Блогыма не деп ат қойсам болады?

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин. Блогоним (blog – блог, ὄνομα onoma) – есім) – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады. Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты.
Қазақ блогтарын жіктегенде, негізгі мыналар (менің топшылауым) көзге түседі.

Әрі қарай

Біз де ұйымшыл боламыз)))

Аршаттың «5 адам жиналса рахмет» деген сөзі қамшы болып, жұмыстан шыға сала таксилетіп «Тағамға» бардым, Қарақыз екеуміз қабаттаса кірдік))). Біразы жиылып, сыйлықтарын алып үлгерген екен, Қарақызға да футболка бұйырды әйтеуір. Таң қалғаным, бұрын көрген блогшылардың арасында әріптесім Азамат жүр)) «Блог ашам» дейді. «Дауай» дедім. «Дауай» демекші, тағы екі құрбымды блог жүргізуге үгіттеп қойдым, Өркен айтпақшы «Астаналық блогшы қыздардың санын срошно арттыру керек». Аршат әдейілеп оларға деп екі папка берді, аванс ретінде))) Басқа да тың ойлар айтылды, ол енді құпия әзірге. Келесі құрылтай да тілге тиек болды. Алматылықтардан қалай озып… қалыспай, жақсы өткізуге болады деген сияқты)))
Ия, айтпақшы, біздер де енді жиі-жиі кездесіп тұруға келістік, "імммә" деп қояйын!
Әрі қарай

Аптобуста 2 САЙЛАУ

Автобус. Лық толған адам. Қарт кісі орын іздеп тұр…

— Ей, балам! Өзің Назарбаевтың туысы емессің бе?
— Ұқсаймын ба, ата?( ыржыйған ысмайыл)
— Орныңды ешкімге бермейтініңді айтам да…

Пы-сы қ: 27 жыл өмір сүріп бір рет болсада сайлауға қатысып, дауыс бермеппін…
Әрі қарай

Көмек керек!!!!!!!!!!!!!!!

Құрметті керекинфошылар!
Маған Совет: «Out of sight, out of mind» немесе из глаз долой, из сердце вон деген мақалға қазақша балама тауып беріңдерші.
Әрі қарай

Бұны көрген де, көрмеген де "арманда"

Осыны көрсеңіз, 13 891-ші көрермен болайын деп тұрсыз. Сатыбалдының “Өріккен өрнегін уқалайды” деген бейәдеп мақалы бар еді… Соған салып, Ютубтен Салтанат Бақаеваның атын тере салып едім, мына бейне атып шықты.



Шыны керек, Бақаеваның түр-келбеті маған ұнайтын қыздардың образына жақындау енді. Ұнайды сәл-пәл. Бірақ, бұнысы жүрегіме қанжар сұғып алғандай болды. Неге бүйттің, Бақ-ае-ва деп бақылдасам, болмас. Ана “ айс, айс бэйбиді” айтқан мәмбеттерді қойш. Ерігіп жүрген еврей “ Боратты” буындырып өлтірердей боламыз, міне арамызда жүр екен ғой браттары. Бұған не дейсіздер?

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/17/%d0%b1%d2%b1%d0%bd%d1%8b-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b4%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b4%d0%b5-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0/
Әрі қарай

Әртіс футболшылар

13 наурыз күні Милан — Бари матчының алдында Газетта делло Спорт газетінің акциясы өтіпті, қоғамдық маңызы бар акция болуы керек. Ойын алдында футболшылар алаңға шығып әртістік әрекеттер істей бастайды. Қараңдар, қызық!

Әрі қарай

Бол да бол!

(28.58 Kb, 364x383)

— Ассаллаумаликеееееммм!!!
— Молда бол!
— Аға, көрдіңіз бе, қылауы түспеген су жаңа темір айғыр алдым!
— Жорға бол!
— Мәскуищ болса да, тас жолда құйын болам ғой!
— Волга бол!
— Жапошкалар сияқты рөлі оң жағында да емес…
— Солда бол!
Әрі қарай