...келе жатыр...

Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр. Біздің ғарышкерлеріміздің де ғарыш саламыздың да оңып жатпағаны белгілі. Бірақ, тойшыл қазақ осы күнге орай мерекелік шара өткізбесе ішкен асы бойына сіңбейді. Бәрі дұрыс қой. Айтатын әндерге келсек… дені орыс тілінде. Гагариннан бастап әйтеуір Олжастың «Адамға табын жер ендісімен» аяқтап жатамыз. Менің өтінішім, ғарыш жайлы, ғарышкерлер жайлы қазақша әндер бар ма? Саят Қамшыгердің сөзіне жазылған балаларға арналған " Мен ғарышкер боламын" атты ән бар деп естідім. Бар болса бөлісе отырсаңыздар.
Әрі қарай

Қазақстан ЖІӨ-нің қазіргі қауқары...

Қытай осыдан бірнеше күн бұрын өзінің ЖІӨ-ін (ВВП) 23 провинция, 5 өзін-өзі басқаратын өлке, тікелей орталықтан басқарылатын 4 ірі қала және 2 арнайы әкімшілік аймақтары ( Гонкгонг, Аомынь) бойынша жіктеп, оларды әлемнің басқа мемлекеттерінің бір жылдық ЖІӨ-мен салыстырып көрсетті. Бұл салыстырмалы көрсеткіштерді Англия экономистері де келтірген екен. Қазақстанның ЖІӨ Қытайдың қай аймағының ЖІӨ-мен пара-пар келетінін төмендегі кескіннен көре аласыздар. Аударманы қажет етпейтін бұл кескіндер тізбегі сондай-ақ ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішімен жалғаса келіп, сыртқы экспорт және халық санының тығыздығы бойынша салыстырған кескінмен аяқталады. Алайда Қазақстанның халқының санының Қытайдың бірде-бір провинциясының халқына тең келе алмағандықтан болар, бұл кескіндемеге ілінбепті. Жалғасы
Әрі қарай

Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Сіз

Сіз

Үлкен Жарылыс
       Осы парақты аударып жатқанда, саусағыңыз қағаздың кейбір нүктесіне тигенін сезесіз. Саусағыңыздың әсерінен сол нүкте қызады. Сіз оны елемейсіз, бірақ қызу бар. Микроэлементтер әлемінде қызу әсері электрондарды қозғалысқа келтіреді. Электрондар өз орбитасын тастап, басқа микробөлшектермен соқтығысады.
Әрі қарай

Критериі не болды екен?

мына жерде Жители Казахстана по итогам американского исследования признаны самым красивым народом на планете — депті амрикостарың. Бір жерімізге(Көк Өрік Таусылды) май шелпекті төсей төсей келе ар жағынан не ойлап тұрғанын бір аллам білер. Қонақжай ақжарқын пейілімізді ұтымды қолданып кетпесін пәлелерің. Жер шарын онсызда шаршатып бітірді :-(
Негізінде, тектілік ұлтымыздың мақтанышы — сондықтан сұлу халық шығармыз, оған себеп
Әрі қарай

Шақшаның мәні...

Біздің ауылда Құсайын деген шал бар (шалбар емес кәдімгі ақсақал). Сол кісінің қалтасында екі шақша жүреді екен. (Шақша-насыбай салуға арналған ыдыс, мүшеқаппен шатастырмаңыз).Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
Әрі қарай

.......................

Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.

Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?

Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Әрі қарай

Қобыз

Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың қобыз аспабы бізге еш өзгеріссіз аман-сау жетті. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Осы қобызымыз келер ұрпаққа аман-сау жете ме? Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады.
Әрі қарай

Адамдар көп ауруды ниетінен табады

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Бақытсыздық, барлық ауру, кедейшілік, тағдырының құбылмалылығы адамдардың
мінез-құлқының жақсы, жамандығына, ой-өрісінің биік, таяздығына, таным – түсінігінің тар, кеңдігіне, ерік күшінің мықты, әлсіздігіне, рухани жан
Әрі қарай

Баяғыда...

Баяғыда осы уақытта қолымыз күс-күс болып асық ойнауды бастап кететінбіз.Екі метр жер қарайса жетуші еді бізге. Қолымыз жарылып, тілім-тілім болып қаны шығып тұрушы еді. Оны жусаң ашиды. Өтірік -өтірік жуа саласың. Кешкісін қаймақ жағып бір жұмсартып аласың. Бүдір-бүдір қолмен мектепке де бара беруші едік))))
Дәл осы уақытта әріректе етектері желп-желп етіп қыздар «мак» ойнап жататын… Олардың қолы жарыла ма жарылмайма білмейм енді.
Әрі қарай