Федерация "қызық" болады дейді



Қазақстан Футбол Федерациясы биылғы чемпионатқа өзгеріс енгізіп жатыр. Сол бұрынғыдай 12 команда жарысады, алғашқы этаптан кейін алғашқы 6 орынға іліккендер медальдарға таласады. Сол былтырғыдай. Тек бір өзгеріс еніпті. Бірінші этаптан кейін жиналған ұпайлар екіге бөлінеді екен. 2-ші этапқа солай жалғастырады. Мысалы бір команда 34 ұпай жинаса, 2-ші этапты 17 ұпаймен бастайды. Ал егер ұпай саны тақ болса, мысалы 33 болса, 2-ге бөлген кезде 16,5 болады. Бірақ сол жарымды бүтін қылып есептейді, яғни 17 ұпай болады.
Әрі қарай

Қалжыңдоттар



Әйелінің мысығынан құтылайын деп күйеуi мысықты қапқа салып үйiнен 2 км. алысқа апарып тастапты, үйiне келсе мысык үйiнде екен, қайтіп қапқа салып 2 км оңға, 5 км тiке, 15 км солға… апарып тастапты, сөйтiп үйiне әйелiне телефон соғып: «Мысық үйде ме?» деп сұраса, әйелі «Ия!» деп растайды. Күйеуі ызаланып «Трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым», деген екен.
Әрі қарай

Фәни мен бақи

Ақтөбелік ақын Сәтжан Дәрібайдың «Фәни мен бақи» жыр жинағындағы осы өлеңі жақсы әсер қалдырды. Сонымен сіздердің назарларынызға ұсынып отырмын.



Маңдай
Қамшы сабы-өміріңнің өлшемі,
Қандай қысқа, қойған екен жарытпай…
Қуанар сәт-ғұмырдың бір бөлшегі
Арқалар мұң табыттай
Әрі қарай

Көне телефон


Майқұдықтан қырық шақырымдай жердегі Қушоқы елді мекеніне осымен 3-ші рет табаным тиіді. Алғашқысында аласапыран заманда адасып қалған атамның туған інісін іздеп бардым. Одан кейін сол кісінің қайтыс болуына байланысты және кейінгі жолы (қаңтардың 22-сі,2011ж.) сол кісінің қырқына байланысты. Айтпағым бұл емес еді негізі. Қушоқы елді мекені басқа ауылдардан қазақ-орысы араласып кеткенімен ерекшеленбесе, басқадай ерекшеліктер байқай алмадым. Ағамыздың (әкеміз десекте болғандай) қырқын өткізіп жатқан асханада көне телефонға көзім түсті.
Әрі қарай

Қарттарым есен-сау жүрші...

Ауылда өскен бала болғандықтан ба, әлде жасымнан шалдың баласы болып (әкемнің әкесі, яғни атам)атының артына мінгесіп ауызашар, түрлі жиындарға барып өскендікі ме екен маған өз қатарымның әңгімесі көп қызық бола бермейтін. Үлкендердің айтқан әңгімелері әлі күнге есімде. Әттең, сол кезде бала болыппыз. Әңгімелерінің барлығын қағазға түсіре беруім керек еді.Қазір ойлап отырсам көп адамдарды көріппін. Біздің бір жамағайынымыз Бейімбет Майлиннің кенже қызы Розаға үйленген екен. Сол екі кісіні де көзім көрген еді. 60-шы жылдары Қытай асып келген туысқандарымыз да болған Біреуі тіпті қытай өкіметіне қызмет еткен полковник шеніндегі ақсақал еді.Кейінірек ҰҚК есебінде де тұрыпты дейді.Ол кісі қайтыс болған соң балалары жазбаларын жоғалтып алыпты. Шежіре жазумен айналысушы еді.Соғыс ардагерлерінің әңгімелері қызық болушы еді.Қазір ауылда көзі тірі ардагер жоқ. Қазір ауылға барсам шалдардың таусылып бара жатқанын көріп ішім ашиды. ашитын себебі бұл кісілерден соң жөні түзу шалда жоқ. Ауылда ең үлкен ақсақал 80 жастан асып отыр. ептеп ақыл-есін жоғалта да бастапты. Ол кісіден соң біздің аталар, жастары жетпістен асқандар. Бұл кісілердің өзі 5-6 ау қалыпты. 50-60 жас аралығындағы шалдарға көңілім тола қоймайды. Айтатын әңгімелерінің дәмі жоқ секілді.
Біз қандай шал болар екенбіз?!
Әрі қарай

Манеж алаңы оқиғасының ықпалы десек пе?



11 желтоқсан күні болған оқиғадан кейін Ресейдің біраз шайқалғаны рас..Әрине ұлт аралық қақтығыстардың болғаны қай мемлекет үшін болсын ойландыратын мәселе… Себебі ушығып кететін болса, басылуы қиынға соғады..Әсіресе Ресей сияқты үлкен және көп ұлтты мемлекет үшін… Сондықтан көрші елде болып жаткан оқиға бізді де елең еткізбей қоймады… Кеңес дәуірінде бір халықты құрап келгендер, бүгін бір-біріне дұшпан болып отырғаны әрмне қынжылтады… Себептер мен салдары әлі талдана жатар…
Әрі қарай

Азиадаға келген шетелдіктің ойлары

Twitter-ді тінтуірім тіміскілеп отырып, бір кісінің "қазақша мен орысшадан шаршадым" дегенін көріп кідіріп қалды.

«Бұған не көрінді?», «Кім екен?» деп ойланбастан, жауап жазып жіберіппін.

Кейін тиуттерін оқысам, Астанаға Азиядағы қатысуға келген екен. Мынадай билетім бар деп қуанып жүр.



Қазір сол пақырдың жазғандарын оқып жүрмін.
Әрі қарай

Торап әдебиеті еріккенің ермегі емес

Торап әдебиеті – көкейтесті ойлар айтылатын тілі орамды, дәл, көркем, бейнелі, жанды, көп өнер тоғысқан жазба әдебиеттің қоқсығынан ада таза әдебиет. Әдебиет – тумысынан жаңашыл жанр, жалпылық жанр екені торап әдебиетінде тіпті де сәулеленеді. Торап әдебиеті – информациялық қамытымы ең мол әдебиет. Торап әдебиеті – қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен ауыз әдебиетіне жан бітіреді! Торап әдебиеті — өміршең әдебиет. Бәлкім, қажет кезінде өшірем деп өшіре алмауың да мүмкін. Егер торап әдебиетімен айналысқыңыз келсе жазба әдебиеттің былықпа – былжырағын көтеріп келмеңіз. Торап әдебиеті – шындықты, нақтылықты сүйеді. Торап әдебиетіндегі шығармалар жақсы болсын, жаман болсын өзіңе және ұлтқа уәкілдік етеді. Сол үшін өзіңізге ерекше қатаң талап қойыңыз.
Әрі қарай

Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)

Блог - Orkenegro: Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)Ал, ағайын, Dabai.kz жобасына келіп қалдық! Алғашқы жазбам ретінде блогымда «байқаусыз» аты-жөні аталып кеткен ағамызға тоқтала кетсем деймін. Таак, туған жылы 1976, туған жері… тууф, не айтып кеттім, Ерлан Қаринді барлықтарыңыз білерсіз деген ойдамын. Иә, ресми лауазымы — бас партиядағы жауапты хатшы, дегенмен тұла бойы қазақ деп тұрған, нағыз ұлтжанды (ұлтшыл) азамат екенін қайталап айту керек емес шығар. Сол көкеміз Жаңа жылдан кейін «жастардың атынан биылға қандай ұсыныстарың бар, қаржы жағынан көмектесіп көрейін» дегені бар ма? Әрине, көптен көкейде жүрген блогшылар басқосуы туралы айта бастап едім, бірден қолдай кетті. Бұл жерде Ерлан Қариннің қазақы блогосфераның тынысын байқап, біраз блогты (қандай екені құпия :-)) мұқият оқып жүргенін ескертейік.
Әрі қарай

Бөтен әлем әңгімелері. Кіріспе

Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Кірісперте-ерте-ертеде…ерте болғанда осыдан шамамен он жыл бұрын болса керек, Алатаудың етегіндегі Алматы дейтін қалада Айжан атты кішкентай қыз өмір сүріпті. Жасының қаншада екенін білмедім, бірақ папасы мен мамасының айтуынша “Нешедесің?” сұраған адамға бес саусағын тарбитып көрсетуін осыдан үш жыл бұрын қойса керек. Айтпақшы, алты жасында мектепке барған Айжан осы мен әңгімелеп отырған сәтте екінші класты әне-міне бітірейін деп жүр екен. Сөмкесі өзінен дәу, шашын екі өріп алған осы бір кішкентай сары қызды көрші-қолаң қатты жақсы көретін.
Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Кіріспе
Айжанның әкесі сол бір дағдарыс жылдарында үйінің жанынан дүкен ашып, базардан тауар әкеліп сатып, алыпсатарлықпен айналыса бастады. Мектепте математикадан сабақ беретін мамасы да бәрін тастап жолдасының бір жағына шығуды жөн көріпті. Екі этажды, ел арасында “хрущевка” аталып кеткен үйдің бірінші қабатында орналасқан Айжандардың дүкені әп дегеннен-ақ айналадағы тұрғындардың тыным таппай сауда жасайтын орнына айналады.
Әрі қарай