Балаңызға жазуды үйретуден бұрын әріп тануды үйретіңіз

Кеше сағыз, бүгін майнкрафт сұрап жүрген балаңыз өсіп, бірнеше жылдан соң әлеуметтік желіге келеді. Сол кезде оның әлеуметтік желілерде көт жыртысып отырғанын қалайсыз ба әлде "құсық арасынан жеуге жарамды ыстық картоп іздеп отырғанын" қалайсыз ба? (бұл теңеу өзіме де ұнап қалды :P ) Құсық жағаламауы үшін қазірден бастап балаңызға сыни көзқараспен қарауды, фактіні сыннан өткізіп қабылдауды үйреткеніңіз жөн.

Блог - Basic: Балаңызға жазуды үйретуден бұрын әріп тануды үйретіңізБіз әке-шешесінен бастап (аяз атасы да, жыласаң алып кететін орысы да бар болсын!), тәрбиеші, мұғалімі, көршісі, газеті, радиосы, теледидары, көсемі алдаған буынбыз. Біз де есесін қайтармай қалғанымыз жоқ әрине. Бірақ проблема олардың алдауында емес. Біздің сенуімізде. Әлі де сене береміз. Өзіміз өтірігімізді нықтау үшін теледидардан көрдім, газеттен оқыдым дейтін едік. Практикамды «Н» газетінің редакциясында өттім. Сонда апталық жұлдыз жорамалды шалдардың қалжыңдасып-қауқылдасып отырып сүйкей салатынын көре тұра, апталығын да, күнделіктісін де қалдырмай оқитындардың бірі едім… Қазір кез-келген БАҚ шошқаның сүйегін тастаса да, имандысмыз бар, имансызымыз бар бір бірімізден жұлып мыжғылаймыз-ау. Қазіргі адамдардың арасында өз бетімен бірнеше сайтты ашып, жаңалықтар оқитындар бірен-саран. Кәсіби саясаттану, журналистика не сол сияқты басқа да салада болмаса. Әлеуметтік желіде кім не шайнап берсе, соны жұта салады. Бірақ "өз көзқарасы", тіпті боқжағысуда өз принципі мен әдістері бар.

Блог - Basic: Балаңызға жазуды үйретуден бұрын әріп тануды үйретіңізМүмкін қазір сол алданған буынмен арпалысудан гөрі, өз балаларымыздың бойында ақпаратқа иммунитет қалыптастыру керек шығар. Не болса соны жұтпасын, бұрыс болса да әр нәрсеге өз көзқарасы болсын, БАҚ тарататын ақпаратты қабылдай білсін. Бұл үшін балаларға ең негізгі қағидаларды түсіндірген абзал.

  • Сайттардан, теледидардан көретін, газеттен, кітаптан оқитын, радиодан тыңдайтын дүниенің барлығы қарапайым адам қолымен жасалады. Олар құдай емес. Кез келген хабарламаның «месседжі» бар. Балаларыңызбен бірге тауып көріңіз.
  • Кез-келген БАҚ белгілі бір ережелерге бағынады, өз тілі, коды бар. Мысалы, газет — маңызды ақпаратты беру үшін қою шрифтті, түрлі «дизайнерлік хитукелерді» пайдаланады. Дыбыстық бағдарламаларда адам эмоциясына әсер ету үшін музыка қолданылады. Кейде логика қабылдамайтын дүние, эмоция арқылы тыққышталады. Адамды көндіру үшін 15% шындық пен 85% эмоция қажет («Шоушенктен қашуда» айтылған пікір). Видеоойындарды алдымен дыбыссыз, содан соң дыбыстық сүйемелдеуімен ойнатып көріңіз. Дыбыс қосылғанда эмоция да шектен шығып кетеді. Манипуляция қалай жасалатынын түсіндіріңіз, визуальді эффектілер туралы сөйлесіп көріңіз. Мұндай эффектілер қандай әрекетке итермелеуі мүмкін? Көңіл көтеру, тауар сатып алу, немесе қандай да бір басқа нақты әрекеттер. Неұүрлым көп срақтар қойып, баланың өзіне сол сұрақтардың жауабын табуға көмектессеңіз, соғұрлым оның иммунитеті күшейе түседі.
  • Демеушілер кімдер? Көптеген балалар жобасында, бағдарламаларында, мультфильм, кино өнімдерінде демеушілерге жарнама жасалады (ауызша, логотиптерін, өнімдерін көрсету). Мұның себептерін, демеушілердің пайдасы мен ниетін ашық түсіндіріңіз.
  • Жарнамаға қатысты жарнамаланатын және жарнамасы жасалмайтын өнімдерді алып, өздерінің салыстыруына мүмкіндік беріңіз. Жарнамалық мифтерді өзі ашсын. Қорап сыртындағы әшекейлердің, суреттердің мағынасын түсіндіріп көріңіз. Мысалы таңғы ас пен космос байланысын, тоқаш пен велосипедке мінген аю көмегімен жасалған ертегі туралы сұраңыз. Осындай ертегілерді шығаратын адамдар, олардың кәсібі туралы айтсаңыз да артық етпейді.
  • Үлкендер әңгімесі. Балаңыздан темекінің, сыраның, басқа да ересек адамдар тұтынатын тауарлардың маркасын сұраңыз. Қаншасын айта алады, олар туралы не біледі? Өздері ешқашан тұтынбаған тауар туралы бөгденің сөзіне еріп шешім шығармауын ескертіңіз. Балаңызбен бірге бейнеклиптер қараңыз. Алдымен бейнеклипті дыбыссыз көрсетіңіз. Бейнеклип не туралы екенін сұраңыз. Кейін әуенімен қосып көрсетіңіз. Сөздері мен бейне дерек сай келе ме? Қандай да бір стереоптипті образдар, есірткі, алкоголь, зорлық насихаты байқала ма?
  • Күніне аз уақы болса да балаңызбен бірге жаңалық, хабар көруге тырысыңыз. Бұрын адамдар балаларын үйрету үшін аңға ертіп барған. Қазір аңшылық ақпараттық кеңістікте екенін ұмытпаңыз. Балаңызбен аңды бірге аулаңыз.
  • Балаңыздың қандай ойын ойнайтынын, қандай бағдарламалар қарайтынын, қандай мүльтфильмді жақсы көретінін біліп жүріңіз. Егер белгілі бір контент ұнамаса, балаңызға неге ұнамайтынын түсіндіріңіз. Бірақ шектемеңіз. Ол дұрыс шешімге өзі келуі қажет. Мұны өзіне баса айтыңыз.
  • Балаңызбен жиі әңгімелесіңіз. Оның өмірге өз көзқарасын қалыптастыруға көмек беріңіз. Теледидардағы, интернеттегі виртуал өмір мен реал өмірдің айырмашылығын көрсетіңіз.
  • Блог - Basic: Балаңызға жазуды үйретуден бұрын әріп тануды үйретіңізӘр айтылған, жазылған ақпаратқа сеніп, қабылдай бермеңіз. Тіпті менің жазбамды қабылдауыңыз шарт емес. Ешкімге сенбеңіз!
Әрі қарай

Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Тарихқа тұнған Тараз
Негізі Таразда ең алғаш рет 2007 жылы болдым. Сонда жы әрпін джы деп айтатын тұрғындарға таң қалғанмын. Ол кезде қала мен тарихи орындар туралы танысуға уақыт болмады. (Бұл да тарих)
Араға тоғыз жыл салып, Тараздың топырағына қайтадан табан тиді.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блогқұрылтай деп Сыр елінен салып-ұрып келдік. Сөздің шыны, бізде әлі блогер ұғымға қатысты толықтай түсінік қалыптаспай жатыр. Интернетте отырып, бір-екі оқыс оқиға мен биліктің «қоя салшы» деген жұмыстарын сынайтындарды блогер деп атап жүргені сол. (Орыс тілінде жазып жүргендерді айтпағанда)(Артық кетсем айып етпеңіздер...)
Блогер дегеніміз кімдер?
Олардың мақсаты не?
Блогер қандай болуы керек?
Блогерлер қай салада жазады?

Иә, қоя берсең сұрақ таусылмайды.
Осыған орай блогқұрылтай болады дегеннен Қызылордада қазақ тілінде сапалы дүниелер жазатын блогерлер қауымын іздестіре бастадым. Сыр елінен 8 болып, Таразға жол тарттық. Арамызда Сыр елінің жыр елі екенін сездіретін, сезіндіретін жыршы Күнсұлу қарындасымыз бар.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Еліміздегі ең тарихи қала қай қала?

Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Бәріміз біздің бабаларымыздың бабалары туылмай тұрғанда өмір сүрген грек ғалымы Геродотты тарихтың атасы ретінде жақсы танимыз. Алайда бұл сұрақтың жауабын ол кісіден сұрау үшін кешігіп қалғанымыз белгілі. Сол себепті аталмыш сауалға жауап беру біздің мойнымызда. Бұл үшін бүгінде Жерұйықты іздеген Асанқайғыша арып-ашып жүрудің қажеті шамалы. Бар болғаны, жасы үлкен, тарихи жәдігері мол, көп оқиғаға куә болған шаһарды таңдап алу қажет.
Меніңше, Қазақстандағы ең «көпті көрген» қала ол – Тараз. Алдын-ала айтып қояйын, блогқұрылтайға бармасам да, дәл осы пікірімнен танбас едім. Әркімнің өз жеріне тартып, «бізде де осындай бар, осындай бар...» деп айтатындай жөні бар. Алайда…
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Фирдоусидің өзі

«Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген өлкенің екі мың жылдан аса тарихы бар.
Ал еліміздегі қай шаһар осынша жас жасаған? Ешқайсысы. Одан бөлек, екі ғасыр деген уақытпен ешкім санаса алмайтын шығар.
Айтқандай ең бастысын жазуды ұмытып барады екенбіз, Қазақ Хандығына 550 жыл толған былтырғы жылы Тараз қаласының атауы ауызға жиі ілікті. Неге екенін де, жақсы білесіздер. Сонау 1475 жылы Керей мен Жәнібек хандарымыз осы өлкенің Қозыбасы деген жеріне ту тіккен. Сондықтан да өткен жылғы ат шаптыртып, алыстан адам ағылтқан, «Абылайхан асындай» болған айтулы шара осы шаһарда өтті.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Жасырмаймын, бұрындары Тараз қаласының тарихи жәдігерлері туралы аз-кем білетінім болмаса толыққанды таныс емеспін. Айша бибі, Бабаджа Хатун секілді кесенелердің атын оқығаныммен, аңызға айналған тұлғалардың қандай жағдайда бибі, хатун атанғанын білмейтінмін. Бұл кесенеге тоқталмай өтсем Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге қатысушы түлектер мені кешіре қоймасы анық. Олай дейтінім тарихы тереңде жатқан өлкеміздің жас ұрпаққа берер мол қазыналы тарихы бар. Сол себептен бітіруші түлектерге өз жерінің тарихи жәдігерлері жайлы — сынақта міндетті түрде сұрақ болып келеді.
Сонымен өз естіп-білгенімді сіздермен де бөлісе отырайын.

Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Айша Зеңгі бабаның қызы болған деседі. Сөйтіп жылдар өте бой жеткен қыз қасиетті Түркістан жеріне жолы түсіп, сонда Қарахан батырмен жолығады. Қыз бен жігіт ретінде кездеседі, сөз байласады. Жаугершілік заманда елінің басына қара бұлт үйірілгесін Қарахан еліне барып бір шаруаны тындырып қайтуы керек болады. Айшаны айттыруға кейін келетінін айтып, кете барады. Арада біршама уақыт өтеді. Болмаған соң, Айша Қараханды іздеп оның еліне баруға бел байлайды. Қасына Бабаджа Хотунды ертіп алады. Екеуі осылайша күйеужігіттің еліне сапарға аттанады. Алайда әкесі қызына «әу» бастан қарсылық білдіреді. Алдыңнан қырық өзен шығар, соның 39-ынан өт те, біреуінен өтпе деп теріс батасын береді.
Соған қарамастан, қызметшісі екеуі күн демей, түн демей жүріп, ұзақ жолды артта қалдырады. Бір кезде Қарахан тұратын қаланың төбесі көрінеді. «Жақындап қалдық қой, жетерміз» деп жолаушылатқан екеу аяқ суытады. Қызметшісі ас-ауқаттың қамына кіріссе, Айша өзен суына қарай сүңгиді. Сол өзеннің жағасында оны улы жылан шағады. Ажал болып келгенге жыланға Айша бірден бой бермейді. Өзі қиналып, о дүние мен бұ дүниенің ортасында жатып, Қараханды шақыртады. Бұны естіген батыр дереу емшілерін ертіп, жетіп келеді, алайда одан еш пайда жоқ-тұғын. Сертке адал, сезімге адал Қарахан сол уақытта молдаға Айша екеуінің некесін қидырады. Сөйтеді де, сүйген жарының құлағына «Енді сен бибісің, бибісің, бибісің» деп үш рет сыбырлайды. Ал Бабаджа Хатун кесенесі Айша бибі қызметшісінің құрметіне арналып салынған.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Міне осылайша бір дәуірде өмір сүрген үш адам тарих кейіпкерлеріне айнала шықты. Бұл оқиға біздің заманымыздан әрігерікте болған. Тап осы Таразда берігеректе болған тағы бір махаббат хикаясын естеріңізге салайын.
Айтқандай алдын ала анонс. Бұл хикаяны сіздер естіп қойған да боларсыздар, блогқұрылтайдан кейінде, дейінде түрлі сайттарда бірінен-бірі көшіріп жатты. Сонымен...
Ақтөбелік Айнұр мен тараздық Болат «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардиф университетінде бірге оқыған. Екеуінің сөздері жарасып, кейіннен отау құруды ойлаған. Олардың таныстары махаббаттарына қызыға да, қызғана қараған. Бірде олар қайғылы оқиғаның құрбаны болды.
Елге келе жатқан бойда Ақтөбеге Баку арқылы ұшатын әуе кемесіне отырған. Ондағы ниеттері Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарынан үйлену тойларына рұқсат алу. Алайда олар ақырғы армандарына жете алмады. Ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар қаза тапты. Құтқарушылардың бір аңғарғаны, Айнұр мен Болат о дүниеге құшақтасқан күйде аттаныпты.
Олардың нәзік сезімдері достарын да, ата-аналарын да бейжай қалдырмаған. Тіпті олардың жанкешті махаббатарынан көпшілік те құлағдар.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Сол себепті Тараздың орталығынан екеуінің құрметіне «Махаббат» монументі бой көтерген. Ең қызығы, олардың ата-аналары әлі күнге дейін құдандалы болып араласатын көрінеді.
Міне арада сан жылдар өтсе де Айша бибі мен Қарахан махаббаттарының көрінісін Болат пен Айнұрдың бастарынан өткен жағдайдан көруге болады.
Одан әрі әңгімені соза берудің қажеті шамалы. Тараз қай жағынан алып қарасаң да, тұнып тұрған тарих. Былай қарасаң Тектұрмас кесенесі, Мәмбет батыр, тағы бір көз жүгіртсең Дәуітбек кесенелері алдыңнан жарқырай шығады.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Ұмытып барады екенмін қала сәулетінің сәнің келтірген жаңа құрылыс жанынан, тарихтан сыр шерткен Аспан асты мұражайы орналасқан.
Иә шынымен таң қалдым, тұнған тарихқа көзім жетті.
Мұнда көне Тараздың сол дәуірдегі сәулет өнерінің ізі болған қала құрылысының орны жатыр. (Қала әкімшілігіне алғыс. Осындай құнды тарихи жерде бұрын базар болып тарихымыз сол базар астында бірге өшіп бара жатырған жерінен сақтап қалған.)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Міне, біз барған Тараздың сыр-қыры. Бұдан да көп дүние жазуға болады әрине.
Бірақ оны оқуға сіздердің уақыттарыңыз тапшы ма деймін.
Жалғасы бар…
Әрі қарай

Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов

Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар

Бүгінде бүкіл әлем оның ішінде Қазақстанда телеарналардағы ойын-сауық форматындағы бағдарламаларға жіпсіз байланған. Алайда кейде мұндай хабарлардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болып жатады. Кей бағдарламаларда тележүргізушілердің сөйлегенінен гөрі әндерге басымдық берілсе, ал енді бірі толығымен әзіл-қалжыңға негізделген. Десе де сапалы шоу мен жақсы көңіл-күйдің, әдемі қалжың мен шынайылықтың ортақ үйлесім табуы – сирек кездесетін құбылыс. Ал кейде қоғамда болып жатқан жағдайларға деген көзқарасымызды тек осы әзіл-қалжың арқылы ғана білдіре алатын кездеріміз болады.

Түрлі қалжыңдар мен қысқаша әзілдердің франшизді бағдарламалармен біздің ортамызға келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Әзіл-сықақ бағдарламалар негізінен алдын ала жазылған сценариді «дайындалған адамдар», мәселен бұрынғы «КВН ойыншыларының» сомдауы негізінде түсіріліп келді. Ал бүгінде жағдай өзгерді. Өз бетімізше шығармашылықпен айналысатын уақыт туды. Себебі, отандық телеарналар үшін франшизді бағдарламалар сатып алу қиындап кетті. Шоу-бизнес өкілдері болса, күн өткен сайын телевидение саласына барынша жақындай түсуде. Тіпті тек қонақ болуға, тележүргізушінің сауалдарына жауап беруге ғана емес, әзіл-оспақты көріністер мен бағдарламалардың басты кейіпкеріне айналуға да дайын. Олар қаласа да, қаламаса да жағдай осылай болып тұр.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар

Биылғы жылдың наурыз айында «Жетінші арна»эфирінде «Шай ішейік» бағдарламасының жаңадан толықтырылған нұсқасы пайда болды. Оны тележүргізуші Нуриддин Бидосов тізгіндеді. Форматы қонақ пен жүргізушінің әңгіме дүкен құруы және соңы әнмен аяқталады. Алайда, хабар әзіл-сықаққа негізделгендіктен өзгелерден ерекшелене түсті. Себебі, ондағы өткір қалжыңдар студия қонақтарын түрлі әрі ыңғайсыз жағдайларға қалдырып жатады.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Бағдарлама жүргізушісі өнер адамдарына олардың шығармашылығына мүлде қатысы жоқ сауалдарды қояды. Сұрақтардың әр алуандылығы соншалық нағыз шешен адамдарды да тығырыққа тірейді. Хабар барысында тек әншілерге ғана емес, барлығымызға қатысы бар тақырыптар да қамтылып жатады. Мәселен, үй, тұрмыс, отбасы, табыс табу деген секілді. Бағдарлама жүргізушісі: «Сіз сабырлы адамсыз ба? Бір затқа соқтығысып қалсаңыз онымен ұрысса кетесіз бе? Сиыр сауа аласыз ба? Қазы айналдыра білесіз бе? Қәне онда жасап көрсетіңізші» деген секілді немесе «Үйде қоқысты өзіңіз шығарасыз ба, әлде әйеліңіз төгеді ме? Мына суретте түскен көлік өзіңіздікі ме, әлде жалға алдыңыз ба? Инстаграмда суреттеріңіз көп, бұл – өз-өзіңізді қатты жақсы көргендіктің белгісі ме, әлде стиль ме?» деп төтесінен сауалдарды төпелетіп, сұхбат берушіні әбден састырады. Осындай тым қарапайым сұрақтардың жауабы арқылы қоғамдық танымымызбен кейбір кемшіліктерімізге қарап, риясыз күліп алуға болады.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Кейде жұлдыздармен болған сұхбаттар жеңіл троллингке ұқсап жатады. Мұндай кешкілік шоу форматтары батыс көрермендерін әлдеқашан жаулап алған. Тек кейде олар «шектен» шығып жатса, ал «Шай ішейікте» бәрі сыпайы түрде өтеді. Сондай-ақ студиядан тыс жұлдыздарды түрлі рөлде ойнату немесе оларды келеңсіз жағдайларға тап қылу арқылы түсірілген әжуаға толы сюжеттер қазақстандық телеарналарда бұрын-соңды болмаған жаңалықтар.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Мысалы түсірілген бағдарламалардың бірінде әнші Серік Ибрагимов өзінің қолтаңбасы мен әндерінің рингтондарын сауда орталығында сатуға мәжбүр болды.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Ақылбек Жеменей болса, базарда «қызыл өрік» сатты.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Ал Рамазан Стамғазиев көне москвичпен «таксист» болды. Жеңіс Ысқақова болса Кунг-фу-панда образына еніп, көшедегі бұзақылармен күресті. Мұнан бөлек студияда әншілердің жаңа бейнебаяндары да кеңінен талқыланады. Ал телетуындылардың өн бойынан Нуриддин Бидосов қалайда қалжыңдауға болатын тұстар тауып алады.Біздің әртістердің инстаграмдағы парақшалары – бұл қалжыңның нағыз қайнар көзі деуге болады. Бағдарлама барысында жұлдыздар әзіл-шыны аралас өткір қағытпаларға және ыңғайсыз сауалдарға дереу қалжыңмен жауап беруі тиіс. Жүргізілген сауалнама көрсеткендей студия қонақтарының жауаптарын көрермендер әзіл ғана емес, барынша шынайылық пен өз-өздеріне мысқылмен қарай алатын қасиет ретінде жоғары бағалапты.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Айтпақшы, дәл осы өз-өзімізге мысқылмен қарай білу біздің қоғамда қиын мәселе. Себебі, өз кемшіліктерімізге күлгенді көбінесе қалай бермейміз. Бұл дегеніміз үлкен сұхбат бергеннен де ауыр іс. «Шай ішейік» бағдарламасының авторлары, форматтың қандай екенін біле тұра қаймықпастан студияға келген қонақтарға дәл осы қасиеттері үшін риза.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Бағдарламаның осы маусымында таетр актерлерінің қатысуымен шынайы көріністер сомдала бастады. Олар жұлдыздарды түрлі жағдайларға тап қылады. Ал онан шығу үшін импровизаторлық қабілет пен актерлік ойын қажет. Мұндай жағдайлардың болатыны әртістерге алдын-ала ескертілмейді, сондықтан бұл олар үшін тосын құбылыс. Міне, сол үшін де жағдайдың қалай өрбігені барынша шынайы әрі қызықты болып шығады. Біздің телевизия үшін әрине бұл енді ғана дамып келе жатқан жаңа формат.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Ал отандық шоу-бизнес өкілдеріне бұрынғы «қалыптан» шығып, жаңа дүниелерге бейімделу не үшін қажет? Біріншіден, қазір ғаламтор мен телеарналарда ойын-сауықтық видеолар өте көп. Көрермендер болса мұндайдың бәріне тойып болған, оларды таң қалдыру оңай емес. Екіншіден, қазіргідей қиын экономикалық жағдайда әншілердің негізгі табыс көздерінің бірі — тойлардың да саны қысқаруда. Өнер адамдарына қалай болғанда да халық назарынан тыс қалмау қажет. Себебі, көзден кетсе, көңілдеп кетіп, өздеріне деген сұранысты түсіріп алуы мүмкін. Ал кеше ғана концертіне барып, талантына тәнті болған көрерменнің сүйікті әншісін ұмытып кетуі қиын емес. Сол үшін де әншілерге жайлылық аясынан шығып, өнеріне табынушыларды ұдайы таңдандырып, жаңа форматтарды көру, ерекше бағдарламаларға қатысу – уақыт талабы.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
«Шай ішейік» бағдарламасының қатысушылары күлкілі болудан қорықпайды және өздерінің позитивті қасиеттерімен көрерменді бірден баурап алды. Көбісі жеке өмірлеріндегі құпияларын ашудан қаймықпай, мінез-құлықтарының қарапайым екенін көрсете білді. «Иә, менің үстімдегі арзан күрте...», «Бізде үйлену тойы болған жоқ» деген секілді басынан өткен жағдайларды бүкпесіз жайып салу екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сырымызды толықтай ашуға Нуриддин көп көмектесті», -дейді жұлдыздар. «Шоумен ретінде емес, халықтан шыққан қарапайым адам ретінде сауалдар қою барысында өзінің де көптеген кемшін тұстарын мойындаудан қорықпады. Өзгелер секілді даңғаза үшін ішкі құпияларын жасырып қалуға тырыспады», — дейді. Осылайша, түсіру алаңындағы үйлесімді атмосфера телеэкран сыртында отырған көрерменнің де көңілін жаулай білді.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Бағдарлама продюсері Әлия Баймұхамедова «бұл – кешкі шоу болғанына қарамастан, біз көрермендерге қандай жағдайда да болмасын адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, қарапайым әрі шынайы болып, өзгелерді қалтасына қарап емес, жасаған ісіне қарап сыйлай білудеген секілді қарапайым ғана қағидаттарды жеткізгіміз келеді», -дейді.
Олай болса, жақсы көңіл-күйдің кепілі болатын «Шай ішейік» бағдарламасын әр сенбі сайын «Жетінші арнаның» эфирінен өткізіп алмаңыздар.
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Блог - EldarKurmanbayev: Шоу-бизнес және шоу бағдарламалар
Әрі қарай

Стомотология клиникасында бастан өткен оқиға

-Олло! Жан, жан-ау!
-Олло! Қайдасың?
-Тіс дәрігерінің қабылдауын тосып кезекте отырмын.
-Әлі кірмегенсің бе?
-Жоқ, кезек қалың, кабинет алдында бос орындық жоқ.
Сол мезетте емге қабылдап жатқан стомотологтың кабинет есігі сәл ашылып еркектікі болмасада әйелдің жуан дауысы:
-Пәленбайншы, пәленбайыншы…. Пәленбайыншымын, -деп жауап берген ешкім жоқ. Ар жақтағы дауыс:
-Келесі.
Кезек бойынша келесі біреуі есік саңлауынан сүңгіп жоқ болды.
Пәленбайыншының алдында кірген шығып үлгерді, ар жақтағы дауыс, тағыда Пәленбайыншыны шақырды. Кабинет есігін Пәленбайыншы аттамағандықтан кезектен тағы біреу кірді. Осы жолы ем қабылдап шыққанмен бірге жуан дауыс иесі медбике шықты. Дауысына сай денелі әйел, білегіде жуан:
-Пәленбайыншы….
Үн жоқ:
-Пәленбайыншы, солдат формасында жүрген жас жігіт.
Кезектегі біреу:
-Есік алдында жүр.
Медбике:
-Шақырып жіберіңдерші тісін жұлу үшін укол салғанбыз. Кезегін өткізіп алды. Уколдың күші кетіп қалды.
Өз сөзіне коментарий ретінде шығып кеткен күлкісін тиып кабинет есігін жапты. Ар жағынан дауысы ап-анық естіліп тұр:
-Өскемен солдаттың есінде қалатын болды, -деді.
Тіс дәрігерінің медбикесі дәу болса өзі қандай екен-ау. Осы ойдан тісім қақсап кетті.
Медбикеден кейін бастырылып қалған кезекті ата бұзды. Таяққа сүйеніп келген ол отырған жерінде таяғын ұмытып жүре беріпті. Жылпоздықпен күн көріп үйренген студент оқиға неден орын алғанын түсініп ұмыт қалған таяқты ұстап атаның артынан тұрды. Ниеті түзу, бірақ бұл қимылда басқада мән бар. Байқап көрші. Ата зейнеткерлер арасында спирттен чемпион болғаны ма? Әлде, студент баланың аяқ киімі тар болғаны ма? Коридор соңында екеуі көрінбей кеткенше студент атаны қуып жеткенін байқамадым. Сондықтан ұмыт қалған таяқ иесіне табысталғанын немесе табысталмағаны маған белгісіз. Табыстаған шығар. Финалсыз қалған қысқа қашықтықта „желіп жүру„ жарысы жаңалық әкелді. Жарыс басталғаннан бері тілімнің ұшы өздігінен алдында ғана қақсап тұрған тісіме өздігінен тисе бергенін байқамаппын. Енді байқадым. Қақсап ауырған тісім ауырғанын қойыпты. Ауырмайды! Соңғы ойым дауыстап шығып кеткендей. Солдат жігіт ештеңені білмейтін сыңайлы. Кабинет есігіне жетті.
Қазір білмейді. Қабылдауға кірген соң біледі. Қала берсем оның жанына тісі батып ауыртқанын естісем. Шыдамаймын!..
Әлі медбикенің дауысы құлақ түбінде:
-Оның есінде қалатын болды.
Сөйтіп-бүйтіп, қорқынышыма жеңіліп клиникадан шығып турасынан үйге тарттым.
Бірақ, дерт түрі бар -шипасыз жазылмайтын, дәрігерсіз емделмейтін.
Әйелім менімен түні бойы дайындық жүргізді. Қандай дайындықтан өткенімді түсіне жатарсыздар, егер:
-Кешке пісірген асын ішпесең, төсекте тек бір бүйірге жатып алсаң. Бұның бәрін тек тістің жанға батып ауырғанымен түсіндіру қиын. Және ер басыңмен стомотолог дәрігердің дәл алдынан қашып келгеніңе сенгізу қиын. Сондықтан. Таң атты. Күн шыққты. Жұп болып тіс емдетуге шықтық. Тісті емдеттік. Көп қабатты үйдегі шағын бөлігінде кешке жақын дастархан жайлып шағын отбасылық мейрам болды.
Әрі қарай

National Geographic журналы қазақ тілінде

Блог - asaubota: National Geographic журналы қазақ тілінде

128 жылдық тарихы бар осы бір танымдық журналдың қазақша нұсқасының шығуы — үлкен жаңалық. Журналдың бас редакторы Сюзан Голдбергтің айтуынша бұл журнал шығатын 38-ші тіл екен. Қуанарлық жайт. Ақпан айында шыққан журналдың алғашқы саны қолыма тек кеше тиді.

Қолға ұстаған кезде ең алдымен сапалы қағазы ерекшеленеді. Иісі де байқалады, журнал иісі. Мұқабасы, ішкі дизайны да бөлек екені, нағыз бренд журнал екені білінеді. Айына 15 мың данамен шығатын журнал Литвадағы баспаханада басылады екен.

Негізгі тақырыптары: география, аңдар, құстар, экология, табиғат мәселелері. Журналдың басты ерекшелігі — ақпаратты жеткізу тәсілі болса керек. Мақалалардың орналастырылуы, безендірілуі ұнады. Инфографикалары керемет, анық, түсінікті. Натгео фотографтарының еңбектерін де атап өту керек. Бір тәулікте 2000-3000 кадр түсіріп, кейін солардан құрастырылған панорамалары өте тартымды. Репортаждардан Арал туралы кең репортажды ерекше бөлер едім: мәтін де, сурет те, инфографика да бар.

Жалпы, балалар үшін де, ересектер үшін де жақсы бір танымдық журнал. Келесі сандарын асыға күтетін боламын.

Журналдың сатылу орындарын сайттарынан қарай аласыз — nationalgeographic.kz/satylu-oryndary
Қазпошта арқылы жазылу индексі — 74886
Редакциядан тікелей жазылу үшін +7 7172 680078
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойындар

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойындар

Бүгін түнде нағыз футбол жанкүйерлерінің үшін ұйқысын бұзатын, көп күттірген Чемпиондар Лигасының 1/4 финал (ширекфинал) ойындары басталады. Осы қысқаша шолудан соң сіз қай мачты қарау керегін біліп жүресіз деп ойлаймын:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойындар

БАРСЕЛОНА — АТЛЕТИКО МАДРИД
Каталониялық клуб үшін өте маңызды ойын, кейбір глорлардың айтуынша өткен апта да ғана ел Эль Класикосында Мадридтің екінші клубынан ұтылыпты. Тіпті Жерар Пике де Атлетиконың Реалдан мықты екенін, олар қазір Испан еліндегі №2 клуб деп отыр. ЧЛ-дың 2013/2014 жылғы маусымында жартылай финалда осы Атлетикоға кеткен есені қайтарудың сәті түсіп отыр. Төменде УЕФА сайты ұсынған болжам құрам:

БАРСЕЛОНА: тер Стеген; Алвес, Пике, Маскерано, Альба; Бускетс; Ракитич, Иниеста; Месси, Суарес, Неймар
АТЛЕТИКО МАДРИД Облак; Хуанфран, Савич, Годин, Филипе Луис; Габи, Ньигес, Аугусто, Коке; Гризманн, Торрес

Каталониялық клуб сапында қорғаушы Матье ойнамайды десек, қалған жігіттер сақадай сай. Ал астаналық клуб сапында португалиялық Тиягу жарақатына байланысты ойнай алмайды, ал негізгі құрам ойыншылары Хименес, Оливер Торрес және капитан Габидің матчқа қатысып-қатыспауы белгісіз.

Матчтың бас қазысы неміс Феликс Брих, көмекшілері: Марк Борш, Штефан Лупп, Бастиан Данкерт и Марко Фриц.

Барселона бапкері Луис Энрике өз сөзінде:
Біз соңғы уақытта Атлетикомен бірнеше рет кездестік, олардың қандай жоғары деңгейлі клуб екенін және құрамында жекелеген шеберліктерінің арасында ойын тағдырын шешуге тұрарлық ойыншылары бар екенін де білеміз. Атлетико қорғаныста және контршабуылға мықты. Өткен аптадағы жеңілістің дәмі менің жігіттеріме үлкен мотивация болатынына сенемін. Бүгінгі ойында өз алаңымызда гол жібермей, жеңіске жеткім келер еді


Атлетиконың бапкері Диего Симеоне:
Бүгінгі матч тосын сыйға толы болады деп ойламаймын, себебі біздер бір-бірімізді жақсы білеміз. СОнымен қатар Энрикенің жігіттері қандай футбол көрсетіп жүргенін де білесіздер, олар қай кезде де мықты және МСН үштігінің қолынан не келетінін де білеміз. Мен жігіттерімнің шеберліктеріне және алаңда барын салатынына сенемін

Барсаның бас жұлдызы Месси осы уақытқа дейін Атлетикоға қарсы 28 ойын өткізіпті, барлығы 25 гол соғып, үш мәрте хет трик авторы атанды. Бұл қызықты статистика өз жалғасын табар ма екен, оны білу үшін бүгін сағат 00-45 матчты тамашалауды ұмытпаңыз.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойындар

БАВАРИЯ — БЕНФИКА
Сырт көзге бұл матчтың айқын фавориті кім екені байқалып тұр, бірақ-бірақ дей келе… өткен жылдың ЧЛ-дағы Порту — Бавария матчын еске алыңыз. Кейбір глорлардың түсінуі қиын тіркес: «ЧЛ-да ешқандай әлсіз команда болмайды». Міне осы тіркестің дәлелі португалиялық клуб және соңғы ел біріншілігіндегі ойындары да жақсы деңгейде. Мұны Баварияның бас бапкері Гвардиола да атап өтті.
Төменде УЕФА сайты ұсынған болжам құрам:

БАВАРИЯ: Нойер; Лам, Киммих, Алаба, Бернат; Алонсо, Видаль; Коман, Рибери (Коста); Мюллер, Левандовски
БЕНФИКА: Эдерсон; Андре Алмейда, Линделеф, Жардел, Элизеу; Фейса, Ренату Саншеш, Гайтан, Пицци; Жонас, Митроглу

Мюнхендік клуб сапында Боетанг, Бадштубер жарақатына байланысты ойынға қатыспайды. Роббен, Бенатия да жарақаттарынан толық айықпады және матчта көруіміз әлі де белгісіз. Роббен негізгі құрам ойыншысы екені белгілі, сондықтан ендігі үміт Коман мен Костаға артылып отыр. Ал Бенфика сапында негізгі құрамның қос ойыншысы алаңға шықпайды, бұл қақпашы Эдерсон мен капитан Луизао. Жығылғанға жұдырық дегені қазақтың осыларға келетін сияқты.

Матчтағы бас арбитр поляк Шимоном Марчиняк, көмекшілері: Павел Сокольницки, Томаш Листкевич, Павел Рачковски и Томаш Мусял.

Хосеп Гвардиола матч алды сөзінде:
Біз Бенфиканы сыйлаймыз және өз басым олардың соңғы ойындары мен статистикасын жоғары бағалаймын. Құрамында Митроглу, Жонас секілді ойыншылары бар. Мен өзім Баварияны бұл тартыста фаворит санамаймын және Портумен өткен матчты ұмытқан жоқпыз, бірақ Бавария үлкен клуб екенін ұмытпайық, бізді қай кезде де фаворит қатарынадамыз.

Бенфика бапкері Руй Витория өз сөзінде:
Біз Баварияның басқа деңгейдегі команда екенін білеміз, бірақ бұл біз олардан қорқамыз деген сөз емес. Біз алдағы матчқа дайынбыз және бізге бастысы концентрация мен өз ойынымызды жоғалтпауымыз керек. Ең бастысы осы, жігіттеріме сенемін

Қызықты дерек: соңғы өткен үш екіматчтық тартыс та тек қана Бавария жеңіске жеткен және неміс клубы минимум ЧЛ финалында ойнаған.

Мына сөзді ұмытып барамын: HALA MADRID!
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Алғашқы ойындар
Әрі қарай

Дипломдық жұмысты қалай жаздыңыз?

Мен Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» деген романын қайта оқып бастадым. Осы романда өте қызық әрі маңызды жолдарды оқыған едім. Шығармадағы Меңтай деген басты кейіпкер бар еді ғой, сол қыз бірінші курста-ақ дипломдық жұмысының тақырыбын анықтап қойыпты. Маған Меңтайдың осы әрекеті ой салып, көкейімнен кетпей қойды. Дипломдық жұмыстың тақырыбын қалай таңдасам екен деп ұзақ ойда жүрдім. Осының әсерімен 4 курстағы таныс әпкеме барып ойымды айтқан едім, ол маған күлді. -Мен 4 курста оқимын, менің өзім әлі бұл тақырып жайында ойланған жоқпын. Оның қиын түгі де жоқ, бітіруге 1-2 ай қалғанда -ақ жазып үлгересің, -деді. Мен бұндай ауқымды тақырыпты қалай аз уақытта жазып бітіруге болатынын сұрадым. -Қазір интернет бар, кітаптардан көшіріп ала саласың,- деп жауап берді. Сөйтсем бұлар дипломдық жұмыстың 2-3 бетін «пәленше былай айтады, түгенше солай айтады» деп көшіре салады екен. Айтпақшы, бұл көшіруді қазір ғылым тілінде плагиат деп жатыр ғой. Бізде осымен айналысатын арнайы Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығы бар. Олардың дерегінше Қазақстандағы әрбір оныншы ғылыми жұмыс плагиат.
Сонымен, дипломдық жұмыс- бұл студенттің жоғарғы оқу орнын аяқтау кезінде жазылатын соңғы қорытынды өзіндік ғылыми тәжірибелік жұмысы. Демек, бітіруші дипломдық жұмысты өзі жазып, өзінің көзқарасы мен мамандықты қалай игергенін көрсету керек.
Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығының ұлттық ресурсты қалыптастыру департаментінің директоры Қамарсұлу Елеукенованың айтуынша плагиат жағымсыз құбылыс, ал онымен күресудің екі жолы бар. Жаза және «антиплагиат» жүйесін қалыптастыру. Алайда, соңғысының кемшіл тұстары да байқалатын көрінеді. Бұл әлі де шикі жүйе екендігін және оны одан әрі жетілдіру керектігін айтады биология ғылымының кандидаты Сержан Аманов. Плагиат жасау ғылымға қаншалықты әсерін тигізеді? Сіздіңше бұл дұрыс па, бұрыс па? Плагиатпен күресудің қандай тиімді жолдары бар?Өзіңіз дипломдық жұмысты қалай жаздыңыз?
Әрі қарай

Кірді жала, микробты сүй! (97+)

ЕСКЕРТУ! БҰЛ 97+ МАҚАЛА!
Менде бір керемет сюжет бар...: Кірді жала, микробты сүй! (97+)97-ДЕН АСҚАН ҚАРТТАР ҒАНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ РУХЫМЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН МАҚАЛА!

Қадірлі ата-ана немесе бала тәрбиесіне жауапты кез келген тұлға (өгей әке, өгей шеше, интернат тәрбиешісі, балабақша директоры, аға, әпше, әжесс, т.б.)!
Әрі қарай

Қазақ халқының туыстық атаулары

Баба – арғы ата, үлкен ата
Ата – әкесінің әкесі, бергі ата
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Ана – өзінің туған шешесі
Аға – өзінен үлкен ер бала
Әпке – өзінен үлкен қыз бала
Қарындас – өзінен кіші қыз бала
Іні – өзінен кіші ер бала
Сіңлі – әпкеден кейінгі қыз бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Нағашы – шешесінің туыстары
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
Жеңге – ағаның әйелі
Жезде — әпкенің күйеуі
Келін – інісінің әйелі
Күйеу бала – сіңлінің күйеуі
Жиен – тұрмысқа шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан
құдалар
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
Қарсы құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала
Әрі қарай