Азиадаға келген шетелдіктің ойлары
Twitter-ді тінтуірім тіміскілеп отырып, бір кісінің "қазақша мен орысшадан шаршадым" дегенін көріп кідіріп қалды.
«Бұған не көрінді?», «Кім екен?» деп ойланбастан, жауап жазып жіберіппін.
Кейін тиуттерін оқысам, Астанаға Азиядағы қатысуға келген екен. Мынадай билетім бар деп қуанып жүр.
Қазір сол пақырдың жазғандарын оқып жүрмін. Дубайды көрген, өзін канадалықпын деп таныстырған. Қазір Абу Дабиден келіпті. Шамасы Канадада хоккейге жаттыққан жан деп түсіндім.
Мына бір туитті осы суретке қатысты жазыпты. Жобамен аудармасы былай: «Баяғы әнге қайта бастым. Жаңа елде жаңа сыра! Қазақстанда. Бұлар Азиаданың демеушісі» «Балтика» сырасының мойнына да Азиада алқасын тағып қойыпты.
Бүгінгі туитінде: «Таңғы аяз. Әзірге осы. Астана. Рингке бара жатырмын… Қайтадан» депті.
Жолың болсын, Ли! Астананың қысында құлағың тонып қалмасын. Жылы киініп жүр дейміз енді… Ертең ТВ-дан көріп қалсақ, өзіміздің dabai-дағы Ли ғой деп отыратын болайық :)

давай осы кісіні «жұлдыз» қылып жіберейік. интервью алайық сосын.
Егер бір жерде Азиадаға келген спортсмендер тізімі болса, арасынан іздеп көрсе болады.