Әлө, бұл маяк...

Қалта телефондарының қазақстандықтардың барлығына дерлік қол жетімді бола бастаған кез. Бір студент досымыз да (бізде студентпіз әрине) өзіне сотка алды. Полифания, түрлі-түсті дисплей… керемет опшым! «Былай хат жазасың»,«былай звандайсың», «маяк тастасаң бірлік кетпейді» деп жамырап білгенімізді айтып жатырмыз. Бәріміздің ақылымызды миы қабылдап үлгермеген болуы керек кешке анау туысқандарына, былай звондапты:
-Әлө, бұл маяк… Мен ғой (атын айтады) маякпен звондап тұрмын единитса кетпейд дейді ғой.Айта беріңіз. Апамдар аман ба? Қасқа аттың аяғы жазылды ма...?
Маягы тегін болмаған досымыз келесі күні бізбен сөйлеспей қойды)))
Бөлісу:

6 пікір

edige
100 ден 1 бөлік маяк тастайтындар да бар.
Скрытымен маяк тастап артынан хабарласпадың деп ренжитіндер жетерлік.
satibaldi
Қораның маңына отыра салдым нақ)))))))))
edige
Осы 101 102 103 экстренныйға симка керек емес дейд. збандап көрсем бекен ойнап…
a63a1
911 ды да көре сал
Ottegin
Менің Кенжеғұл деген жолдасым бар, нағашымның ауылынан, бірге өстік деуге болады. Көкшетауда сол ұялы телефондарды алғашқы болып сата бастағандардың бірі. 2000 ж. Ауылдағы бір жолдасымыздың үйлену тойына қонақ болып бардық, сол тойда жаңағы күйеу жігіттің ағасы, жасы сол кезде 35-ке келген Мереке деген жігіт жүр екен. Өзі-мент, мақтаншақтау болатын. Тойдың ортасында болатын антракт кезінде темекі тартып тұрған біздермен амандасты әлгі Мереке, содан соң қалтасынан телефонды алып шығып біреуге збандады, виртуалды сұхбаттасына жекірді, ақырды, ақыры өкірді…
Кенжеғұлдың жүзінде алдымен таңданыс пайда болды, содан соң ішек сілесі қатқанша күлді.
Не боп қалдғанын сұрап ем, «Біздің ауылда ұялы байланыс жоқ»,-деп қысқа қайырды.
konvict
Waka waka! ондай қызықтар біз жақта да болған