Жылу

Жаз бойы өзге балалармен таласа жүріп біз жинаған тезектерді қапқа салып алып келді де, қазандықтың оттығын ашып, солайымен төңкере салды. Отқа салынған әр тезек таныс маған, әр бұдырына дейін, көлеміне дейін көз алдымда. Әр түйірінің бір тарихы бар керек десеңіз. Оттық тұтату үшін соляркаға малынған әнебір жұқалау ақшыл тартқан тезек көрші Қамбар шалдың сынық мүйіз сиырынан шыққан өнім. Өзіміздің сиырларға деп салынып қойылған шөпке түсіп кеткен сынық мүйіз сиырды «Қарасан келгір, шошала тигір» деп әлемдегі бар қарғысты жаудырып қуалап бара жатқанымда, қорамыздың алдына қалдырып кеткен сұйықтау тезегін күннің көзіне әбден қураған кезде қораның іргесіне қарай сүйей салғанмын. Міне, осыған ұқсас әр тезектің өз тарихы бар. Жазғы аптап ыстыққа әбден қурап, кепкен тезектер от тиісімен гүр етіп жана бастады. Сазбен сыланған қоңыр пешке жан бітті. Бойы қыз-қыз қайнап, үйге жылуын тарата бастады. Бірнеше жылдың куәсі болған қара қазан қойылды отқа. Әжем қазан ішін ыстық сумен шайып жіберіп, ешқашан ұмыт қалмайтын «Біссімілләсын» айтты да, ет салды. Көзін сығырайта қабырғада ілулі тұрған сағатқа қарады. Тамақтың дайын болар уақытын жобалау үшін. Қоңыр пешке арқасын сүйей отырды да, көрпенің астына бетін қайырып тастап кеткен сарғыш кітабын алды. Мен де әжеме қарай жылжыдым. Үйреншікті әдет, ешкім тіл қатып сөйлеспесе де, іс-әрекет жасала береді.
Қоңыр пеш пен әжем қатты ұқсайды бірі-біріне: екеуі де жып-жылы, тоңсақ екеуін паналаймыз, екеуі де бір-бірімен үнсіз ұғысатындай. Қоңыр пеш әжем жоқ болса жетімсіреп қалатындай, пеш жағылмаса әжем көңілсіз болатындай. Далада ысқырып тұрған боранның қаһары да түк емес: әжем мен қоңыр пештен қаймығады. Долдана айналасын астаң-кестең еткен ақ боранның ызғары үйге ене алмай, бар жігері құм болып басылатын. Ал, біз қоңыр пешке арқамызды сүйеп қойып мамыражай күйге көшеміз. Көзәйнегін киіп алған әжем сыбырлап кітап оқи бастады. Мен алдына басымды қойып тыңдауға көштім. Негізі, әжем кітапты маған оқып, түсіндіру үшін оқымайды, өзі үшін оқиды. Оқығаны да қызық, іштей көз жүгіртіп оқуға әдеттенбеген, сыбырлаған дауысын анық есту үшін мен әжеме одан сайын жақындай түсемін. Кешегі бастаған «Елім-ай» кітабының бүгін ортасына келдік. Өз заманының адам төзгісіз халін оқып, жүрегі ауыратын болса керек: «Алда, қасқа-ай» деп терең күрсініп алады. Кімді аяғанын білмедім, мүмкін кітап кейіпкерін, мүмкін есіне түскен өз замандастарын.
Сыбыр-сыбыр дауыс. Шырт-шырт етіп жанған от. Қыж-қыж етіп қайнаған қазан. Сарт-сұрт еткен даладағы боран. Пыс-пыс етіп демалған мен. Тыңдап жатырмын. Бір кезде бетіме тамшы тамып кетті. Әжем жылап отыр. Бір-бір көзі шөлмектің түбіндей қап-қалың көзілдірігінің астынан жылжи аққан көз жасы бетіндегі әр әжімнің ізін қуалай жүріп, менің бетіме тамып жатыр. Сонда да оқуын тоқтатпады. «Алда, қасқа-ай» деген бұл жолғы дауысына діріл қоса шықты.
Тыңдап жатып ұйықтап кетіппін. Мұрынды қытықтаған сүр еттің тәтті иісінен ояндым. Әжем кітабының бетін қайырып, көрпесінің үстіне қойыпты да, дастархан жаюға кірісіпті. Кірпігіне қырау қатып, құлақшынын бастыра киген атам қой кезектен келіп жатыр екен. Біздің үйдегі іс-әрекеттің бәрі бірі-бірімен үнсіз байланыста. Атам қай уақытта келетінін алдын ала айтпайды, бірақ атам кіріп келе жатқанда тамақ та пісіп үлгеріп, дастархан жайыла бастайды. Әжем де кітабының бір тарауын аяқтайды. Арада жылдар өтті. Атам қайтыс болды, әжем үлкен ұлының қолына аудан орталығына көшіп кетті. Ортасында жалғыз пеші бар тоқал там бұзылды, орыны күреліп басқа ғимарат салынды. Ауылға газ келді де, бұрынғыдай таласа тезек жинайтын балалардың қолы босап, ерігіп жүрді. Ауыл маңы сиырдың тезегінен қоқып кетті, оны жинайтын, керек ететін адам табылмады. Ал мен үнемі тоңып, бір жылу іздеп жүретін күйге түстім.
Әрі қарай

САРЫ

Құтылатын амал қалмағанын ұққан жігіт ақырын ғана аспанға қарады. Артында мылтық кезеніп тұрған жендеттерге бұрылғысы да келген жоқ. Одан не пайда? Қарусыз адамды ата салуды ерлік санаған қорқаулардың түрі емес, соңғы көргені өзінің сары даласы болғаны мың артық. Патшаның сасық түрмесінде шірігенше, өзі сияқты кең даланы тынымсыз кезген ит-құсқа жем болғаны жақсы.
Әрі қарай

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы басталды

Блог - asaubota: «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау поэзия мен прозалық шығармаларды қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару бойынша өткізіледі.
Жұмыстарды қабылдау 2015 жылдың 15 шілде — 20 тамыз аралығында жүргізіледі.

Толық ақпарат www.altynkopir.kz сайтында.
Әрі қарай

"Қазақтандағы" таң қаларлық баға.

Қазақстан оның ішінде Алматынын мақтанышына айналған 25 этажды " Қазақстан" қонақ үйі ішіне кіріп көру бала кезімен арман еді. Сол арман кеш болсада орындалып қана қоймай, журналист қауымы әлі шығып көрмеген 26 қабатқа көтерілдік. Айбарлы да сұсты көрінетін қонақ үй бағасын естігенде" қағыс естімедік па" құлағымызды тоса түстік. Бағасы 60 мың мен 25 мың арасында. Ең қызығы күрделі жондеулер реттелгенен кейін баға тағы төмендейді деген мәлімдемесі. Бұл нарықтық бәсекелестік, бұлардан өзге егер қонақтар қосымша ақылы қызмет түрін қолданса тағы біршама жеңілдіктер бар екен. 1978 жылдан қызмет етіп келе жатқан қонақ үйдің төбесіндегі " алтын тәж" қонақ үйдің символы іспетті екен. Бұл тәжді әр жерден кездестіре аласыз. Ұлттық жәдігер ретінде қастерлеп қарайтын қонақ үй басшылары ұлттық нақыштарға толы ою- өрнектерді сол қалпында сақтап қалған. Міне Қазақстан қонақ үйі. Қонақ үйдің қонақтарының басым бөлігі қазақтар екен, оған қонақ үйді аралап жүргенде көзіміз жетті. Той-томалақ жасайтын ағайынға қызық болар аздаған мәлімет бере кетейін. Мәселен банкет жасасаңыз арақ-шарап сусындар мен тағамдар алсаңыз тегін, ал шараптардың бағасы дүкендердегі баға. Той жасаймын деп шабылган халықты көзіміз көріп жүр. Брақ аяғында қызмет сапасы көңілге қонбай реніш туындап жатады. "Қазақстан" қонақ үйі бұл жағынан артықшылықтары басым. Жиын өткізуге не бәрі миллион теңге қаражат кетсе, менюде 22 мыңнан 29 мың теңге арасында екен. «Той жасаймын» десеңіз 600 ге дейін орын бар, оған қосымша балкондағы хауызды әсем орындарды қосыңыз.
Әрі қарай

"Бесік" туралы сіз білмейтін сырлар

Бесік- көшпелі ата-бабамыздан қалған мұра.
Бесік қайдан пайда болды?
Блог - MyrzahanUbaydaev: Бесік туралы сіз білмейтін сырлар
Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты.
Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би, алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады…
Бірақ жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.
Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады.

Бесіктің сәби денсаулығына пайдасы
Бесіктің құрылымы алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың таза жатуына көмектеседі, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың кіші дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына септігін тигізеді. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.

Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы.

Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, көшіп келе жатқанда, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», — дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», — деген екен.

Бесікке бөлеу
Бесік туралы айтқанда, баланы бесікке салу ырымы жайлы айтып кетуіміз керек. Өйткені ата-бабамызда қалған қайсыбір дәстүрді алып қарасаң да, белгілі бір маңызы әрі пайдасы бар. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген заттарын ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айнала отырып, бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.
Блог - MyrzahanUbaydaev: Бесік туралы сіз білмейтін сырлар
Әрі қарай

Bon Jovi - It's My Life(аударма)

Бұл әнім арналады жүрекжұтқандарға
Рухын жықпай, өмір мәнін ұққандарға
Өзімді көптің бірі санамаймын
Құлақтарыңды түріңдер ей адамдар
Бар дауысыммен айғайлаймын:

Бұл менің өмірім!
Санаулы бес күнде
Берілмеймін ешкімге!
Жүрегім тоқтағанша
Бұл менің өмірім
Түн артынан күн келсе
Өмір жолыңды күнде өлше
Тәнім жер қойнына кіргенше
Бұл менің өмірім!

Оңайлықпен берілмейтіндерге арнадым
Өл-тірілсе де орындай білетін арманын
Өмір шыңдай береді төзе білсең
Ешқашан шегінбе, тек өзіңе сен!

Бұл сенің өмірің!
Қиындықтардан қашпасаң,
Дәл қазір немесе ешқашан!
Жүрегің тоқтағанша,
Бұл сенің өмірің!
Бұйырса ұзақ жасайсың,
Әр кірпішіңді өзің қашайсың
Тәніңді жерге тапсырғанша
Бұл сенің өмірің!

Арыңды ешқашан кірлетпе,
Бұл әлем аядай жүректе!

Бұл менің өмірім!
Санаулы бес күнде
Берілмеймін ешкімге!
Жүрегім тоқтағанша
Бұл менің өмірім
Түн артынан күн келсе
Өмір жолыңды күнде өлше
Тәнім жер қойнына кіргенше
Бұл менің өмірім!

Әрі қарай

Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Менде бір керемет сюжет бар...: Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Ақынның, хершірерсіздер, ендігәрі — ахуйн десек дәлірек болар, ішкеніне үшінші апта. Әйелінің өтінішімен — онымен бірге ішіп, өмірге құштарлығын арттыруға кіріп шықпаққа әлгі жерімді будым.

Ішімнен сыбап келе жатырмын. «Дарабоз ахуйнымыз!», «ауданымыздан шыққан жалғыз қасқа!» деген атақ пен ат-шапанға малданып, облыс орталығына көшті де кетті. Дос ретінде лібәдқа бірнеше рет ескерттім:
Әрі қарай

ҚАҚПАН

Әңгіме

… Ақтөс «әуп» етті…
***

— Қап, әкеңңң… Қорлығы өтті-ау мынаның!
Шопан үнемі артын айналып, отардан бөлініп жайылғыш көк саулықты шықпыртып сабап әкеп ортаға тығып жатып Ақтөсті ойлады.
«Осы әкеңнің Ақтөс болса өстіп қанымды ішер ме еді...»
Әрі қарай

Дарынды журналистер сынға түсті

Қазақ университеттерінің қара шаңырағы, ҚазҰУ төрінде, «Журналистика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбындағы олимпиадаға, еліміздің әр қиырындағы 12 ЖОО студенттері жиналған. Білімділер бәсекесінде болашақ мамандар өз білімдері мен игерген машықтарын ортаға салды.

Бұл олимпиада басқалардан өзгерек

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түстіЖыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.
Тағы бір айта кетерлігі, өзге мамандықтарға қарағанда журналистика мамандығында өтетін олимпиаданың өзгеше тұстары бар. Мәселен, бөгде мамандықта өткен олимпиада да жеңімпаздар жалпы командалық есеп бойынша анықталатын болса, бұл жерде бәрі басқаша. Командалар өздерінің біліктіліктерін тәжірибеде көрсетеді. Яғни видео сюжет дайындау, аудио оқу, фото түсіру мен онлайн жазба салу. Аталмыш бағыттар бойынша үздік шыққандар жеңімпаз атанады. Журналист мамандығы өзге салалардан қалай ерекшеленсе, оның оқыту әдістері де сондай.

Алматы сапары және олимпиаданың алғашқы күні

Алғашқы күннің қалай өткенін, не істелгенін төмендегі суреттен көруге болады.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Ащы шындық

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түстіБұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды.
«Бүгінде қазақ тілді мерзімді басылымдардың жұмысы сын көтермейді.Әсіресе аудандық және облыстық газеттердің көпшілігі білікті мамандардың тапшылығын сезінуде. Маман болмағандықтан олардың көпшілігінде басқа саланы бітірген жандар журналист болып жұр. Бұл мерзімді басылымдардың сапасының төмендеуіне өзіндік ықпалын тигізбей қоймайды. Жыл сайын елімізде қаншама жас журналист мамандығын бітіріп, қолдарына диплом алып шыққанымен, ешбірінің алыс ауданға барып жұмыс істегісі келмейді. Барлығы үлкен қалада қалып қойғысы келеді»,- деді Назгүл Шыңғысова.

Ұстаздың айтқаны ащы да болса шындық. Алыс ауданға барып, шағын газетте ұмыс істеуді ар көріп, атақ қуып, телеарнадан көрінсем деп жүрген әріптестеріміздің бары жасырын емес. Айтар сылтауы да дайын. Аудандық газеттерге жұмыс істеуге қажетті жағыдай жасалмаған. Оларда жүріп танымал болу қиын. Бірақ бұл сылтау ғана. Егер шын ниетімізбен беріліп жұмыс істесек, еңбек қашанда бағаланады. Қазақ тілді басылымды біз, кәсіби мамандар ойламасақ, дамытпасақ, маман деген атағымызға сын емес пе?

Екінші күн. Ақтық сын.

Сайысқа келген жастардың көкейінде толқу сезімі басым. Оны қобалжыған түр-әлпеттерінен-ақ байқауға болады. Енді ше? Бұл кімнің бағы жанғанын. Қай команданың білімі мен біліктілігі жоғары екендігін анықтайтын күн. Екінші турдың басында әр команда өзін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Түсінбеушілік болмауы үшін, командалардың ортаға шығу реті жереби бойынша анықталды. Жеребе бойынша, білімділер додасын бастау мәртесебі Қарағандылық студенттерге (бізге) берілді. Осыдан соң, әр топ ортаға шығып, өз өнерлерін танытты. Осыдан соң, төрт номинациядан (фото, видео, радио, онлайн) тұратын сайыс басталды.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті
Алғашқы кезек: «Студенттің бір күні» тақырыбындағы фото байқауға берілді.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Келесі кезекте «Жаңа қазақстандық патриотизм-өркениетті қоғам жетістігінің кепілі» тақырыбында осы байқауға арнайы дайындалған бейне сюжеттер ұсынылды.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Студенттер үйге берілген тапсырмаларды орындап шыққан соң, тікелей эфирде хабар таратуға радио торапқа отырды. "Өңірлік журналистиканың даму жолдары" тақырыбында журналистиканың өзекті мәселелерін көтеруге тырысып бақты.

Жас журналистердің еңбектерін тамашалаған түрлі саланың мамандары өз пікірлерін айтып қалды. Мақтау мен мадақтаудан бөлек сын да айтылды. Сын айтылмай мін түзелмейді. Алайда әріптестеріміздің көпшілігі айтылған сын мен берілген бағаға қарсы шығып, дау тудырып жатты. Бұл халықтың айнасы, жұртқа үлгі болатын мамандық иелері үшін жараса бермейтін қылық екені анық.
Жоғарыда айтылған үш номинациядан бөлек, тағы бір сын жүріп жатыр. Ол мына біздер. Технологияның дамыған заманында ғаламтор арқылы хабар тарататын интернет журналисттер (блогерлер). Екі күн бойы не істеп, не қойғанымызды жазып. Ғаламтор арқылы төрткүл дүниеге хабар таратудамыз.

Жүзден жүйрік шыққан кімдер?

(Бұл тарау, олимпиада толық аяқталып, марапаттау шарасы біткен соң жарияланады)
Әрі қарай