КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.
Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.

қаладағы сол ағаш күтіміне жауапты мекемелерге де оңай емес, ол көшеттердің бәрін күтіп баптау
сөйтіп, жыл сайын көшет егіп жатады, бір мекенге :)
но Астананың бір мақтана алатыны, ол айналасындағы: жасыл белдеуі
прям күшті, тәнтімін