.......................

Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.

Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?

Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Бөлісу:

6 пікір

Janasil
Біздің де ілінуіміз күмәнді секілдіғой!!!
Nurgisa
Кеше «Астана аренада» Локомотив пен Ақтөбе ойнады. Есеп 1-0, алаң иелерінің пайдасына шешілді матч.
seken
Локо сонша күшейіп кеткен бе?
Nurgisa
Жоқ, баяғы қалпы сияқты. Шымкенттік Т.Нөсербаевтің келгені күшеюге жата ма екен?
patick
Нөсербаев айтарлықтай өзгеріс әкеле алады деп айта алмаймын. Қазір әлі емделіп жүр ғой.
Бұл жерде Ақтөбе аса күш салған жоқ деп ойлаймын. Жалпы Ақтөбе барлық күшін чемпионат соңына таман салады ғой.
Nurgisa
:) кеше бірінші таймның соңына қарай үлгердім. «Ақтөбе» фанаттары гүрілдетіп жатыр екен. Кезінде Аршат екі әдемі шарфын сыйға тартқаны бар еді. Фанаттар арасында Аршаттың мини-нұсқасы Әминді де көрдім. «Ақтөбе, Ақтөбе» деп қояды.

Биылғы фавориттің сапында бес қараторы ойыншы барын байқадым. Екеуі қорғаныста, екеуі орта шепте, біреуі шабуылға ойысқан.

Футболда «Барселоналар» да жңіліп жатады ғой. Кеше негізі астаналық клубқа төрешілер жақтас болды дей алмас едім.

Чемпионаттың бар қызығы алда әлі. «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Жетісу» алтынды өзара сарапқа салатын сияқты алғашқы турларға қарап бағамдасақ.