BarCamp пен BlogCamp.
Өздеріңіз білетіндей 15-17 сәуір аралығында Алматыда Орталық Азия елдерінің блоггер, системчик, сайт жасаушылар яғни интернетке жақын адамдардың жиналысы немесе бас қосуы болды.
Негізінде, осы жиынға BlogCampпен салыстыру мақсатында барғам. Бұрындары да барып көргем, бірақ ол кезде ұйымдастыру, не тақырып маңызды, неге басты назар аудару керек деген ойда болмаппын. Міне, блогкэмпты өткен соң басқада жиындардың мақсатын ұға бастағандаймын.
Сомен, BarCampке 1500 адам тіркелді деді ұйымдастырушылар. Рас адам өте көп болды, презентация өтетін аудиторияларда орын болмады. Сонан соң талқылау қатты болды, тіпті ұрысқа жалғанған жағдайлар орын алды.
Қазақ тілді BlogCampпен салыстырғанда біз әлі бастаушы деңгейде екенімізді мойындау керек сияқты. Бір жағынан біздікі тек блоггерлер жиыны екенінде ұмытпағанымыз жөн шығар.
Қайтадан BarCampке келер болсам, өзім қатысқан презентациялар бойынша:
1. 3D анимация арқылы киім өлшеп көру. КБТУ дың Gap тобы ұсынды. Демек бұл арқылы сіз үйде отырып-ақ дүкеннен кез келген киімге өз размеріңізді айтып 3д-да өлшеп киіп қарап көре аласыз, әрине бұл үшін сізде камера болу керек. Идея ұнады, қызығушылар көп болды.
2. PR и не только: Работа в интернете. негізінен бұл презентацияда Орталық Азия елдерінде интернет қолдану санақтары және өз тауарыңызды жарнамалау үшін блоггерлерді қалай пайдалану, олармен қалай жұмыс істеу жолдары айтылды. Негізі мен үшін ең пайдалы презентация болған шығар.
ҚЗ-дағы ең танымал блоггерлер.
Бірақ сайттар, блогтұғырнамалары жайлы сараптамалырында кемшіліктері тек орыс тілді сайттарды ғана сараптап шыққан. айтпақшы осы жерде блоггерлерге ақша төлемеңіз деген сөз болды. Неге? Ол кісілердің ойынша: блоггер — хоббиін күйттеп жүрген жан, ол маман емес. Демек сізді олар турға, өздерін жарнамалауға шақырады, ақысына сіз жарнамалайсыз, блогыңызда олар туралы жазасы сомен әңгіме бітті. Бірақ сіз сол компанияға тұрақты PR-щик боп қаласыз, зато сізді тұрақты блог-турға шақырып тұрады. Тура, осы жерде блоггерлер шу шығарды :).
Атпақшы пайдалы ақпарат: KZ- доменін қолданушылар – 60 000, Kg – доменін қолданушылар -2 000, Uz- доменін қолданушылар – 11500, Az- доменін қолданушылар – 10 000 екен.
Содан кейінгі қатысқан презентацияларымның бәрі интернет арқылы ақша табу, сайтты танымал ету сияқты болып кетті.
Сомен қорыта келгенде, BarCamp жақсы өтті. Қырғызстанның өзінен 80 адам келіпті.
Ең басты ұққаным презентация жасаған кезде аудиториямен жұмыс жасай білу керек екен, мастер класс жүргізе білу керек сонда сенің презентацияң қызық болады.
мен бүгін жазғым келіп еді, жұмстар көп болып жаза алмай атрмын…