Әлө, бұл маяк...

Қалта телефондарының қазақстандықтардың барлығына дерлік қол жетімді бола бастаған кез. Бір студент досымыз да (бізде студентпіз әрине) өзіне сотка алды. Полифания, түрлі-түсті дисплей… керемет опшым! «Былай хат жазасың»,«былай звандайсың», «маяк тастасаң бірлік кетпейді» деп жамырап білгенімізді айтып жатырмыз. Бәріміздің ақылымызды миы қабылдап үлгермеген болуы керек кешке анау туысқандарына, былай звондапты:
-Әлө, бұл маяк… Мен ғой (атын айтады) маякпен звондап тұрмын единитса кетпейд дейді ғой.Айта беріңіз. Апамдар аман ба? Қасқа аттың аяғы жазылды ма...?
Маягы тегін болмаған досымыз келесі күні бізбен сөйлеспей қойды)))
Әрі қарай

Ресей аспаздарын шеберліктерін арттыру үшін Қазақстанға жіберу керек!

Мына кісінің Қазақстан туралы айтқаны шындыққа жанасатын сияқты. Ал әлемді билеп-төстеуші кім екенін қайдам… Ана кісілердің азан шақырып қойылған аттары осы кісі айтқандай болса, қызық екен.

Әрі қарай

BarCamp пен BlogCamp.



Өздеріңіз білетіндей 15-17 сәуір аралығында Алматыда Орталық Азия елдерінің блоггер, системчик, сайт жасаушылар яғни интернетке жақын адамдардың жиналысы немесе бас қосуы болды.
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 1



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп атайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керегін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін» (Ниса сүресі, 165-аят).
Әрі қарай

Ауылдың айтқыштары

Есейген сайын, алыстағы ауыл жадымда бұлыңғыр тартып, көмескіленген сайын, әлі де есте қалғанды місе тұтып, соларды жаңғыртқанды ұнатып тұратын кездерім болады, қазіргі кезде нағашымның ауылында 11 үй ғана қалды, мен танитын, мені танитын ағайлардың басым көпшілігі бақилық болған, «Google Earth» бағдарламасынан сол ауылды қарап отырсам, кіп-кішкентай боп көрінеді екен, бала кезде маған үлкен болып бейнелетін, дегенмен, балалық шақ алдамапты, үлкен әлем екен.

Кеше, бір атайдың жазбаларын оқып отырып, есіме көп адамдар түсті, кейбір айтқыштардың айтқаны жадыма орала берді:

Ел жақта Ыбырай деген жігіт бар, бірде түні бойы ішіп, үйіне таң ата кеп ұйықтап жатса, әкесі келіп жекіпті:
-Әй, жетпегір, не жатыс, тұр, малды өріске шығар, су әкел.
-Әке, ауырып жатырмын, өзің істей салсаң,-деп басын қайтадан көрпемен бүркепті Ыбырай. Әкесі осы сөздеріне ренжіп:
-Қайдағы ауру? Сенікі сатып алған ауру!!! Жетесіз!
Сонда Ыбырай:
-Қателесесің, әке, ол кәмерсанттан қарызға алған ауру, ақшасын беру керек,-деген екен.

Ыбырайдың мақал-мәтлдерінен: Жылы-жылы сөйлесең кәмерсантта арақты қарызға береді.

Сабыр деген атай болатын, тілі ащы, бір көзі қисық(соқыр), бойы тәпелтек, қолының қыстырмасы жоқ емес-тін.
Бір көзі жоқ сол атай ауылдағы клубта пеш жағушы (кочегар) болып істеді, көмірді араққа сатып, пешті дұрыс жақпаса керек, зав клуб Күләш (екі көзі екі жаққа қарап тұратын қитар болатын) сельсоветтің бастығына (қазіргі ауыл әкімі) шағымданыпты, сонда Сабекең:
-Бұл мәселеге забклуб екеуміздің көз қарасымыз екі түрлі деген,- екен.

Жайылымнан соғымға жылқы әкелген жылқышыға(Пфайфер деген неміс) арақ пен төлемекші болған ұлы Сабырдан «бір бөтелке берейін бе?»,-деп сұраса, Атай:
-Не, екі қолын екі бөлке ұстатайын деп пе едің,- депті.

Үйінде құдалық болып, той-томалақ кезінде бір жеңгейі ән шырқай беріпті (даусы керемееет жәмән еді, маймылдың шарылдағанындай), содан әбден шаршаған Сабыр есік жаққа қарай кетіп бара жатқан әйеліне айғай сапты:
-Әй, Жібек, есікті аш! Есікке мысық қысылып, өлейін деп шарыладап жатыр!!!
Әрі қарай

Әңгіменің ашығы...

Жер домалақ, монитор төртбұрышты деген осы екен. Мына әлемнен тура өз ауылдасымды табамын деп кім ойлаған! Қарағанды емес, Майқұдық емес өзіміздің Жаңаарқаның адамы! Ол ауылдасым -a63a1 екен! Общым, мен ол үшін тұрам! Оған минус қойғандарың маған минус қойғандарың, маған плюс қойғандарың маған плюс қойғандарың… Не боп кетті өзі. Негізі ол менсіз де жүре алады да. Жәй, қолтыққағыс құлаққағыс қылып жатырмын да))))
Әрі қарай

Флешка - диктофон

Назарларыңызға аты тым ұзақ «2GB Flash Drive Memory Spy Audio Digital Voice Sound Recorder» цифлік флешка диктофонды ұсынбақпын. Бұл флекшканың ішінде шпиондық цифрлік диктофон бар. Гаджеттің 2Гб жадысы бар, бұл тек аудиожазуға ғана емес құжаттар сақтауыңызға болатын ыңғайлы құрал.

Бағасы $19.99 екен. Стол үстінде жатып 5 метлік аумақтағы дыбыстарды сапалы жаза алады. Барлық дыбыстық файлдар WAV форматында жазылады. Ішкі жадының көлемі 4,5 сағаттық әңгімені сыйғыза алады. Жалғыз айыбы оның ішкі 120mAH Li аккумуляторы 1,5 сағатқа ғана жетеді екен.
Әрі қарай