Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов
bk
Бөлісу:

5 пікір

Daniar-Alan
Жәйремде адам тұрмай ма сонда?
ErzhanKhamitov
Жәйрем кентінде шамамен 10 мыңға жуық халық тұрады. Бір жылдары халық саны қала статусына жетерліктей болған екен. Бірақ, жұмыссыздықтан ба немесе қаладан қашықта тұрғандықтан ба халық тарап кетіпті. Содан болар бос үйлер көп.
asaubota
бірде Астанадан Қарағандыға электричкамен бара жатып, жолда адам тұрмайтын "өлік" қала көрдім. Соған барып көргім келеді
Basic
жолдағы намазхана ұнады
bake
Бақандай -бақан сөзін еске түсірдің,