат Алемдарға сәлем айт», «Юсуфке сәлем айт», «Гүмішке сәлем айт» деп құшақ-құшақ сәлемдерін тапсырып жіберген-тұғын. Күлгенмін де қойғанмын. Сөйтсем, «Тау мен тау кездеспесе де адам мен адам кездеседі» екен ғо. Каникул болғасын универ жаққа ат ізін салғым келмейтін. Баратын кітапханасы да жоқ, несіне барасың. Сөйтіп жүргенде ғайыптан тайып ауырып, біздің факультеттің қасындағы ауруханаға бара қалдым. Біздің ауруханадан бөлек, крутой, жекеменшік аурухана бар еді жанында. Сол жерде «Езел» дейтін сериалдың түсірілімі болып жатыр екен. Асай-мүсейімен шауып жүрген оператор- моператорлардың жанында бойы екі метр, түрі таныс біреу тұр. Олай қарап, былай қарап, болмағасын жанымдағылардан бұл кім деп сұрасам Кенан Эмирзалыоғлы ғо демей ма?! Ойбу, енді қайттік. Мен ойланып болам дегенше олар ішке кіріп кетті. Ойланып тұратын уақыт па, соңдарынан мен де періп бара жатыр ем, күзетші тоқтатты. Ыммен. Мен Кенан Эмирзалыоғлымен суретке түсейін деп едім дедім. Рұхсат бермеді. Күтуге тура келді. Түсірілім түнгі бірге дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Қолымдағы сағат болса әбеткі екіні көрсетіп тұр, не істеймін. Айтпақшы, фотоаппаратымды бөлмеге қалдырып кеткенім есіме түсті. Асықпауға болатынын білгесін дәрігерге қаралып, аптекаға барып дәрі алып, ......, ....., одан шығып жатақханаға барып фотоаппаратымды алып, келгенімде сағат кешкі сегіз болды. Өзімше, мүмкін перерыв бар шығар, сол кезде ұстайын деп ерте келгенім. Сөйтсем түсірілім бітіпті, кетейін деп жатыр екен. Юсуф аби көрінбейді. Сосын анау саны көп, сапасы жоқ, фильмнен кейін титрды толтыратындардың біреуінен: Кенан Эмирзалыоғлы қайды деп сұрасам, ол демалып жатыр, не істейсің деді. Суретке түсейін деп едім,- деген ем, босқа шаршама, ол демалып жатыр будкада. Қабыл етпеуі мүмкін деді. Бұрылып кетіп қалатын мен ба, өтірікті шындай, шынды… ыыыы, есімде жоқ, қылып» айттым. Осылай да осылай, Қазақстаннан қыдырып келдім, бір-ақ күнге, ертең кетем. Көріп тұрып суретке түспей кетсем ұят болады. Жұрт менің көргеніме сенбейді. Бір рет жақсылық қыла саңыз абиии, не болды соншама? — деп. Сосын ол Кенанның көмекшісі Онурмен жолықтырды.

Онур дегені иманжүзді бала екен. Жағдайымды дереу түсініп, жақсы, айтып көрейін деді. Сөйтіп тұрғанда Кенан Эмирзалыоғының өзі де шықты будкадан. Қолында күрешке пибі. Бері қарай келіп, техникалық жауаптылармен әңгімелесе бастаған еді, Онур мені қолымнан жетектеп апарды. Суретке түсу үшін келгенімді айтты. Ол болса дереу: What is your name? Where are you from? деп үлгерді. Мен түрікше білетінімді, Қазақстандық екенімді айттым. Қазақстаннанмын деген соң қай қаладан екенімді сұрады, Батысынан екенімді айттым. Өзінің Қазақстанға келгенін айтты. Мен, әрине, Түркістанға келгеніңізді білеміз дедім. Қай жерде оқитынымды сұрады. Айтып ем, «Башарылар, кардешім!» деп қолымды қысты. Осымен сөз тәмәм. Сол аралықта суретке де түсіп үлгердім. Менің аузыма сөз түспей қалды. Тек Алла разы болсын деуге шамам келді. Қоштасып кетіп қалдым. Елден кетерде бәрі сізге сәлем айтты десем, күлер ме еді, қайтер еді, айтпадым қысқасы.

Енді кезекте Полат Алемдар мен Гүміш бар. Бұл екі сериалды көрмегем өз басым, бірақ суретін салған еді таныстар. Танып алу қиын болмайтын шығар деп ойлаймын.
Бөлісу:

64 пікір

omarbirat
Кездестіріп жатсаң, Гүркан Уйгун быратқа да сәлем айта салшы :)
aktobe88
Ол қайсысында ойнаушы еді? Мен негізі Юсуф пен Торғайды (Али Сүрмелі) ғана танитын шығармын тап басып. Қалғанын қиындау.
TERISKEI
Енді кезекте Полат Алемдар мен Гүміш бар. Бұл екі сериалды көрмегем өз басым, бірақ суретін салған еді таныстар. Танып алу қиын болмайтын шығар деп ойлаймын. demişsin. Не ғой, бұрын Шымкентте біздің өте тамаша көгшімі з бар еді, түрік, аты МУРАТ. Кейінірек көшіп кетті Түркияға. Соны тауып, дұғай-дұғай сәлем айта салшы:) қорықпа, суретін мен де салып жіберем:))))
aktobe88
Аты МҰРАТ дедің ба? һм, ыһм, ыһм…
omarbirat
«Көкжалдар» мекені әлі түсіріліп жатқан болса, Гүркан Уйгунды (кинодағы аты — Мемати) Нежати Шашмаздың (Полат Алемдар) қасынан табуға болады.
aktobe88
Ааааааа, оны мен көргенмін былтыр. ШОУ тв дейтін каналы бар, сол жерден. Балдар маған анаумен суретке түсесің ба дейді. Ол кім десем, Долина волковтағы Немати ше(әлде Мемати), танымай қалдың ба не дейді. Олар айтпаса мен оны актер деп ойламас ем. Қорқынышты ғо түрі. Көзі.
omarbirat
Негізі, сондай актерге ұқсамайтындардан мықты актерлар шығып жататыны бар. Сериалдағы кәсіби актер жалғыз сол ғана екенін Аршат құрдастан білгенім бар еді :)
aktobe88
Ол рас. Нағыз актерлері өңсіз болады. Ийй, қазір көз алдыма келтірсем әлі қорқам, тұздай көзінен.Киноны көргенімде мүмкін басқаша дейтін болармын.
Бір рет Галатасарайдың матчына барып, Кенан Догулуны көрдік. Евровидениеге қатысқан әншісі, бір жылы. Бірақ мен танымаймын оны ол кезде. Онымен де суретке түсесің бе деген еді досым, түріне қарап шошыдым. Әнші деп айтпаса орыстың мұжығы или бомж деп ойлайтын едім мен.
Нағыз таланттар сондай елеусіз бола ма дейм расында. Халтурщик болса сразу танып қояр ем, мынау атақты ғо деп.
Nurgisa
Түртсияда солай шығар, бізде нағыз таланттар ондай елеусіз, сен айтқандай бомж тәріздес емес. Мысалы, Мәдина Сәдуақасова. Елеулі және бомж емес. Бенефисі — Азиаданы ашып кеп жіберуі…
aktobe88
Мына мысалыңыз соңғы сөйлеміме дәл келеді екен, Нұрғиса аға. Мәдина талантсыз, сосын тез танып қоямыз.
asaubota
Полатты не істейсің, Мематимен түс Мематимен. Көкжалдар мекеніндегі Заза (Али Сүрмели) Асау Жүректе де ойнады ма? мен ол сериалды көрмеппін.
aktobe88
Көкжалдар мекенінде білмеймін, бірақ «Асау жүректе» точно ойнады.
akpatscha
Торғай Атажанмен түсуің керек еді. Әй, риза болатын едім соның қылықтарына. Қайтпайды ғой…
saken
ар жағынан қарап тұрған Құсшы ғой деймін :))
Nurgisa
Құсшыға қарап «Мимино» еске түсіп кетті…

— Әй, Құсшы, кеп мына бізді суретке түсіріп жіберші. Бәрін дайындап қойдым, ана жерді бассаң болды.
— Ә, жооққ, күте алсаңдар он бес жылдай тосыңдар. Он бес жылдан кейін түсірейін екеуіңді суретке.
aktobe88
хахахаха, өлтіресіз.
Makhabbat
күшті жазыпсың,
қайтпайды екенсің сенде:)
Nurgisa
Мына актердің түрі таныс, әйтеуір.
Не ғой, әкесінің аты Мир болған ба сонда?
Одан соң… Бойы үш метірдің ар жақ, бер жағы ма деп қалдым…
asaubota
жас кезінде баскетболды жақсы ойнапты
aktobe88
иә, онысы рас екен:-)
даже, бойым ұзап кетті, қыз табу қиын болады деп тастап кетіпті баскетболды. кейіннен бойының ұзаруы оған байланысты емес екенін білгенде өкінген көрінеді.
TOTY
Құдай-ау, сендер де осы блогқа қай-қайдағыны жазып еске түсіресіңдер. Осы кино болып жатқанда Семейдегі №72 кварталда жұмыс орнымнан берген жатақханада тұратынмын. «Асау жүректі» жібермей көрдік қой.Содан бір студент осы актердің суретін сыйлап, сурет болғанда қандай… ксерокстен өткен… оны үйге әкеп, қабырғаға жапсырып қойғанмын...қаншама уақыт тұрғаны есімде қалмапты :)
aktobe88
Каравандағы суретін ксерить еткен шығар:-))))
Біздің бір ауылға жеткен сурет үлкееееен шаһарға қайдан жетсін.
qisyq
Біздің ауылдың бір түрік баласы, аты — Рафик, Түркияға кеткен, суретін салып жіберемін, сәлем айт!!!
Потоң күшті екен!
aktobe88
Месхетин шығар ол. месхетин түркі. мына жақта ахыска делінеді. Бізге шөп те өлең, шөңге де өлең деген сияқты, түрік те түрік, әзербайжан да түрік, месхетин де түрік қой.
Abilakim
Осы киноны мен көре қоймаппын. атысып жататындарын еміс еміс көргенім есімде.Сосын «ниссанмен» жүреді ау дейм.
aktobe88
Менің «Долина волков» туралы түсінігім сіздің тура «Асау жүрек» туралыңыз сияқты екен:-)))
Zere
Полат Алемдарға да сәлем айта салшы. :)
satibaldi
Adobe Microsystems-тың топ-менеджері Брюс Чизенге де сәлем айта салыңызшы…
Zilola
«Полат бен сени севиорум» деген сөзімді тура жеткізіңізші, плиииз. :)))
Мына Юсуфтың кастюмі қысып тұр ма? или толып кеткен ба?
aktobe88
Жоқ, өзгеріссіз. Сол тоғызыншы класста көрген Юсуфымыздан айырмасы жоқ. Қартаймайды ғой дейм осылар.
Полатқа, жақсы, айтайын.
Abilakim
мен Алишер Каримовтың семірген түрін көріп тұрғандаймын
Khan
Енді кезекте Полат Алемдар мен Гүміш бар
Оу қарындас, негыласың соларды сасытып.
aktobe88
Шаншар! Нүржан! ииииииии, сағынып кеттім Шаншарды.
Erkekyz
Бергузар Корел мен Туба Буюкустунды көре қалсаңыз сәлем айта салыңызшы. :))
TERISKEI
Туба Буюкустунның моймирда поштасы бар, сол жаққа сәлеміңізді «лақтыра салмайсыз ба, құрметтім...»
Erkekyz
Оның өзі екеніне күмәнім бар.)
aktobe88
Туба Биікүстін қайда ойнайды? Өзі бүйүк, өзі үстін, фамилиясы джынды екен.
Makhabbat
өзі де жынды:)
aktobe88
аааааа:-))))) Іздеу керек екен.
omarbirat
Tuba
Tuba
aktobe88
ааааааа, ия, турин коргем. есиме тусти.
kuat
Көгершіндерімеееен отыратын ше. Сол кейіпкер кеееерім ұнайтын маған.


Үсіпке айтпадың ба: Абииииииииии Құсшыны тауыыыыыыыыыыыыыып бершіііііііііііііі деееееееееееееееееееп
alisha
Серхан Явашқа да сәлем айта саларсыз…
aktobe88
Менің бір досым бар еді, «Күчік кадынлар» деген сериалда сонымен бірге ойнап жатыр.өткенде содан суретін көрдім. мықты кісі дейді ғо.
aizhan
Күшті сурет екен!!! біздің Мейрамбекке ұқсайтын сияқты:)
mampasi
«Күчік кадынлар» дегеннің аудармасы күшік катындар ма?
aktobe88
уахахахаха, жоқ. кішкене қатындар деген
ushkin
«Тірілей» әп-әдемі екен!) Сен де әдемі боп тұрсың!
aktobe88
рахмет!:-)
а, айтпақшы, оны әуелі, түсірілімге кірмей тұрғанда көргенімде беті қып-қызыл, қолы аппақ еді-тін. өлтіріп бояған. румяна жаққан ба, әйтеу. шыққанда теңесіп қапты
jaina
Менің баламның аты Юсыф. Әжесі қойған. Жүсіп пайғамбардың аты, құранда Юсыф деп жазылған екен, солай қояйық деп. Аты Юсыф десем, көпшілік Асау жүрек екен ғой деп жатады. Қазір түрікше сәби есімдері көбейіп кетті ғой… насихаттың күштілігі болар.
aktobe88
Yusuf Kurandagy en juzi kelisti paigambar emes pe edi? Ati keremet eken rasymen ulynyzdyn/
nurbergen_makym
КүшТ. Ауылдағылар недеватыр? :)
aktobe88
ол, «Караванның жұлым-жұлымын шығарған» ауылдан тоғызыншы сыныптан кейін кетіп қалғам. ал үйдегілер дым реакция берген жоқ.
TERISKEI
Бір кісілерге күліп ең, басыңа келді ме?;) Күлме оған, келер саған!:)
aktobe88
Кімге күлдім?
TERISKEI
өтірік білмей қалмашы;)
aktobe88
айтшы яуууууу, ең болмаса пәмилесі мен атының бас харфлерін
konvict
Маған Торғай ұнаушы еді. Тіпті сол құсап сөйлейтінмін.