Ұнайды, ұнамайды жайлы мен де

Біз де қалыспайық…
Ұнамайды: интернет журналистика сабағы, үш тілде оқылатын лекция, қызыл галстукты ағай, қырт адамдардың қырт әңгімесі, 70-автобус, сөзінде тұрмайтындар, елдің көзінше билеу, дауысы жоқ адамдардың ыңылдап ән айтқаны, 3-зал, аманыңды алмайтындар, «неге жігітің жоқ» деген сұрақ, 32 де жүретін ұрлықшылар, кітаптардың электронды нұсқасы, қонаққа бару, туған күнімді тойлау, ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу, деканат, жатақханадағы кейбір заңдар, автобуста жол жүру билетін көрсеткеніңде өзінше болатын кондукторлар мен жүргізушілер, 31 – желтоқсан, 8 – наурыз, мұғалімдерден балл сұрау, кез келген атракцион, сөз ұқпайтындар, TERISKEIдің бітпейтін оятқышы мен смайликтері, түрік сериалдары.

Ұнайды: ескі газеттерді ақтару, кино көру, ән тыңдау, әртүрлі сайттарды ақтару, тәттілер, ас әзірлеу, «аспаздықтың» алма қосылған оладьиін пісіру, «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы, суретке түсіру, лекцияда кітап оқу, ноутыммен түн жарымға дейін отыру, SATIBALDI ағаның пікірлерін оқу, театрға бару, «The Beatles» тобының «Yesterday» әні, гүлдер, өзен, тау, қыдыру, шарф жинау, кәріс фильмдерінің пландары.
Бөлісу:

64 пікір

madlen
Ұнамайдыдан бастапсыңғ жынданып отырып жазған сияқтысың
Ал, 31-желтоқсан неге ұнамайды?
Zhanylai
31-желтоқсан ойдағыдай өтпейді жылда.
Zilola
елдiн козiнше билеу… неге?
Zhanylai
Той, кафе дегендерде билегенді ұнатпаймын.Айналамдағылармен әңгімелесіп отырған жақсы одан да.
Zilola
мен керiсiнше билегендi абажайууу, коп адам бар жерде асiресе ))
araika
неге 8 наурыз ұнамайды? сонан соң тек түрік сериалдары ғана ұнатпайсың ба?
Zhanylai
иә, түрік сериалдарын үнатпаймын. Өте ұзақ және оқиғалары шиеленісіп жатады. 8-наурыз таяғанда кімге не сыйлаймын деп ойланып, басыңды қатырып бір апта жүресің
Altygradus
хихи ұқсас жеріміз көп екен, әсіресе мерекелерге қатысты
Gastarbaiter
Қош келдің.
дауысы жоқ адамдардың ыңылдап ән айтқаны
Дауысы жоқ адамның дауыстап айтқанынан, ыңылдағаны дұрыс шығар
Ал жалпы, шынымен жігітің неге жоқ?
Zhanylai
Рахмет, негізі баяғыда келгенмін. Ыңылдағаны жүйкеме тиеді.
AKA
TERISKEIдің бітпейтін оятқышы мен смайликтері
  
AKA
мұғалімдерден балл сұрау
«апаааай, ағаааай» деп тұрып алатындары бар, бұл әсіресе ARM қоятын кезде жиі болып тұрады иә?
Zhanylai
кейбіреулер 1-қыркүйектен бастайды балл сұрауды. Қызылға тырысатындар ғой олар, маған дипломның түсі маңызды емес
AKA
Ааа, бізде кейбір студенттер сабақ оқымай жүріп, уақытылы тапсырманы өткізбегендіктен, АРМ қоятын кезде жалынады ғой оқытушыларға, қоя салыңызшы деп
Zhanylai
Бізде де бар ондайлар
izbasar
Сырты көк іші бес дейсіңбе…
Zilola
бага ушiн мугалiм алдында жыламаппын, адiлдiк ушiн урысканым рас кейбiр мугалiмдермен. кызыл диплом алмасам папам режитiн едi, амал жок алуга тырыстым, алдым
AKY
Бірінші курстың бірінші семестрінде-ақ «апай, маған бес қойыңызшы, қызылға келе жатыр едім» дейтіндерді де көрдік
Zhanylai
Сен де шаршаған сияқтысың ғой?
AKA
Жоооқ  Тек көз алдыма елестетіп көрдім сондай жағдайды
manshukn
Жако, қызыл галстукты ағай дегенің кім?
Esmeralda
"Ұнайды" дегендеріңізбен ғана ұқсас екенбіз)
Beytanis
"Ұнайды-ұнамайды" эстафетасын бастаған кім?
Xansha
Zhanylai, Қарағандыдан емессің бе?
Zhanylai
Шымкенттенмін.
Zhanylai
Қарағандылықтарға ұқсайды ма екем???
Xansha
70, 32 деген автобустар туралы, сосын интернет журналистика сабағы туралы айтқанда ұқсап кеттік
Zhanylai
Саған не үшін интернет журналистика сабағы ұнамайды?
Xansha
интернетте отырамыз… кітапханада отырғандай, тып-тыныш. зерігіп кетесің неше сағат бойына… уффу
Zhanylai
Біздікінен қарағанда жағдайларың жақсы екен. Сол дұрыс қой, дұрыс лекция оқылмаса да уақыттарың зая кетпейді интернет ақтарып отырасыңдар. Біз интернет журналистикада қыртып отырамыз.
izbasar
32 автобус емес картал болу керек.
satibaldi
ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу
((( Бин Ладенге арналған бір зымыран адасып жүріп сондайларға түсер ме еді(((
Zere
кәріс фильмдерінің пландары
Дегенді қалай түсінсе болады? )
satibaldi
Сіздің ұнайтын/ұнамайтындарыңыз қайда айтпақшы?
Zere
Жазайын десем елдің бәрі мезі болған сияқты )
meirzhan
Басқа аккаунт құрып жаз
Zhanylai
Қалай түсіндірсем екен?? Әдемі жерлердің әдемі екенін көрсете біледі, фонға мән береді. Бір кездесуде жақсылап түсіндірем.
VKM
TERISKEIдің бітпейтін оятқышы мен смайликтері
izbasar
Қарағандылық екен.70 втобус ұзақ жүреді. Ұнайды. жалғыз билеп тұрған адамды сыртынан елестетші.
Zhanylai
Шымкенттенмін. Алматыда оқимын. Алматыдағы 70-автобуста бір аяқпен тұрасың.
izbasar
Қтелесіппін жетпісінші атобус отыз екінші квартал екен десем!
manshukn
Өйткені, ол КазГУдан барахолкаға баратын жалғыз автобус, сосын іші лық толы болады.
TERISKEY
«TERISKEIдің бітпейтін оятқышы мен смайликтері» — Мәншүк екеуіңнің сорларың қалың екен, жойып құтылыңдар ) ) )
sammita
студент екеніңді білдік. Ана қырт деген сөз ұнамайды осы.
monti
SATIBALDI ағаның пікірлерін оқу
қыздардың көбі ұнатад кен)))))
интернет журналистика сабағы
неге ұнамайд? инет аудиториялар берілмеген бе?
«аспаздықтың» алма қосылған оладьиін пісіру,
да жууу қыздардың бәрі қамырмен* арласа алғанын мен бір жағынан қызғанып қалам))) шын
Zhanylai
инет аудитория арман ғой.
estetika91
Біздің 3-зал неліктен ұнамайды екен деген сұрақ көкецімді тесіп барады...))
Zhanylai
ооо, 3-зал сендердікі боп кеткен ба?
Zhanylai
«Сендердің 3-залдарың» ұнамайды.
estetika91
Біздікі деп меншіктемей-ақ қояиын)) Бірақ, біздің көп топтық лекциялар сол 3-залда өтетіні рас))
manshukn
Мында журфак пен филфак 3-залға таласып жатыр ма?