Қош көрдік, Керекинфо!!!
Сәлеметсіздер ме, «Керек Инфоның» текті жұрты?! Қал жағдайларыңыз қалай? Бұл жерге алғаш аяқ басып отырған жайым бар. Көп нәрсені түсінбей де отырмын. Дегенмен, «көш жүре түзеледі» деген сөз бар емес пе қазақта? Алғашқы жазбаларымда білместікпен жіберген қателіктерім болса, қатты сынға алмассыздар деген ойдамын. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, сіздерден үлкен демеу күтемін!
Әрі қарай




Құдайдың делік белгілері қазіргі ислам дінінің аясында жиі айтылып тұрады. Ал Жердің ескертулері кейде елеусіз қалып жатады. Жарайды, сенбей-ақ, қызық факті есебінде қарастырайық. Британияның Гэмпшир графтығында «Біз жалғыз емеспіз» деген жазу табылды. Оның ерекшелігі — әрбір әрпі 36 метрдей, егістік алқабында жазылған. Біреулер мұны бізге жолданған ақпарат дейді. Ал меніңше, бұл сонымен қатар бір ағзадағы символика.
