YouTube Creator Day Almaty

Алматы өткен YouTube Creator Day Almaty жиыны не айтты?

Сонымен Қазақстанға youtube.com көңіл аудара бастады. Әзірге біздің аумаққа жасаған екі мүмкіндік:

Мына қыздардың оқырмандары 200-300 мыңнан асады :)

Блоггер ретінде қонаққа ресейлік LizzzTV 1 650 000 мыңдай оқырманы бар екі видео блоггер және Алматылық JenyaGeyn (210 000 оқырманы бар) каналының иесі келді. Блог жүргізу туралы ақылдарын айтып сұрақтарға жауап берді. (екі каналды да танымайды екенмін, басқалар кәдімгіде қуанып селфилетіп жатты))
Аз-маз ютуб қызықтарымен бөлісе отырайын:
Мысалы:
www.youtube.com/user/jaidarmanofficial
www.youtube.com/user/zhanasil
мына таксист жігітті ғана таныдым. :)
Қорытынды:
Меніңше қазақ тілінде танымал видеблогқа айналуға сұранып тұрған тақырыптар:
Тіркеу кезінде түсіріп жатыр еді, соңында ролик жасап көрсетті:

Сонымен Қазақстанға youtube.com көңіл аудара бастады. Әзірге біздің аумаққа жасаған екі мүмкіндік:
- Бірінші, енді www.youtube.kz деп терсеңіз сізге қате адрес деп көрсетпейді. Қазақстанға арналған ”Қазақстан” аумағында жүктелген ви
деолардың топтама бетін ұсынады.
- Екінші, ютубта видеодан тиын тауып жүргендерге пайдалы дүние. Бұған дейін қаралымнан ақша айналдыру үшін ресейлік не канадалық (бұл елдер мысалы ретінде алынды) компаниялар арқылы келісімге отырып. Оларға 20-30% табысты беріп келген еді. Өйткені ютубтың өзімен тікелей келісімге отыруға біздің аумақтың құқығы болмады. Енді сол мүмкіндік ашылды. Енді сіз ютубпен тікелей келісімге отырсаңыз түскен табыстың 100% ы өзіңізде қалады. Келісімге отыру үшін қаралым санына, жазылушы санына шектеу қойылмаған. Тек, табыс көлемі белгілі бір шекке жеткен кезде ақыны аударып отырады (50$ болуы керек). Бұл жерде сізге adwords.google.com қосымшасымен жұмыс жасауға тура келеді.

Мына қыздардың оқырмандары 200-300 мыңнан асады :)

Блоггер ретінде қонаққа ресейлік LizzzTV 1 650 000 мыңдай оқырманы бар екі видео блоггер және Алматылық JenyaGeyn (210 000 оқырманы бар) каналының иесі келді. Блог жүргізу туралы ақылдарын айтып сұрақтарға жауап берді. (екі каналды да танымайды екенмін, басқалар кәдімгіде қуанып селфилетіп жатты))
Аз-маз ютуб қызықтарымен бөлісе отырайын:
- Қазақстан аумағында алғаш рет «Түнде ұшқан ракетаның» видеосы жүктелген екен. Қай жерде түсірілген дүние екені айтылмады. Интернеттен таппадым.
- Ютубқа минутына 400 сағат видео жүктеледі.
- Соңғы кезде видеоларды гаджет арқылы қарау 50% ға көтерілген. (Жайдарманның каналында одан асып кетті))
- Әлемдегі ең оқырманы көп каналдың 39 млн жазылушысы бар.
- Ал біздің елімізде Саша Кет 348 000 жазылушысы бар. www.youtube.com/user/DynastyOfCat/featured
- Енді 360* та түсірілген видеоларды қарау мүмкіндігі бар. Мысалы: видеоны қарап отырмай ары бері бұрып отырыңыз.
Мысалы:
www.youtube.com/user/jaidarmanofficial
www.youtube.com/user/zhanasil
Ресейлік бір блогер автошолу жасағысы келіп бірінші қаласындағы tayota центрге барып өтініш жасаған екен. Олар өзінше болып мұны менсінбей, біраз жалындырып ақыры 5 минут машинаның жанында болуға рұхсаттарын береді. Өмір өте береді. Әлгі жігіт автошолу блогын түсіруді жалғастыра береді. Екі жыл дегенде әлгі tayota центрдің өздері хабарласып автошолу жасауға ұсыныс тастайды. Әрине ақысына)

Қорытынды:
Ерінбей видео түсіру. Танымалдылық қалыптастыру керек. Сол кезде жарнама берушілер өздері келе бастайды.
Меніңше қазақ тілінде танымал видеблогқа айналуға сұранып тұрған тақырыптар:
- Автошолу;
- Ағылшын тілін үйрету;
- Дін сұрақтарына жауап беріп отыру.
Тіркеу кезінде түсіріп жатыр еді, соңында ролик жасап көрсетті:
youtube кеңсесі Алматыдан ашылуы мүмкін. Әзірге техкөмек Мәскеу арқылы атқарылады.
5 пікір