Көне телефон
Майқұдықтан қырық шақырымдай жердегі Қушоқы елді мекеніне осымен 3-ші рет табаным тиіді. Алғашқысында аласапыран заманда адасып қалған атамның туған інісін іздеп бардым. Одан кейін сол кісінің қайтыс болуына байланысты және кейінгі жолы (қаңтардың 22-сі,2011ж.) сол кісінің қырқына байланысты. Айтпағым бұл емес еді негізі. Қушоқы елді мекені басқа ауылдардан қазақ-орысы араласып кеткенімен ерекшеленбесе, басқадай ерекшеліктер байқай алмадым. Ағамыздың (әкеміз десекте болғандай) қырқын өткізіп жатқан асханада көне телефонға көзім түсті.
Телефонның тұтқасы шойыннан жасалған. Салмағы 1 келіден асатын шығар. Сөйлесуге арналған жері ет тартатын машинаның ауызындай терең екен. Қай жылдары ілінгені бір Аллаға мәлім. Сол жердің қызметкерлерінің айтуынша бертінге дейін істеп тұрған екен. Телефонның қызық көрінгені сонша суретке түсіріп алып сіздерге ұсынуды жөн көрдім.
6 пікір