Офистегі қарым-қатынастар

Иии, анау факстасу деген бар ғой? Жжж, жжж дегізіп факс алмасу мысалы. Сөйтіседі екен бір мекемедегі бір кісі. He fax me every day, дейді әріптесінің жасайтынын меңзеп. Қазақшалағанда «Ол маған Құдайдың құтты күні факс жолдайды» дегені. Факс алмасу айшылық жердегі құжатты тез алудың мықты дәнекері. Маған қолайлысы – мейілдесу…


Кеше ЕҰУ студенттері арасында жыл сайын наурыз айында өтетін «Қыз Жібек — 2011» байқауы өтті. Бұл байқау қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында былтырғы жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Ұлттық нақыштағы мұндай шаралар іш пыстырып жібереді деп ойлап қалмаңыз. Кеше залда, сенсеңіз, ине шаншар жер болмады. 4 сағаттық байқауды тік тұрып көргендер қаншама… Залға симай, сыртта есік теуіп қалғандар қаншама! Шабарманымызды алдын-ала жарты сағат бұрын жібергеннің өзінде, орынды орта жақтан алдық.

