Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Сана мен сезім: Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Жазбаны оқымастан бұрын видеоны мұқият қарап шығыңыз. Ақ киімдегі қыздар бір біріне қанша пас беретінін (допты қанша рет лақтыратынын) санау керек.


Бұл тест біздің көз алдымыздағы нәрселерді қаншалықты байқамайтынымызды аңғартады. Адам бір нәрсеге қатты назар аударып отырған кезде айналасында болып жатқан басқа нәрселерді жіберіп алады.

Мысалы, сіз бір біріне доп лақтырып жатқан қыздардың арасына горилла кіргенін көрдіңіз бе? Көрген болсаңыз, есебіңізден жаңылып кеттіңіз. Ал байқамаған болсаңыз, демек санауды жалғастыра бердіңіз де, артқы перденің түсі өзгергенін және қара киімді қыздардың біреуі шығып кеткенін байқамай қалдыңыз. Бұл сіздің аңғарымпаздығыңыздың төмен екенін көрсетеді. Назар соқырлығы деп аталады екен бұл.

Мұндай нәрсе қоғамымызда жиі болып жатады. Әсіресе ақпараттық соғыс кезінде. Біз бір болмашы нәрсеге тым көңіл аударамыз да, басты, маңызды нәрселерді ұмытып кетеміз.
Әрі қарай

Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...

"Әңгіменің ашығында" бағдарламасында қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі- «ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, қала мектептерінен айырмашылығы, һәм кемшілігі мен артықшылығы» жайлы ашық әңгіме өрбіді. Келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Өз кезегімде мен де өз көзқарасымды білдіріп өттім. Ол былай:Блог - Madibekuly: Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...
Жалпы, ауыл мектептеріндегі ғана емес, жалпы еліміздегі барлық мектептердегі білім беру жүйесінің басты 2 проблемасы бар. Әрине, менің пікірім! Олар:
-Біріншісі- ұстаздардың қоғамдық мәртебесінің төмендігі. Осы себептен ойы ұшқыр, білімді жастардың 90 пайызынан көбі педагогика мамандықтарына бармайды. Несіне барсын? Егер ол саланың не қажеттілікті қанағаттандыратындай жалақысы, не қоғамда жоғары статусы болмаса. Соның кесірінен, қазіргі уақытта бұл саланың мамандықтарында ҰБТ-дан 60-70 балл жинағандар оқиды. Ойланып көріңіз, мектепті 3-4 деген бағамен бітірген жастан, болашақта қандай ұстаз шығады? Қазақ тілі, әдебиет, тарихты бұл жерге қоспай-ақ қояйық (оларды ниеттенген мамандар өздері ақ игеріп кете алады). Ал, математика, физика, химия секілді мамандықтарға түлектердің жоғарыдағыдай баллмен түсуі күмән туғызады. Олардан болашақта білім алатын оқушылар жайлы сөз қозғаудың өзі ұят…
-Екінші мәселе- баяғыдан келе жатқан, «шектен шыққан керексіз қағазбастылық». Анам- мұғалім болғандықтан мұны жақсы білем… Мектепке барып 2-3 сағат сабақ беру үшін, үйде отырып «таңның атысы, күннің батысы» қағаз жазып отырғаны. Аяп кететінмін. Міне, солай таңнан-кешке дейін дамыл таппай қағаз жазып, компьютерге телмірген ұстаздар физиологиялық, тіпті психологиялық тұрғыдан қатты күйзеліп, шаршайтыны анық. Ал осылайша шаршаған ұстаздардың мектепке барып, әрбір оқушының шалалығын жөндеп, еркелігіне шыдап, ерекше бір жаңашыл шығармашылық арқылы сапалы білім беруі- өте, өте қиын іс!!! Сондықтан, білімді әрі білікті жастарды тәрбиелеп шығару үшін педагогтардың қоғамдық мәртебесін көтеріп( ойы ұшқыр жастарды осы салаға тарту үшін), қағазбастылықты азайтып, ұстаздардың өз ісіне — шығармашылық тұрғыда, жаңа бір сапалы әдістерімен баруына жағдай жасауымыз қажет!!!
Әрі қарай

КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.
Әрі қарай

Ninety One тобын Шымкентке жолатпау дұрыс қадам ба?

Жақында жаңалықтарда Ninety One тобына Шымкентке кіруге тыйым салынды деген хабар тарап кетті. Осы орайда маған «Халық неге бұл жігіттерді ұнатпайды?» деген ой келді. Себебі бірден белгілі болады: киген киімдерін, шаш бояуын оңтүстік тұрғындары ерсі көреді. Бірақ тек осы себеппен ғана бұл әншілерді жеккөрген дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ менің видео жазбамнан көре аласыздар:
Әрі қарай

Алишер Хичкок. "Чмо в ауле Шеңгелді"

Менде бір керемет сюжет бар...: Алишер Хичкок. Чмо в ауле Шеңгелді
Об авторе
Рекомендовать читать Алишера Хичкока, этой — дешевой пародии на Стивена Кинга, и тут же быть проклятым вами? Нет уж, извольте. Просто иногда в зарисовках Алишера розовой нитью проходят какие то знакомые образы и события. Почему розовой? Помните, когда лук жаришь, он в начале так красиво розовеет?..




Алишер Хичкок. «Чмо в ауле Шеңгелді»

Было отвратительное осеннее утро. Антициклон с Китая вот уже неделю терроризировал небо и без того убогой село Шеңгелді. Фермер Уәйіс, еще считающий слово «фермер» неологизмом, а потому всегда представляющийся как «шаруа» или «жүрген бір қарақазақпыз ғой», традиционно выходил из дома под выкрики жены:
— Чмо же ты конченый!
Подходив к кусту, где он по очереди с любимой собакой Бөрібасар справляет малую нужду, он механически совершил ритуал, который длится уже сорок пять лет. Сначала стряхнул куст на предмет наличия ос и всяких тварей, которые могли ужалить за мужское естество. Потом рассматривал грунт па предмет опорожнения со стороны Бөрібасар, и увидев лужку — успокоился (это была такая, мужская-зоологическая солидарность, что ли). Убедившись в здравии единственного на свете друга, Уәйіс одной рукой достал сигарету, другой — член (он был амбидекстром, еще не зная этого слова). Озирая туманный даль, который еще скрывает пасторальный пейзаж его луковых полей, он не без удовольствия начал отпускать дым сверху и струи снизу. Почуствовав сзади пристроившийся в очередь Бөрібасар, он мысленно представлял его виляющим хвостом, и решил немного пытать, занимая место максимально дольше. Вдруг струйка резко остановилась. Причиной была нервный пьезоэлектрический импульс с головного мозга прямо туда. Дело в том, что за эти минуты туман рассеялся и на взор Уәйіс предстало… абсолютно голое поле!

Сказать, что Уәйіс охренел, значить ничего не сказать. Его руки и ноги тут же оказались под властью неуправляемой судороги. Резкий прилив крови к ушам дал возможность впервые в жизни не услышать упреки сварливой жены, которая тоже заметила, скажем так, пропажу.

Но боялся Уәйіс не этого вполненормального явления для сельской местности. Дело в том, что на днях какой то коммерсант оставил задаток в три миллиона теңге за пятьсот тонн лука. Как человек этот коммерсант сразу не понравился, странный какой то был. Торговался богом забытом захолустье и постоянно по мобильному говорил о политике. В его лексиконе как то странно сосуществовали слова «шіріген пияз болмасын, жақсы ма?» и «люстрация второго поколения управленцев»(?). Контрастные выражения этого крутого мэна дала понять, что человек запросто может пристрелить при срыве сделки.

Самые черные ожидания Уәйіс оправдались. Издалека замаячил «Nissan Patrol» и несколько грузовиков. Тут то Уәйіс и упал в обморок…

… Когда очнулся, он даже не удивился, что лежит связанной в багажнике. Ему оставался только смириться верной смертью и прислушиваться разговорам в салоне.

— Геройхан, ты обе руки связал этого чмо? — гаркнул кто-то.
— Зачем так строго, Мухтар, только одну руку привязал, а что? — ответил собеседник.
— Надо было оба связать, герой ты мой!
— Зачем?
— Потому что этот чмо — амбидекстр…
Әрі қарай

#көруге: Жаңа планетаның туылуы

Жапонияның Ұлттық астрономия обсерваториясының (National Astronomical Observatory of Japan) ғалымдары
Жерден 176 жарық жылына тең қашықта орналасқан ТВ Гидра (TW Hydrae) жас жұлдызының шаң-тозаңды бұлттарының арасынан планетаның «туылуын» байқады.
Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Ғалымдар шаң-тозаңды бұлттардың ажырап, олардың арасында планетаның пайда болуын
Чилидің Атакама жазығына орнатылған ALMA радиотелескоптар кешенінің (теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте) көмегімен көрген.

Төмендегі суретте планетаның туылуын көрдіңіз бе, шаң-тозаңның арасынан, сондай күшті!
Жаңа планетаның көлемі Нептунның шамасындай болуы мүмкін

Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Әрі қарай

Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

#QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло

Әлі есінде. Шешесі жылаған. Әкесі мұртын ширатып, қопаңдап қалды. «Менің балам, менің балам, өзіме тартқан».

16 жасында мектепті, 22-де магистратураны бітіріп, шетелге кетті. 27-ге толмай жатып бөлім, орда бұзбай тұрып бүтіндей бір департамент бастығы атанды. Әлгі шешесінің жылайтын кезі де осы.

Басқарма мүшесі. Топ-менеджер. Басында пәтер, астында көлік, алдында ауыр, қымбат ағаштан қиып жасалған үстел. Ағайынға беделді, құрылтайшылар алдында абыройлы. Бірақ…

Бірақ соңғы кезде көңілі орнында емес. Себебін білмейді. Білгісі де келмей ме, қалай өзі… Әйтеуір, әрең жүргенін түсінеді. Көрінген сөз шамына тиеді. Қит етсе қыртия қалады.

Оны қойшы. Бір үй орнындай аумағы бар кабинетінде қымбат вискиді сыздықтата жұтып, жуандығы бас бармақ сигараны жапырағын сытырлатып, бір басын қиып тастап, сорғылап, қою түтінін төбеге үрлеп отырып, неше түрлі роликтерді қарайтынды шығарды. Донбастағы жарылған үйлер, жол апаттарын түсіріп алған регистратор жазбалары, ондаған адамды жатқызып қойып, бауыздап немесе калаштың оғын себелеп өлтірген радикалдар, қойшы, әйтеуір, осыларды көріп, жүйкесі тынышталып, жаны жай табатын болыпты.

Тіпті бірте-бірте іздеп жүріп тауып, қарай бастады. Жиналыста, таксиде, ұйқыға кетер алдында, не керек, атқан таң мен өшкен шамның арасында осы типтес ең болмаса бір-екі роликті көріп алмаса, бірдеңе жетіспейтіндей болып тұрады.

Бір күні бұл жұмысқа балға алып келді. Шығып бара жатып былғары сөмкесіне сала салған болатын. Неге өйткенін өзі де білмейді. Қызық көрді ме екен…

Кірген бетте «Саламатсыз ба, Дидар Келгенбекович» деп орнынан ұшып тұрған хатшы қыздың басынан бір салды. Шалқалай барып құлаған мүрдеге мән берген жоқ, жалт бұрылды да, қабылдау бөлмесінде отырған, бұған таңырқап қарап қалған бөлім бастығына балғаны жіберіп қалды. Шеге қағып үйреніп қалған сайман шыр айналып, ауыр басымен шықшытты күтірлете сындырып барып қадалды.

Ентігін басып, екі иығынан ауыр демалып, төбеге қарап, талтайып тұрып қалды. Жымиды.

* * *

Полицияға бірінші болып диспенсердегі суды ауыстыруға келген қара жұмысшылар қоңырау шалған болатын. Оқиға орнына ұшып жеткен күштік құрылым қызметкерлері күдіктіні кабинетінен тапты. Қарсыласпады. Алдында жартылай ішілген вискидің бөтелкесі. Қолына кісен салынып жатқанда қайта-қайта «бақыттымын, бақыттымын» дей берді.

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло
Әрі қарай

Керек-Ринг 19/06/2016

19 маусым күні Бирхофф мейрамханасында кезекті ойын өтті. Сұрақтар командаларға мобильді қосымша арқылы берілді, жауаптар да солай қабылданды. Тартысты өткен ойында 9 ұпаймен Қазақстан халықтық коммунистік партиясының командасы жеңімпаз атанды. «Аустралия» (блогерлер, «Нұр, Мафия», «Нұр медиа» командасының ойыншылары) 7 ұпаймен 2-орын, ал тұрақты «Керек адамдар» командасы 6 ұпаймен 3-орын алды. Атышулы «Бақсы» командасы толық құрамда келмей, сәтсіз өнер көрсетіп, тұңғыш рет жеңімпаз атағын қорғай алмады.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

1 тур сұрақтары (авторы — Аршат Ораз):

1. Украин және белорус тілдерінде Кавун деп қарбызды атайды. Ал, олар нені Гарбуз деп атайды?

2. Коко Шанельдің сөзін жалғастырыңыз: “Мен сәнмен айналыспаймын. Өйткені, мен …”

3. Қазақстан коммунистік халық партиясы өз бағдарламасында КСРОның құлау себептері ретінде мемлекеттің 3 нәрсеге тым қатты араласуын атайды. Олар: Мәдениет, Ғылым және ...?

4. Ньюкасл Университетінің студенті Луи Эрнанның айтуынша біз өмірде көзімізбен көрмейтін нәрселерге көп сүйенеміз. Оның бір жобасы көзбен көрінбейтін нәрселерге арналады. Андроидқа арнап жасаған қосымшасы арқылы мынадай суреттер түсіруге болады. Ненің суретін?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

5. Орыс кавалериясының генералы Потто оны Шейх Шамильге теңейді, ал Семенов-Тян-Шанский Римге қарсы соғысқан Понтий патшасы Митридатқа ұқсатады. Жюль Верннің бір романына арқау болған бұл тұлғаға Қазақстан 2008 жылы 25 теңгелік марка арнады. Тұлғаны атаңыз.

6. Бұл спорт түрінде спортшылар жарыс алдында тырнақтарын алулары қажет, саусақтарына неке жүзігі немесе сақина тағуларына рұқсат жоқ, сағыз шайнауларына әсте болмайды. Қазақстан бұл спорт бойынша әлемде алдыңғы қатарларда. Ал, отандасымыз Илья Ильин әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Бұл қай спорт түрі?

7. «Ыссы, шаң. Шаң. Ыссы.» Соғыс жылдарындағы Алматы көшелерін өзінің танымал повесінде осылай суреттеген жазушыны атаңыз.

8. 1933 жылы кино мамандарымен кездесуде Геббельс бір фильм туралы “Бұл тамаша фильм. Кинематография тұрғысынан өте керемет. Өз ұстанымында әлсіз адамдар бұл фильмнен кейін большевик болып кетулері де ғажап емес” дейді. Фильмді атаңыз.

9. Актриса Линдси Лохан 6126 брендімен леггингс (лосины, тар фасонды шалбар түрі) шығарады екен. Бұл атауды өзінің сүйікті актрисасы Мэрилин Монромен байланыстырады. 6126-ның шешілуі қалай?

2 тур сұрақтары (авторы — Мерей Ермұханов):

10. Біреулер оны естігенде, атақты футбол клубын көруден үміт үзер еді. Бұл аралдың атауымен жазушы Джонрид Абдуллахановтың трилогия романы аталады. Аралдың тарихи атауы Сужоқ деседі. Аралды атаңыз.

11. «Бүкіл әлем тарының қауызына сияды».
Абай бұл фразасымен не айтқысы келген?

12. Жазушы Пабло Неруда ешбір құс аулаушы оны тоқтата алмайды деп жазған. Нені?

13. Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.

14. Назар аударыңыздар! Ойбастар!
Жауапты дәл атаңыз.
Бірнеше жыл бұрынғы апат нәтижесінде чилилік шахтерлер жер астында бірнеше ай жатты. Бірінші қажеттіліктегі заттармен қатар бір компания оларға жоғарыға шығардан сәл бұрын ОСЫларды жіберді. Ежелгі Қытайда соттар пайдаланған ОЛардың 200 мың данасын XVIII ғасыр соңында Наполеон Мысыр жорығы үшін тапсырыспен жасатты.
Ойбастарда не жатыр?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

15. Бірнеше интернет ресурс зейнеткерліктен кейін өмір бар ма? деген сыңайдағы мақалалар жариялағанын көріп, одан кейінгі өмірдің шартты екенін екенін алға тартады. Сұрақ авторының пікірінше, бұл тұжырымды олардан әлдеқайда бұрын осы ер кісі көрсетіп кеткен. Оны атаңыз.

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/201616. Rolan Garros турнирінің қатысушыларына берілетін қос сыйлық біреулерге италиялық жазушы-коммунисттің кейіпкерлерін еске түсірер еді. 1999 жылы біреуін чилилік Марсело Риос өзінің тыржиған түріне және сұхбаттарға қатысуға бас тартқаны үшін, ал екіншісін – күн шуақ секілді көңілді Алекс Корретха иеленді. Осы аталған екі сыйлықтың атауын атаңыз.

17. Фаина Раневскаяның нақыл сөзін толықтырыңыз.
«Икс – бұл бұттан молаға дейінгі ұзаққа созылатын секіріс».

18. Аустралияның Элис-Спрингс қаласында мына бір мүсін орналасқан (оң жақта суретте).
Бұл мүсін не жарнамалайды?

Сұрақтарға сіз де ойланып, еш іздеу жүйесінің көмегінсіз жауап беріп көріңіз. Ойын барысындағыдай сізде, әрине, 1 минут+1О секунд емес, әлдеқайда көбірек уақыт бар. Іске сәт!

Ойынның фоторепортажын мына жерден көруге болады.
Әрі қарай

Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Блог - e_zhalgas: Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

«Абшатса» — тығырыққа тірелген диалогты жекеге шығып, реттеуге шақыратын дөңайбат сөз. Көбіне мас ортада айтып, еркектер топ-топ боп отырған жерде пайдаланады.

«Атдуши» — өзінің сұқбаттасына айырықша ықылас білдіру үшін көтеріңкі көңілмен айтатын сөз. Көбіне мас не жағымпаз адамдардың лексиконында байқалады.

«Атвичаю» — ешкім сенбей тұрғанда, шешуші қару ретінде шайқасқа шығарып, бәрінің көзін жеткізуге тырысатын сөз. Ортада сөзіне ешкім сеніңкірей бермейтін персонаждардың лексиконында көбірек кездеседі. Мағыналас сөз: «железны».

«Атак» — өрбіп жатқан әңгіме ауанын өзіне қарай аудару үшін ерекше акцент қойылатын сөз. Бұл сөзді қолдану әдетте кейіпкердің жынысына қарайды. Көбіне қыздардың лексиконында бар.

«Бырат» — атын білмейтін, не ұмытып қалған адамға қарата ренжітіп алмау мақсатында қолданатын сөз. Бұл сөзді жасына қарамай бәрі айтады. Бірақ, жынысына қарайды, енді. Мағыналас сөз: «братуха», «братан»

«Смела» — өзіне қарата айтылған сұраққа не ұсынысқа «иә» деуден өзге амалы жоқ адамға қажет сөз. Көбіне тосыннан қойылған сұраққа абдырап қалған персонаждың кездейсоқ жауабы ретінде жүреді.

«Жосткы» — айтылып көткен диалогтың интонациясын жеткізген кезде өз сөздеріне айырықша сипат беру үшін керек сөз. Сондай-ақ болған оқиғаны көтеріңкі тонмен жеткізу үшін айтып жатады.

«Пастаянны» — бір айтқан сөздерін қайта-қайта айтудан жалығып кеткен адамдардың лексиконында кездеседі. Көбіне жүйкесі жұқаруға жақын кейіпкерлерде кездеседі.

«Радной» — әңгімелесіп отырған екі адамның арасындағы бір-біріне деген риясыз сезімдерін аңғартатын сөз. Ұзақ көріспеген персонаждардың арасында бұл сөздің қолданылуы екі-үш есе жиілеп кетеді.

«Натури» — айтқан сөздерінің өтірік қосылмағанын, боямасыз шындық екенін дәлелдегісі келетін сөз. Не кездейсоқ айтылған ақпараттың шын-өтірігін анықтау үшін айтылатын нақтылаушы мағынасы да бар.

Әзірге осы. Жалғастырыңдар, ал.
Әрі қарай